Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет30/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Ұйымның белгіленген мақсаттар мен міндеттеріне жетуі. 
Көрсеткіштері: 
а) ұйым қызметінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұны бір бірімен 
келісілген; 
б) ұйымның мақсаттары диагностикаға бағынады; 
в) бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың механизмдері 
бар.
Өлшемдері:
бақылау, сұрастыру, құжаттарды зерделеу. 
Ұйым қызметінің ресурстық қамтамасыздығы. 
Көрсеткіштері:
а) нормативтік-құқықтық базасының сапасы;
б) ақпараттық-әдімстемелік қамтамасыздықтың сапасы, меншікті 
талдамалардың және инновациялардың болуы; 
в) кадрлық қамтамасыздықтың күйі мен ұйымдағы кадрлық саясаттың 
болуы; 
г) қоғаммен (общественность) байланыс; 
д) басқа бірлестіктермен, ұйымдармен, билік органдарымен байланыстары; 


59 
е) материалдық базаның болуы. 
Өлшемдері:
құжаттарды зерделеу, сараптамалық бағалау. 
Бағдарламаларды әзірлеуде мақсатты тұжырымдауды үш деңгейінде 
орындауға ұсыныс беріледі. Мақсаттардың бірінші деңгейі 
мемлекеттің, 
қоғамның оның түрлі әлеуметтік топтарының қалыптасып жатқан жеке 
тұлғаның қоғамдық идеалына қатысты әлеуметтік тапсырысын көрсетеді.
Мақсаттардың екінші деңгейі
– 
бұл әрбір білімділік бағдарламасы, білім беру 
ұйымдарының түрлері мен типтеріне арналған мақсат. Мақсаттардың үшінші 
деңгейі – бұл балалармен күнделікті қарым-қатынас және педагогикалық іс-
шараларды өткізу барысында жүзеге асып отыратын педагогикалық 
мақсаттардың өзі. Олар белгілі жағдайларда нақтыланып, өзара байланысқан 
міндеттер арқылы сипатталады. 
Бүгінгі күні түрлі деңгейлерде мақсаттардың келіспеушілігі, сонымен 
қатар олардың гуманистік мәнінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру 
құралдарының сәйкессіздігі, мақсаттарды құралдармен шатастыру орын алуда. 
Ұйымның жұмысын бағдарлама бойынша орындау.

Бағдарлама бойынша жұмыстың жемісті болуы тек оқушылардың 
белсенділігіне 
ғана 
емес, 
педагогтың 
тәрбиеленушілердің 
қызығушылықтарына пайдалы бағыт берудегі ептілігіне, оның педагогикалық 
ықпалына да байланысты. Жұмыс барысын ұйымдастыру өз құрамына түрлі 
бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қалыпты қызметі мен өзара 
әрекеттестігінің қамтамасыздығын енгізеді. 
Ұстаздарға балалар ұйымы бағдарламасын жүзеге асырудың әдістерін 
меңгеру қажет. 
Дәл осы мәнмәтінінде әдістер дегеніміз – бұл ересектер мен балалардың 
өзара әрекеттесуінің реттелген амалдары, олар бағдарламадағы мақсаттарға 
және міндеттерге жетуге бағытталған. 
Педагог пен балалардың бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы 
пайдамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін келесі әдістер 
қолданылады


балаларда балалар бірлестігі жағдайындағы жүріс-тұрысының және 
қызметінің әлеуметтік тәжірибесін ынталандыру мен мотивациялаудың 
әдістері; 

балалардың жүріс-тұрыс тәжірибесін алуы үшін жағдай жасау әдістері 
(рөлдік ойындар, тренингтер, білім беру ситуациялары); 

ұйым мүшелерімен жүріс-тұрыс және пайдалы қызмет тәжірибесін 
санасынан өткізуіне ықпал ететін әдістер (талдау, түсінік беру, түсіндіру, 
ұғындыру, сұхбаттасу, талқылау, бақылау және т.б.). 
Ұйым жұмысының бағыттарын анықтауда неге ерекше назар аудару 
қажет? 
Қазіргі заман балалар бірлестігінің немесе ұйымының маңызды 
міндеттерінің бірі ретінде өз бетінше қызметке икемді, ақапараттық қанығу, 
қатал бәсекелестік, жағдайында, стандарттан тыс ситуацияларда өмір сүруге 


60 
және жемісті әрекет етуге, демократиялық қоғамдағы саяси үдерістерге қатыса 
отырып, полимәдениетті кеңістіктің рухани-адамгершілік ұстанымдарына 
ілесіп алған әлеуметтік тәжірибесін ептілікпен және өз бетінше пайдалануға 
қабілетті адамды дайындау шығады. 
Көптеген елдердегі тәжірибені басшылыққа алып, алдыңғы қатардағы 
шаралар қатарында осыған байланысты балалардың және жастардың ол үшін 
қажетті білімдерді және дағдыларды меңгеруі үшін жағдай жасауды анықтап 
алуға болады. 
«Өмірлік дағдылар» түсінігі нақты ғылым санатына шықпайды және 
белгілі бір мәніне ие емес. 
Өмірлік дағдылардың кең ауқымды мағынасында азаматтарға олардың 
қажеттіліктеріне қарай білім алуға және еңбек етуге, өзгерістерге әлеуметтік 
тұрғысынан беймделуге, сау-саламатты болуға, елімінің қоғамдық және 
экономикалық өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін дағдылар, яғни 
жеке тұлғаның тұрақты азаматтық айқындамасының және әлеуметтік 
белсенділігінің қалыптасуын қамтамасыз ететін дағдыларды түсінеміз. Сол 
себептен балалар ұйымының егеменді Қазақстандағы білім беру жүйесі 
дамуының қазіргі кезеңіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет