Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет19/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Түрлі мәдени демалыс бағдарламаларын ажыратады
, олар: сюжеттік 
ойын, конкурстық-сауықтыру, спорттық-сауықтыру, ақпараттық-пірікталас, 
шоу-бағдарламалары және т.б. [32]. 
Сюжеттік ойын бағдарламалары 
– 
бір сюжетпен біріккен түрлі 
ойындардың кешені. Оларда әртүрлі ойындар басым орын алады, мысалы: 
қимыл, зияткерлік, драматизация ойындары, аттракциондар, аукциондар. Бос 
уақытты ұйымдастырудың тәжірибесінде ойын бағдарламалары мерекелердің, 
рәсімдердің бір бөлігі болып, басқа жағдайларда демалыс ойындарының жанры 
ретінде шығады. Ойын жанры бұл кулисалары мен шымылдық, рампасы жоқ 
театр, онда әртіс декорацияларсыз, гримсіз қарым-қатынасқа шығып, көрермен
театрлық креслода отырмайды. 
Сюжеттік ойын бағдарламасының бір түрі ретінде бір реттік ойын 
бағдарламасы шығады, ол қатысушылардың ерекше бір дайындығын талап 
етпейді. Балалар ойынға, биге, хормен айтатын әнге тікелей «қойылым» 
уақытында қосылып кете береді: үстел басындағы зияткерлік ойындар, 
ойынханадағы ермек, шеңберге тұрып, залда, дискотекада ойнайтын қимыл 
ойындары мен байқаулар. Ондай ойындар жарты сағаттан бастап одан астам 
уақытты алады – бұл оның қатысушыларының жасына байланысты. 
Ондай бағдарламаның сипаттауы ретінде сценарий жоспары шығып, ол 
ойындардың және зияткерлік шығармашылық ойындарының белгілі бір кезегін 
қарастырады. 
Конкурстық-сауықтыру бағдарламалары
білімдердің немесе қоғамдық-
пайдалы қызметтің қандай да бір аясында көшбасшылық танытқан 
қатысушыларды немесе тұтас топтарды айқындауға мүмкіндік беретін түрлі 
байқаулардан құрылады. Бір жағынан конкурстық-сауықтыру бағдарламалары 
оның ұйымдастырушыларын ерекше байқауларды құруды, ал оның 
қатысушыларынан 
жалпы 
білімдарлықты, 
көркемдік-орындаушылық 
қабілеттерді, физикалық ептілікті, зеректілікті және өнертапқыштықты талап 
етеді, Екінші жағынан, оның жүргізушісі көрермендермен қарым-қатынасты 
орнатудың тиімді нұсқаларын құруы тиіс. 
Конкурстық-сауықтыру бағдарламаларының бір түрі ретінде берілген 
тақырып бойынша конкурстық-ойын бағдарламасы шығады. 
Оның 
бірінші түрі
, әдеттегідей, қатысушылардың алдын ала дайындығын 
қажетсінеді. Оның нұсқалары ретінде сайыстарды, КТК (көңілді, тапқырлар 
клубы), түрлі зияткерлік ойындарды, шығармашылық кездесулерді, бейінді 
балалар бірлестіктерінің (аспапшылар, қолданбалы өнер, бишілер және т.б.) 
бірлесіп өткізетін акцияларды атауға болады. Ондай бағдарламалардың 
білімділік және тәрбиелік мәні дәл осы дайындықты, ойластыруды, балалардың 
бірлескен шығармашылығын көздейді. Бағдарламалардың ондай түріне балалар 


39 
бірлестігінің ішінде жыл бойында және оның қорытындысымен өткізілетін 
кездесулер, кештер, клубтық күндер, «шамшырақтар» жатады. 
Берілген тақырып бойынша конкурстық-ойын бағдарламаларының екінші 
түрі оның қатысушыларының емес, ұйымдастырушыларының алдын ала 
дайындығын қажетсінеді. Бір реттік ойын бағдарламаларынан ерекше, нақты 
бағдарламалар белгілі бір тақырыпқа нақты бағдар алып, жыл сайын 
шыңдалған түрінде де, жаңа эксперименттік үлгісінде де өткізіледі. Осындай 
бағдарламалардың білімділік және тәрбиелік мәні – жарқын шығармашылық 
көріністерге, әрбір қатысушының еркіндікті сезінуіне, шығармашылық қарым-
қатынас дағдыларын игеруіне, өзінің шығармашылық әлеуетін жеке дара 
түрінде де, ұжымда (командада) да іске асыру икемін алып шығуына ықпалын 
тигізетін атмосфераны құруда болып табылады. 
Нақты бағдарламаның келесі түрлері өзекті: 
Спорттық-сауықтыру бағдарламалары 
өз құрамына қимыл ойындарын, 
әзіл айтыстарын, көңілді старттарды, аралас эстафеталарды, спорттық 
байқауларды қосады. Оларға тән ерекшелік – сайысу сипаты, адамның 
физикалық қабілеттері мен ерік-жігер қасиеттерін қолға алу мүмкіндігі.
 
Спорттық-сауықтыру бағдарламаларына арналған ойындарды таңдауда 
ойынның сюжеті, ережелері мен қимыл әрекеттері секілді тұтастығы туралы 
түсінік беретін оның мазмұндық ерекшеліктеріне бағдар алған тиімді. 
Бағдарламалардың дәл осы мазмұны олардың инкультурациялық мәнділігін 
анықтайды. 
Ақпараттық-пікірталас
бағдарламалардың құрамына пікір алмасуға, пікір 
жарыстыруға, ой-толғанысына түрткі болатындай аудитория үшін жаңа да, 
мәнді ақпаратты қосады. Олардың педагогикалық тиімділігі, ең алдымен, 
олардың мазмұнына тәуелді, ол қазіргі заман өмірінің ауқымды қоғамдық 
өрісінен 
құнарланады. 
Ақпараттық-пікірталас 
бағдарламаларының 
драматургиясына шынайы өмірдің оқиғаларына шұғыл баға беру, бағдарламада 
қолданылатын бағдарламаларда пайдаланылатын актілердің, құжаттардың 
дүниежүзілік, жаһандық көлемдегі және жергілікті материалдарымен де 
байланыстары тән. 
Шоу-бағдарламалары
ойын сауық көрінісінен, пластикадан, билерден, сән 
киімдерінің көрсетілімнен, концерттік нөмірлерден, клоунадалардан, 
музыкадан, жарықпен безендіруден тұрады. Олар мәдени-сауықтыру 
бағдарламаларының өзге жанрларының ішінде елеулі орын алады. Олар үшін 
алуан түрлі тиімді көріністер, музыка, безендіру, театр қойылымы мен т.б. тән. 
Осының арқасында олардың қайталанбас эстетикалық тартымдылығы бар, 
адамдарға сұлулықтың, күштің, епіліктің үлгілерін көрсететін мүмкіндігін 
береді, адамның физикалық және зияткерлік дамуындағы шексіз 
мүмкіндіктерді көрсетеді. Шоу-бағдарламалардың бір түрі ретінде ток-шоу 
шығады, оның барысында көрермендердің көз алдында өзекті мәселелер 
талқыланады. 
Осындай бағдарламалардың түрлері ретінде келесілерді атауға болады:
1) шоу-ойын, ол күнтізбелік тақырыптық мерекелерге де, мәдени өмірдің түрлі 


40 
атаулы 
оқиғаларына 
(жазушылардың 
мерейтойларына, 
тақырыптық 
апталықтарға, аймақта, қалада орын алып жатқан жарқын оқиғаларға); 2) ойын-
қойылым (сахналық ойын), онда спектакльдің сюжетін құрғанда, оның сырттай 
қатысушыары алдын-ала дайындықсыз шағын рөльдерді ойнап немесе 
спектакль кейіпкерлерінің тағдырына және оқиғалардың келесі тарқауына 
ықпалын тигізетін тапсырмаларды ойнайды; 3) көрініс (концерт, әдеби-
музыкалық композиция, спорттық-шоу және т.б.) орындаушылардың және 
көрермендердің болуымен сипатталады. Жас әнші, биші, спортшы секілді 
орындаушылар үшін бұл әрдайым толғаныс, рухани асқақтауымен қатар 
жүреді. 
Балаларда көрермендік мәдениетті, яғни өз құрдастарының сахнаға 
шығуын байсалдылықпен, тілектестікпен қабылдауға үйренген маңызды. 
Мерекелер –
дайындығы мен ұйымдастырылуы жағынан ерекше мәнділігі 
бар, еңбекті қажетсінетін іс-шара. Ол әрекеттердің алуан түрін және барлық 
балалардың белсенді қатысуымен сахналық қойылымның амалдарын 
қолдануды көздейді. Ойын-сауық қатысушылармен еркін таңдалады немесе 
олар бірінен соң бірі кезегімен, барлығы үшін бір уақытта жүруі мүмкін. 
Мерекелерді ұйымдастырудың алгоритмі қызметті ұйымдастырудың 
педагогикалық жетекшілігінің технологиясы ретінде қарастырылуы мүмкін 
[34]. 
 
1.
Педагогтың алдын ала дайындығы. Ұйымдастырушылық қызметтің бұл 
сатысы мақсаттары мен міндеттерін ойластырып табуды, алға тартуды, 
іс-шараның мазмұнын және нұсқаларын, күтілетін нәтижелерді 
ойластыруды көздейді. 
2.
Жоспарлау. Бұл кезеңде мерекені өткізу үшін жауапты педагог 
балалармен дайындық пен өткізу бойынша мүмкін нұсқаларды 
талқылап алады. Іс-шараның нұсқалары ұжымдасып таңдалады. 
3.
Ағымдық ұйымдастырушылық қызметі (дайындық). Дайындық 
барысында сценарий толығымен әзірленіп, бекітіледі, барлық 
ұйымдастырушылық сәттері сипатталып, олар үшін жауаптылар 
көрсетілген іс-шараны дайындау жоспары жазылып, бекітіледі. 
«Жауаптылар» бағанына неғұрлым көп бала қосылса, соғұрлым бұл 
оқиғаның тәрбиелік, әлеуметке қосушы мәні жоғары болмақ. Мерекені 
дайындау – бұл үлкен де, маңызды, ұжымдық және шығармашылық іс, 
ол еңбек пен қиял өрісін, ересектердің және балалардың қуақы ойын, 
тапқырлығын талап етеді. Идеяны, сюжетті бірлестіріп әзірлеу, оны 
түзу, егжей-тегжейіне жетіп пысықтау мерекені әрбір баланың 
өміріндегі жарқын, есте сақтарлық оқиға қатарына шығарады. 
4.
Іс-шараны өткізу. Мерекенің өткізілуі дайындық кезеңінде әзірленген 
жоспарға сәйкес орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет