24
-
бастаманы, қызығушылығын білдіруге және өзінің жұмыстарды
ұйымдастырушы ретінде шығу (тек бір затты ойластырып алу қажет -бастама
мектеп, ауыл, қала, өздері үшін пайдалы да, мәнді болуы шарт);
-
бір-бірімен, ересектермен әрекеттесу жүйесінде белгілі бір әлеуметтік
рөлдерді, нормаларды, айқындамаларды меңгеру;
-
есеюге, өздігінен дамуына ұмтылысын іске асыру;
-
ұжымдық әрекеттесу үлгілерін меңгеру
мүмкіндіктерін береді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын жоспарлау ересектерге
не береді?
Жоспарлаудың беретін мүмкіншіліктері:
-
тәрбиеленуші тұлғасына ықпал етудің педагогикалық мақсатын,
стратегиялық және тактикалық мақсаттарын нақты түсіну;
-
нақты
жағдайды, өз мүмкіншіліктерін және ұйымдастырылуы қажет
балалар ұжымын алдын ала зерделеу;
-
қызметтің мазмұнын, ұйымдастыру нысанын мақсатты тұжырымдаумен
іріктеу және жүйелеу;
-
өз қызметінің нәтижелерін балалар мен
жасөспірімдер ұйымының және
оның әр мүшесі тұлғасының дамуында ілгері басу әрекеттерін жоспарлап,
түзетумен жобалау;
-
жалпы адамзаттық және педагогикалық тұрғысынан жеке тұлғасын
өздігінен жетілдіру преспективаларын көру. Осының барлығы келесіде қай
бағытта жүретінін білуге, мотивацияның өздігінен артуына жетелейді.
Онымен бірге, жоспарлауда қиыншылықтар кездесуі мүмкін,
сондықтан
оларды жете білу қажет. Максимум-нұсқасы (барлығын орындау мүмкін
болады
деген
есеппен)
және
минимум-нұсқасы
(оқушылардың
мүмкіншіліктерінде, мерзімдерінде, ауа-райы жағдайларында және т.б. күмән
бар) болғаны жақсы. Минимум-нұсқасы ұйымдастырушылық жұмыстың негізгі
мақсатының шешілуін міндетті түрде қарастыруы керек.
Жоспар мен оның орындалуының табысқа жетуі неге байланысты?
Жоспарлау ісі кәсіпқойлықпен, қажетті дағдымен орындалуы, ал
жоспардың
қағаз жүзінде қалмауы үшін не істеу керек?
Өз ісінде құзырлы болып, қателікке жол бермеген маңызды.
№ 1 қате. Жоспарда ұйым қызметінің ақырғы мақсаты ретіндегі түсінікті
стратегиялық мақсат жоқ; құжаттарда, қызмет бағдарламаларында көрініс
тапқан мақсаттар мен міндеттерге бағыныш жоқ. Яғни,
жоспардың өзі
уақыттың белгілі кезеңіне балалар қоғамдық ұйымында қалыптасқан нақты
жағдайдан тыс қалған.
№ 2 қате. Егер қызметті ұйымдастырушы балалар мен жасөспірімдердің
қызығушылықтарын түсінбесе, жоспарды оларға қызықты болатындай етуге
шамасы жетпесе – ол жоспардың орындалуын мүмкін
нақты және айқын
жұмыстармен іс жүзінде толтыра алмайды, бұл жоспардың іске асырылмай
қалатынын білдіреді. Балалардың пікіріне құлақ асып,
тәрбиеленушілердің
қызығушылықтарын бақылап, байыппен қарау керек, сонда жоспар тиімді, әрі
нәтижелі шығады.
25
№ 3 қате. Алуан түрлі, танымды және пайдалы қызмет түрлерінің
болмауы. Бұл жоспарға бір үлгідегі істердің жиналғанын (жиі жағдайда істердің
өнімсіз тізімі), балалардың қызығушылығы жоғалып, олардың белсенділігі
төмендегенін көрсетеді.
№ 4 қате. Жоспардағы жұмыс асыра сілтеумен жоспарланған. Бұл тек
балалардың және жасөспірімдердің қанағаттанбауына
ғана жетелеп қоймай,
өзінің артында жағымсыз пікір қалдырады. Жоспардағы істер тізімін асыра
сілтемей, толымды жоспарланғаны жақсы.
№ 5 қате. Жоспар күнделікті қолданылмай, апта, ай бойынша динамикасын
ескермеген.
№ 6 қате. Балаларды жоспарлауға тарта білмеу (кейде оны қажет көрмеу).
Достарыңызбен бөлісу: