15
Нақты бағыттағы қызметтің мазмұны келешек өмірінде, кәсіби қызметінде,
әскер қатарында табысты түрде іске асыру үшін тәрбиеленушілердің әлеуметтік
өзара әрекеттесудің жаңа білімдері және біліктерін алуы үшін ынталандыру
шарасы болып табылады.
Балаларды және жасөспірімдерді спорттық бағытқа тарта отырып,
педагог оның елдің ұлттық қауіпсіздігі секілді «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
меңгеруге көмектеседі
.
Балалар мен
жасөспірімдер ұйымындағы
шығармашылық дамыту
–
шығармашыл тұлғаның жаңа мүмкіндіктерін тудырудың және оларды
шындыққа айналдырудың шексіз үдерісіндегі маңызды бағыттардың бірі.
Шығармашылық – бұл жеке тұлғаның өз орнын табу нысаны; бұл дүниеге
деген ерекше, қайталанбас көзқарасын білдірудің мүмкіндігі. Нақты жағдайда
қоғамдық ұйымдардың жетекшілері балаға өзін «ашуға», өзінің ең жақсы деген
қасиеттерін танытуға, мейлінше өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін
іске асыруға
көмектесуі тиіс. Дүние танымының үдерісі ретінде шығатын шығармашылық
поэзияның, көркемсуреттің, саздың, бидің өзара байланысы арқылы жақсырақ
орындалады, олар өзінің болмысында шығармашыл тұлғаның барлық жақтарын
дамытуы тиіс, олар: қиял, түйсік, эстетикалық талғам және эмоциялық аясы,
көркемдік суреттеу ойы, құбылыстарды тұтас
қамту және оны синтездеуге
қабілеттілік. Дамудың дәл осындай іргетасы мектеп жасында, шығармашылық
қызмет үдерісінде, дарынды жастар слеттерінде, түрлі бағыттағы конкурстарға
қатысу арқылы қаланады.
Ұйымның міндеті – балаға оның өмірге деген шығармашылық көзқарасын
сақтап қалу.
Жылдам өзгеруге бейім дүниеде, дамудың қозғалтқыш күштерінің
бастылары қатарында өмірдің әлеуметтік, экономикалық аясында да
жаңашылдық шығып, онда басты орын қиял мен шығармашлыққа берілуі тиіс,
себебі олар адам еркіндігінің айқын белгісі болып, жеке жүріс-тұрыстарды
стандарттарға бағындыру нәтижесінде өзгеріске ұшырауы мүмкін.
ХХІ ғасыр
дарындылар мен жеке тұлғалардың алуан түрлілігін қажетсінеді, ондай
жағдайда сөз кез-келген өркениеттің дамуында қажетті болатыны күмән
тудырмайтыны біртуар адамдар туралы ғана көтеріліп қоймайды. Осыған орай
балалар мен жасөспірімдерге эксперимент жасау,
көркемсурет және мәдениет
аясындағы жаңалықтарды ашу мүмкіндіктерін беріп, олар адамзат қызметінің
осы аяларында алдыңғы ұрпақтар немесе замандастар қолымен жасалғаны
туралы қызықты әңгімелерді толықтыратындай болуы тиіс [12].
Осы бағытта балалар «Мәңгілік Ел» - Бұл Тарихтың, Мәдениеттің және
Тілдің Бірлігі» құндылығына тартылады, олар үшін өмірдің құндылықты негізі
–
Достарыңызбен бөлісу: