Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет10/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Еңбек анағұрлым толық ашылады. 
Қоғамдық қызмет 
– 
бұл балалар бойында жеке тұлға қасиеттерінің, 
көзқарастары мен ұстанымдары жүйесін қалыптастыруға бағытталған мақсатты 
әрекет. Осы бағыттың міндеті – балалардың, жасөспірімдердің ортасында 
қоғамдық бірлестіктер қатысушыларының түрлі әлеуметтік белсенділігінің 
үлгілерін көрсетіп, таныту үшін жағдай жасау. 


16 
Балалардағы қоғамдық бастамаларды дамыту қағидаларына қойылатын 
талаптар: 

Міндеттілік. Қызмет қағидаты – балаларда нақтылықты және 
міндеттердің дер кезінде орындалуын тәрбиелеу; 

Құзыреттілік. Бұл қағидаттар өз құрамында бір уақытта және 
кезектестіріп қолданылуын көздейтін кешенділік талабын көрсетеді. 
Күрделілігі әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге оқыту жүреді. 

Тең мәнділік. Бұл қағидат – балаларда жақынына көмек көрсету және 
еңбекке сүйіспеншілік білдіру қасиеттерін тәрбиелеу. 
Түрлі қызметтердің қоғамдық мәнді мақсаттары оқушылармен 
қабылданып, олардың меншікті мақсаттары қатарына қосылуы үшін мыналар 
қажетті: 
-
әр баланың бойында қызметтің қоғам үшін мәнді мақсаттарын 
қабылдауын қамтамасыз ету; 
-
оқушылар бойында қандай да бір қызмет түріне қосылуға ынта 
білдіруге ықпал ету, оның барысында қоғамға мәнді мақсаттар белгіленіп, іске 
асырылады; 
-
әр оқушының қосылған әрекет түрінде табысқа жетуін қамтамасыз ету; 
-
оқушы қызметінің нәтижесін қоғамда танылуын және бағалануын 
қамтамасыз ету; 
-
олардың бойында жаңа қоғамдық мәнді мақсаттарды іске асыруға 
бағытталған «мейірімді істер» аясын өздігінен кеңейтіп отыру қажеттілігін ояту 
болып табылады. 
Бағыттың жетекші нұсқалары ретінде жобалық қызмет, волонтерлік 
қызмет, әлеуметтік жобалау шығады. «Мәңгілік Ел» құндылықтары нақты 
бағытта терең меңгеріледі, өйткені мектеп оқушылары меншікті жобаларын, 
бастамаларын әзірлеп, оны өмірге енгізу құқығына ие, олар үшін бұл жағдай 
өзінің орнын табу және келешектегі табысты әрекеті үшін маңызды шарт.
Қоғамдық қызметтегі балалар ұйымының өзектілігі дәл осы ерекше 
әлеуметтік-педагогикалық қызметте - әлеуметтік тәжірибе жинақтауда. 
Әлеуметтік тәжірибе құндылықтар мен жеке тұлға ұстанымдарының 
жиынтығы ретінде адамның өзге адамдармен, қоршаған ортамен өзінің 
тіршілігінің экономикалық, саяси және рухани аяларында өзара әрекеттесуі 
нәтижесінде қалыптасады. Әлеуметтік сынақтар әлеуметтік тәжірибенің 
қалыптасуындағы негіз болып табылады. Бұл нәтижесінде балаға қандай да бір 
мәселені шешу қажеттілігі туындайтын жағдайлар: рухани таңдау, қызметті 
ұйымдастыру амалын таңдау, әлеуметтік рөлін таңдау және т.б. Осындай 
жағдайда бала үшін бір қиындық туындағанда, және оны өздігінен шешу үшін 
жағдай жасалғанда, өзін-өзі тәрбиелеудің әдісі ретінде әлеуметтік сынақ 
(сынау) үшін мүмкіндік туындайды [15].
Әлеуметтік сынақтар адам өмірінің және оның әлеуметтік байланысының 
барлық аяларын қамтиды. Осындай жағдайға қосылу барысында балаларда 
белгілі бір айқындама мен әлеуметтік жауапкершілік қалыптасады, олар 
келешекте әлеуметтік ортаға қосылу үшін негіз болады. 


17 
Әлеуметтік тәжірибе әлеуметтік шынықтыру қағидасы арқылы
, яғни 
балаларды шынайы немесе еліктеген жағдайларға тарту арқылы іске 
асырылады, онда мыналар қажет: 

әлеуметтің теріс ықпалына бағынбау үшін ерік-жігер күшін; 

әлеуметтік иммунитет; 

күйзеліске төзімді рефлексивті айқындама; 

күрделі жағдайда өзінің жүріс-тұрысының бірнеше нұсқасын жобалай 
білу қабілеті. 
Балалар ұйымындағы әлеуметтік мәнді қызмет үшін жағдайлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет