32
3. Балалар мен жасөспірімдер жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық
әдістер.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымын ұйымдастыру әдістерінің мәселесі –
олардың ерекше әлеуметтік-тәрбиелік әлеуетін іске асырудағы түбегейлі
қиыншылықтарының бірі.
Қазіргі әлеуметтік-педагогикалық болмыс балалар мен жасөспірімдер
ұйымының барлық бағыттары бойынша инновациялық әдістерді қарастыруды
талап етуде.
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын балалар бірлестігінің
жағдайларында ұйымдастыру өзекті мәселелердің қатарында.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы
бойынша және мүдделі мемлекеттік органдар
мен мемлекеттік емес
ұйымдардың қолдауымен балалардың бос уақытын тиімді өткізу бойынша
сауалнама өткізілген болатын. Бұл сауалнамаға сүйенсек, «балалардың бос
уақыты түрлілігімен, олардың белсенділігімен ерекшеленіп отырған жоқ.
Сауалнамамен қамтылған балалардың басым көпшілігі бос уақытында үй
тапсырмасын орындайды (44%), ал оны бос уақыт деп атауға болмайды. Үй
шаруашылығымен айналысатындардың саны 40% құраған. Жиі жағдайда
сауалнама қорытындылары бойынша балалар бос уақытында музыка тыңдайды,
кітап, журнал оқиды, достарымен кездесіп отырады, теледидар көреді,
әлеуметтік желілерде отырады. Белсенді демалыс түрімен айналысатын
балалардың саны едәуір төмен:
табиғатқа шығатындар, сыртта
серуендейтіндер, аулада ойнайтындар (футбол, волейбол) 18% құрап отыр.
Сауалнамаға жауап берушілердің 21% секцияларға, 22% факультативтерге
қатысады. Балалардың шамамен дәл осындай үлесі уақытын онлайн-ойындарға,
интернеттен кинофильмдерді көруге шығындап, WhatsApp, Viber арқылы өзара
араласып отырады. Шығармашылықпен айналысу, мәдени жерлерге саяхат
(мұражайлар, көрмелер) басымдылығын жоғалтқан» [24].
Қызметтің бірқатар бағыттары бойынша қызықты табыстар мен оң
нәтижелер бар. Алайда бұқаралық тәжірибеде
айтарлықтай өзгерістер орын
таппаған, көптеген педагогтер жаңа әдістерді, технологияларды таңдауында
қиыншылық көруде.
Қызметті ұйымдастыруда баланың жеке ерекшеліктерін білуге негізделген
жеке көзқарас басымдылыққа ие болуы тиіс. Бұл қазіргі ұстаздарға балалар
қызметін ұйымдастырудың нұсқалары мен әдістерін таңдауда еркіндік береді,
оның басты нәтижесі бала білімінің, білігінің және дағдыларының жиынтығы
емес, оның жеке қасиеттері болып шығады. Сондықтан осы күні педагогикалық
қызмет сапалы түрде жаңа,
едәуір икемді, инновациялық, яғни білім беру
үдерісінің дамуы орын алатындай болуы тиіс.
Әдістерді таңдау бірқатар заңдылықтар мен тәуелділіктерге бағынып,
олардың арасында бірінші қатарға тәрбиенің мақсаты, мазмұны мен
қағидалары, нақты педагогикалық міндет пен оны шешу жолдары,
оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін таңдау шығады [25].
33
«
Шетел сөздерінің қазіргі заман сөздігінде»
инновация
сөзіне «жаңалық
енгізу –
жаңа практикалық құралды, әдісті немесе тұжырымдаманы адами
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін түзудің, таратудың, ендірудің және
пайдаланудың кешенді үдерісі» - деген түсінік беріледі [26].
Қызмет әдісі
дегеніміз – бұл белгіленген мақсатқа қол жеткізуге
жетелейтін оны жүзеге асырудың амалы. Таңдалған сенімді әдісті таңдай
отырып, біз қажетті нәтижемізге сенімді де, қысқа жолмен жетеміз.
Қазіргі уақытта педагогикалық сөздердің
қолданымды сөздігінде
«педагогикалық технология» деген түсінік берік орын алды. Оны әртүрлі
түсіндіреді, бірақ барлығы да технология құрамдасы ретінде әдіс қызмет ететіні
анық.
Педагогикалық технология – оқыту әдістерінің, нұсқаларының,
амалдарының, тәрбиелік құралдардың арнайы жинағы мен құрылысын
анықтайтын педагогикалық-психологиялық ұстанымдардың жиынтығы; ол
педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық-әдістемелік құралдар жиынтығы
болып табылады (Б.Т. Лихачев).
Педагогикалық технология — бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық
және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын
оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі
әдісі (ЮНЕСКО).
Адамзат әрекет әдістерінің алуан түрін жинақтаған. Бірақ міндеттердің
үздіксіз қиындап отырғаны, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы
оларды шешу
әдістерінің ұдайы жаңартылуын талап етеді.
Қазіргі күні технологиялардың және ондағы әдістердің өзектілігі артып
отыр
:
-
эмоционалдық-құндылықты ынталандыру, (авторы - М.Г. Яновская) [27];
-
балалар қоғамдық бірлестігінің тәрбиелік қызметіндегі ресурстық
көзқарастарды жүзеге асырудың технологиясы;
-
әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу;
-
әлеуметтік жобалау;
-
ресурс түзу;
-
озық басқару (модельдеу, бағдарламалау);
-
әлеуметтік серіктестік;
-
«қамқорлық қоғамы» (ұжымдық шығармашылық ызмет);
-
жеке өсім;
-
әлеуметтік сынақ;
-
бірізділікті ұйымдастыру;
-
келіссөздердің алаңы және т.б. [28];
-
бос уақытты ұйымдастырудың мәдени бағдарламалары.
Балалар ұйымының жағдайында балаға деген тәрбиелік ықпал етуді
күшейту мақсатымен педагог заманауи рухани-адамгершілік және патриоттық
тәрбие
технологияларының
бірі
–
эмоционалдық
ынталандыру
технологиясының
амалдарына, нұсқалары мен
әдістеріне
жүгіну керек.
34
Отбасындағы, құрдастары арасындағы, қоғамдағы саналы эмоционалдық
реакциялар, елеулі өмірлік құбылыстарға эмоционалдық қайырымдылық
бүгінгі таңда ерекше маңызды. Адамның, ең алдымен мектеп оқушысының
эмоционалдық дамуы, оның ілгері басуының «заңы»
ретінде шығып, жеке
талғамдарының дұрыс таңдалуында анықтаушы күш болады. Сондықтан
бүгінгі мұғалімдерге мектеп оқушысының қандай екенін, оның қоршаған
ортаны, қоршаған адамдарды қалай қабылдайтынын, оның қоғамдағы жүріс-
тұрыс нормаларының қандай екенін, оның әрекеттерінің мәні мен мағынасын,
оның қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен қалауларын түсінуде
көмектесетін эмоционалдық аясы бойынша білімдер аса қажет.
Бірақ адам өз өмірінде эмоцияларын жасыруға мәжбүр, өйткені қоғамдық
жүріс-тұрыс нормаларының бұзылуына соқтыруы мүмкін. Жалпылай
қабылданған пікірдің өз эмоцияларын білдіруде
едәуір сабырлық танытқан
дәрежесіне қарай адамның тәрбиелілігі туралы айтуға болатынын қолдайтыны
да кездейсоқтық емес. Жеке тұлғаның әлеуметтік мәнді қасиеттерінің
қалыптасу үдерісі эмоционалдық құрамдасы болмаса мүмкін еместігіне
қарамастан, басым жағдайда осы себеппен мектеп тәжірибесінде педагогикалық
қуат-күштің үлкен бір бөлігі баланың эмоционалдық-шығармашылық әлеуетін
ашуға емес, оларды тежеп басуға бағытталатыны осы себепке байланысты [29].
Достарыңызбен бөлісу: