Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

 
 
 


20 
2. 
Балалар мен жасөспірімдер жұмысын жоспарлау механизмі. 
Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы іс-әрекетті жоспарлау 
негізінде қызмет етеді. Қоғамдық бірлестіктің ұйымдастырушылары ретінде 
шығатын ересектерге жоспарлау механизмдерін білген абзал. 
Жоспарлау механизмдері дегеніміз – бұл жоспарлы шешімдер 
қабылданатын және олардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етілетін 
құралдардың, әдістердің, амалдардың жиынтығы. 
Механизм құрамына: 
1 - 
мақсаттар, міндеттер
2 – 
жоспарлау функциялары 
3 – 
жоспарлау әдістері кіреді. 
Бүгінде балалар қозғалысында асыра ұйымдастырылған іс-шаралардың 
педагогикасы емес, инновациялық қатынастардың жаңа педагогикасы бой 
көтеруде. 
Жопарлауда, негізінде балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары 
мен олардың көшбасшыларының инновациялық, жобалық, әлеуметтік – 
түрлендіруші қызметін ынталандыру жататын заманауи технологияларға 
сүйену; немқұрайлы көзқарастан, шешімдерді өктемдікпен қабылдаудан
қандай да бір ойластырылмаған, іс жүзінде орындала алмайтын әрекеттерді 
зорлап міндеттеуден арылу қажет. 
Балалар ұйымының көшбасшысы «өктемшілік» емес, «бедел» қағидасы 
бойынша әрекет етуі тиіс. Басты қорытынды «қоғамдық бірлестіктің ортасы» 
жеке 
тұлғалар 
жүріс-тұрысының 
зияткерлік 
және 
эмоционалдық 
ұстанымдарын, оларды белгілі бір құндылықты бағдарларын күшейтіп оятатын, 
белгілі бір мақсаттары бар және өзінің арқасында белгілі бір салдарын 
қарастыратын қызметке тарту арқылы қалыптастыратынында. Қызметтің 
мақсаттарына сәйкес, бір заттар мен қылықтар жоғары құндылықтың 
объектілері болып, ал өзгелері жат көрсетіледі. Анағұрлым терең құндылықты 
пайымдаулары адам белсенді қатысатын жағдайлармен, сонымен қатар, 
өзгелермен өзара әрекеттесуде ақпаратпен үздіксіз алмасу үдерісінде 
қалыптасады [19]. 
Мақсат –
бұл қызмет нәтижесін саналы көрсету түрі. Басқа сөзбен 
айтқанда, бұл іске асырылуға жататын идея. Бірақ барлық идеялар мақсат бола 
бермейді. Ол үшін екі шарт: 

идея мақсатқа айнала алады, егер ол адамның немесе бірлестіктің, 
ұйымның және т.б. қажеттілігі ретінде танылған; 

оны іске асыру үшін қажетті жағдайлар бар болған жағдайда орындалуы 
қажет. 
Балалар бірлестігінің жарғылық мақсаттары нақты қызметінің мақсаттарын 
ажыратады. Балалар бірлестігінің жарғылық мақсаттары – адамдарды 
біріктірген ой. Жарғы мақсаттары жиі жағдайда жалпы сипатта жүріп, негізінде 
балалар бірлестігінің негізгі құжатында, оның жарғысында тіркеледі. Балалар 
бірлестігі үшін өзекті мақсаттың бір нұсқасы ретінде қоғамды қандай да бір 
бағытқа түрлендіру шығуы мүмкін. Бірақ мақсатты белгілеуде өз күшін дұрыс 


21 
бағалай білу керек, алдымен қоғамды қандай да бір оның бөлігінен, мысалы, 
мектептен, шағын ауданнан, ауылдан, қаладан және т.б. бастаған дұрыс. 
Міндет
– 
бұл жеке мақсат немесе кіші мақсат. Бұл мақсатты нақтылаудың 
шарасы, оған қол жеткізудегі бір қадам. Әрбір белгіленген мақсат пен міндет 
келесілер орындалатындай тұжырымды табуы тиіс: 
-
нақты кезеңде (немесе белгілі құралдың көмегімен) неге қол жеткізілуі 
қажеттігі анық болуы керек; 

оның шешімі үшін шынайы мүмкіндіктер мен шарттар болуы; 

оны шын мәнісінде де оның белгіленген мерзімінде шешудің (қол 
жеткізу) мүмкін болуы; 

іске асырушыларды оған қол жеткізу бағытындағы әрекеттерге тартудың 
(мотивациялау) болуымен сипатталады. 
Мақсат (жарғылық болсын, нақты әрекеттегі болсын) қысқа, анық, 
түсінікті, оң шешімде белгіленуі керек [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет