54
форматында анықтаса (бұл белгіленген мақсаттың 5 белгісінен құрылған
аббревиатура).
Оның әрбір сөзі smart мақсатты белгілеудегі бағыттардың бірін білдіреді.
Өз алдына мақсатты белгілеудің Smart әдісі әрбір бағытты түсінуді, оны
мақсатты белгілеуде толық ашуды көздейді. Ал «смарт» сөзінің өзі қазақ тіліне
«ақылды», «зияткерлік» деп аударылады.
SMART-
мақсат келесідей болуы тиіс:
S (specific) –
нақты, дәл, формулировкасы екі ұшты айқын емес ойға жол
берілмеуі керек.
M (measurable) –
өлшенетін, мақсаттың формулировкасында жұмыстың
мақсатқа қол жеткізу бойынша нәтижелерін өлшеп отыруға мүмкіндік беретін
санды көрсеткіш болуы тиіс.
A (attainable) –
қол жетімді, оны өз күшімен іске асыру күмән тудырмауы
керек.
R (relevant) –
балалар мен ересектер үшін мәнді, мақсаттың шешіміне
ұстаздарды олардың негізгі міндеттерінен қол үзуге негізді себеп болуы үшін,
мақсат мейлінше өзекті болуы тиіс.
T (timebounded) –
уақыты
бойынша шектеулі, мақсат уақыттың белгілі
кезеңіне қойылуы тиіс.
Қосымша өз
мақсатын
экологиялық
тұрғысынан тексеріп көру қажет: өзге
адамдар сіздің осы мақсатқа қол жеткізгеніңізге қалай қарайды? Ол кімге
ұнамауы мүмкін? Бұл сіздің мақсатқа қол жеткізуіңізге қандай әсер тигізуі
мүмкін?
Смарт мақсаттарды белгілеу техникасының барлық бағыттардың өзара
тығыз
әрекеттесуін, олардың бірін-бірі толықтырып, іскерлік жарамдылығын
көздейтінін есте сақтаған абзал.
«Ақылды» мақсаттарды белгілеуде smart-жүйенің маңызды бір ережесі
ретінде көңіл –күйдің көтеріңкі болуы. Пессимизмге берілген, өз күшіне
сенімсіздікті білдіретін пікірлерге жол бермеу керек.
Педагогтар мен балалар
шығармашылықпен ойлап, қалыптан тыс, бірегей шешімді табуға үйренуі
керек.
SMART
технологиясы белгіленіп қойған мақсаттардың сапасын бақылауға
алу үшін арналған, бірақ ол мақсатты тұжырымдау түрінде де пайдаланыла
береді.
SMART жүйесінің көмегімен мақсатты тексеру немесе белгілеудің
алгоритмі келесідей көрініс табады:
Мүмкін мақсаттардың тізімі жазылады және
нәтижелердің ерекшелігін
сәйкестендіру (оны нақтылап сипаттау) жүргізіледі (S);
Мақсаттардың әрқайсысына негіздеме беріледі, педагог әрбір мақсаттың
оның қызметі үшін мәнділігін бағалайды, ол үшін мақсаттардың
маңыздылығын бағалау үшін жеке критерийлер әзірленуі мүмкін (мысалы 10-
балдық шкаласымен) (А);
Педагог мақсаттың
қол жетімділігін болжамдап, оның дәрежесін
бағалайды (R), мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігін санмен бағалауды, қол
55
жетімділігінің түрлі еселіктерін және т.б. қолдануға дейін (мысалы, 10- балдық
шкаласымен);
Мақсаттардың әрбіреуі үшін көрсеткіштердің тобы таңдалады – бірақ
үшеуінен артық емес (көрсеткіштердің үлкен саны қолданылғанында,
оларды
негізгі және қосымшаларға ажырату қажет), жетістікті өлшеу және бақылау
үшін (М). Осы аралық нәтижелердің өлшем критерийлерінің мейлінше ыңғайлы
болғаны дұрыс;
Таңдалған мақсаттар үшін оларға қол жеткізудің дер мерзімдері
көрсетіледі, содан кейін мақсатқа жетудің аралық кезеңдері бөліп көрсетілетін
жоспар жазылады (Т).
Мақсаттың формулировкасының құрамына мыналар кірмеуі керек:
-
арнайы терминдер, олар нақты мақсатты іске асырумен байланысты
қызмет аясындағы кәсіби білімі жоқ тұлғаларды оны түсінуін қиындатады;
-
еркін және бір мәнді емес ұғынуына
жол беретін терминдерді,
түсініктерді және сөз тіркестерін;
-
ең стратегиялық мақсатқа жетудің салдары ретінде шығатын басқа
мақсаттарға, міндеттерге, әсерлерге және нәтижелерге сілтемелерді;
-
мақсатқа жетудің жолдарының, құралдарының және әдістерінің
сипаттамасын.
Дұрыс белгіленген мақсаттардың жүйесі балалар мен жастар үшін өзекті
қажеттіліктерді
көрсетіп, оларға жетудің құралдарына тәуелді болмауы тиіс.
Мақсаттарды түзуге деген осындай көзқарас оларға қол жеткізудің мүмкін
амалдары және құралдарын таңдаудағы еркіндіктің жоғары дәрежесін көздейді
(яғни әрбір мақсатқа жету амалының көп санын болжамдайды).
Балалар ұйымының жұмысында нені бөліп көрсету керек? Мысалы:
-
танымдық және шығармашылық белсенділіктің белгіленуін;
-
балалар ұжымындағы өзін –өзі басқару жүйесінің даму деңгейін;
-
балалардың өз ұжымына қанағаттануы, ұжымның даму деңгейі;
-
баланың жеке тұлғасының рухани жете қалыптасуы;
-
баланың жеке тұлғасының азамттық қасиеттерінің жете қалыптасуы;
-
балалардың әрекетке ынтасының деңгейі мен мазмұны және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: