Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет28/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Бағдарламаның мазмұны. 
Бұл тараулардың көмегімен алдағы қызметтің мақсаттары мен міндеттерін 
іске асыру болжамдалып отырған жұмыстың негізгі нұсқалары мен әдістерін 
сипаттамасын құрайды. Әдетте, міндеттерді басшылыққа алып, мазмұны 
бірнеше бөліктерге – өз бетінше дербес тараулар түріндегі блоктарға, 
модульдерге, бағыттарға, қосымша бағдарламаларға бөлінеді. 
Бағдарламаның нақты тарауында балалар ұйымы алға шығарылған 
мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?» 
жасайтыны туралы сұрақтарға анық жауап берілуі тиіс. Бағдарламалардың бұл 
кезеңінде педагог белгіленген мақсаттарды және міндеттерді түрлендіріп, 
тәрбиелік жұмыстың сәйкес нұсқаларына аударуы тиіс. Таңдалған нұсқаулар 
белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сай келуі керек. 


56 
Балалар ұйымы (бірлестігі) қызметіндегі бағдарламаның мазмұны әдетте
танымдық, шығармашылық-сауықтыру, спорттық, экономикалық –құқықтық, 
рухани –адамгершілік және басқалары секілді бағыттары бойынша, сирек 
жағдайда – балаларды ұйымдастырудың түріне қарай (жеке, топтық, көпшілік) 
құрылымдарымен құрылады. 
Бағдарламаның бұл бөлігінде жоспарланған іс –шаралар, істер, сонымен 
қатар олардың өткізілу жиілігі мен кезегі көрсетіледі. 
Бағдарлама тым толық талдауды талап етпейді, өйткені бұл ақпарат тек 
тәлімгердің (балалар қозғалысының ұйымдастырушысының) жоспарында ғана 
көрсетіледі, ол нақты және толық сипатта жүреді. 
Қызметті ұйымдастырудың құрылымы.
Бұл тарау өз бетінше ұйымдастырушылық модель түрінде беріледі, онда
ұйымның бағдарламаны іске асыру барысындағы қызметті ұйымдастыру 
құрылымына сипаттама беріледі: оны басқару, бағыну жүйесі, ішкі және 
сыртқы үстемділік иерархиясы (жасақтар, топтар, командалар). 
Жеке тарау өзін-өзі басқрауды ұйымдастыруға арналуы мүмкін. 
Жүзеге асыру механизмы (даму қисыны, бағдарламаны іске асыру 
тәртібі)
анағұрлым күрделі тараулардың бірі болып табылады. Ол түпкі ойды, 
бағдарлама идеясын іске асыру бойынша әрекеттер жоспарының сипаттамасы 
түрінде болады (нені істеу керек, қандай тәртіпте, қандай мерзімдерде және 
қандай күштердің көмегімен). 
Бағдарламаны іске асырудың ішкі және сыртқы 
механизмдерін ажыратады

Іске асырудың 
ішкі механизмы 
балалар ұйымының (бірлестігінің) меншікті 
күштерінің және ішкі резервтерінің қолданысын, ал 
сыртқы механизм
– 
қандай да бір күштердің сырттан қатысуын көздейді. 
Осы тараудың басты тағайындалуы – қағазда көрсетілгеннің барлығын 
балалар ұйымының шынайы әрекетінде қалай жүзеге асыруға болатынын 
ойластыруда. 
Іске асыру жоспары

бұл талдама үшін анағұрлым күрделі тараулардың 
бірі. Ол бағдарламаның түпкі ойын, идеясын өмірге келтіру бойынша 
әрекеттердің жүйесін сипаттау түрінде болады (не істеу керек, кіммен кездесу 
керек). Ондай тараудың басты тағайындалуы қағазға түсірілгенді балалардың 
және жасөспірімдердің шынайы әрекетіне айналдыруды ойластыруда; қалаулы 
нәтижелерге жету үшін, қандай әрекеттерді, кім, қандай мерзімдерде, қандай 
ресурстарды пайдаланумен орындауы тиіс. 
Бағдарламаны іске асыру 
жоспарын (механизмын) әзірлеу жұмысы келесі кезеңдерден құрылған

Қамтамасыздығы бағдарламаның нақты міндетін шешуге мүмкіндік 
беретін шарттарды анықтау


ұйымдастырушылық шарттар — бұл бірлестіктің жаңа органдарын, 
құрылымын құру (кеңес, уақытша шығармашылық топ, клуб және т.б.); 

ғылыми-әдістемелік шарттар — бұл қажетті білімдерді және ептіліктерді 
меңгеру, бір нәрседен қажетті біліктілікті алу (біліктілікті арттыру курстарына 
қатысу, нақты кеңесші-мамандарды шақырту және т.б.); 


57 

материалдық-техникалық шарттар — бұл балалар ұйымының табысты 
жетістігі үшін қажетті құралдарды құру (техникалық жабдық, орын, 
қолданбалы материал және т.б.); 

ынталандырушы шарттар — бұл балалардың және ересектердің 
белгіленген міндеттердің шешіміне қызығушылығын қалыптастыруға 
бағытталған әрекеттер; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет