Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет32/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Ситуативтік жүріс-тұрыс дағдылары.
Бүгін біз әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістердің оң және теріс салдарын атап отырмыз. 
Саяси және рухани өмірдің демократиялануы қылмыстың өскен, қауіпсіздік 
мәселесінің шиеленіскен жағдайында өтуде. Қызықты, алуан түрлі, сонымен 
қатар алдын ала болжамдауға жатпайтын және қатыгез өміріміз бүгінгі күні 
ситуациялық жүріс-тұрыс дағдыларын шыңдауды талап етеді. Оған қоса, 
зерттеу анық түрде төмендегілерді көздейтін дағдылардың жеткіліксіз 
қалыптасқанын анықтады: 

жылдам жауап қайтару; 

эмоцияларын басқару икемі; 


62 

күшін жинақтау және көрсетілген күшке түрлі амалдармен қарсы тұру: 
тойтарыс беру, көмекке шақыру, қашу, көңілін басқаға аударту, күтпеген 
жерден қайсарлықпен әрекет ету. 
Салалуатты өмір салтының дағдылары.
Қауіпсіздік проблемасы тек күш 
көрсеткен жағдайлармен ғана шектелмейді. Күнделікті тұрмыста баяу әсерлі 
қауіп төндіретін өзге де факторлар бар, олар: нашақорлық, маскүнемдік, темекі 
тарту, жұқпалы аурулар. Осыған байланысты СӨС-ың дағдыларын 
қалыптастыруға назар аудару қажет: 

теріс ықпалға қарсы тұру; 

зиянды заттегілерді және өнімдерді пайдаланудан бас тарту; 

ерте жастан жыныстық қатынастарға түсуден бас тарту; 

қауіпсіз жыныстық қатынастарға таңдау жасау; 

дәрілік препараттарды таңдау; 

салауатты тамақ түріне таңдау жасау; 

инъекцияларды қабылдау. 
Әлеуметтік және азаматтық дағдылар.
Нақты топты талдау барысында 
зерттеушілермен оң бетбұрыстар анықталды. Полимәдениетті Қазақстанның 
жағдайындағы ұлтаралық қатынастардың көп жылдық тәжірибесі
оқушылардың басым санында сәйкес дағдылардың шыңдалуын қамтамасыз 
еткен. Оқушылардың түрлі санаттарында өзара көмек көрсету, аяшулық және 
уайым білдіру сезімдері жақсы дамыған. Оған қоса, ұжымдық шығармашылық 
дағдыларының дамуындағы жоғары деңгей және гендерлік мәселелердегі 
сауаттылықтың артуы аталды. Сонымен қатар азаматтық дағдылардың 
қалыптасуы аясындағы теріс бетбұрыстардың дамуын тоқтату қажет болып 
отыр. Осылайша, мысалы, сұрақ қойылған балалардың және жасөспірімдердің 
жартысынан астамы құқықбұзушылық, жанжал, төбелестерде енжарлы 
айқындамасын жақтайды. Оны оқушылар менталитетіндегі құқықтық 
нигелизмнің тұрақты айқындамасымен түсіндіруге болады. Оқушылардың 
көбісі дауларды сындарлы көзқараспен шешуге, сұхбаттасын тыңдауға 
қабілетсіз, қоғамдық тапсырамалар мен жұмыстардан бас тартып қашады. 
Осылайша, келесі дағдылардың шыңдалуына назар аударған дұрыс: 

дауды татулықпен, жанжалсыз шешу; 

келіссөздерді жүргізу; 

өз құқықтары мен мүдделерін заңды қорғау; 

азаматтық қоғамдағы жүріс-тұрысын қадағалау. 
Жұмысқа орналасу, өзінің ермегін табу, кәсіби бейімделу дағдылары және 
мәнсаптың дамуы.
Нақты зерттеудің міндеттері бар өмірлік дағдыларды 
талдаумен шектелген жоқ, оның барысында жұмыс табу, өзінің ермегін табу, 
кәсіби бейімделу және мансапты дамыту дағдыларының қалыптасуына 
арналған жағдайлар да зерттеуге алынды. Осы бағытта оң бетбұрыстардың 
дамуы үшін дұрыс алғы шарттарды белгілегенді жөн көрдік. Сұрақ 
қойылғандардың берген жауаптарын талдау негізінде келесідей бетбұрыстарды 
анықтауға болады: 


63 

қайсыбір кәсіпті таңдаудағы ара қатынастың оқушылардың 
қызығушылықтары мен қабілеттерін талдаудың пайдасына аудару; 

мансаптық өсуіне бағдар алу; 

кәсіби білімді алуға, соның ішінде оны арттыруға және қосымша білім 
алуға қажеттілікті сезіну; 

жұмысқа орналасу амалдарындағы ара қатынастың түйіндеме құру және 
байқаулар енгізуде қабылдауға аударылуы. 
Өмірлік дағдылар ішіндегі нақты санаттың қалыптасуы келесі бағыттармен 
жұмысты күшейтуді талап етеді: 

еңбек нарығындағы бос орындар туралы ақпарат көздерімен жұмыс 
жүргізу дағдыларын шыңдау; 

еңбек нарығындағы жағдайды бағалау және оны болжамдау дағдыларын 
қалыптастыру; 

сұхбаттасу барысындағы жүріс-тұрыс дағдыларының қалыптасуы; 

түйіндеме құру дағдыларын қалыптастыру; 

кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру; 

экономика негіздері мен құқықтық мәдениет негіздерін зерделеу; 

оқу қызметі мен шетел тілдерін үйрену бойынша дағдыларын дамытуды 
жалғастыру. 
Осыдан толыққанды азамат, заманауи қоғамның мүшесі үшін қажетті 
өмірлік дағдылардың жиынтығы мен оларды қалыптастыру бойынша 
қиыншылықтардың мен бағыттарының шеңбері мейлінше үлкен және алуан 
түрлі. Бір тізімге жиналып, олар біздің күнделікті тұрмысымызда балалармен, 
жасөспірімдермен жүргізілетін жоспарлы және жоспардан тыс жұмысымызға 
басқаша қарап, оны белгілі жүйеге түзуге көмектеседі, онда маңызды және 
екінші қатарлы істер болмайды, оның әр күні ен әр сағаты әлеуметтік 
тұрғысынан белсенді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасу үдерісіне 
мақсатты бағдарлы ықпалын тигізеді. 
Идеал түрінде Қазақстандағы балалар ұйымдары «Мәңгілік Ел» 
құндылықтарына, бейбітшілік, өмір, денсаулық, мейірімділік, игілік, еңбек, 
мәдениет және т.б. секілді гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықтарға және 
т.б. бағдар алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет