4.
Жұмыстың инновациялық нұсқалары
4.1.
Балалардың іс-шараны дайындау барысындағы бірлескен әрекеті.
4.2.
Баланың шығармашылық көзқарастан өзін танытуға мүмкіндік
беру.
4.3.
Іс-шараның қалыптан тыс нұсқасы.
42
4.4.
Авторлық табысы (қандай да бір циклдың сценариі, іс-шараның
тақырыбын әзірлеу және т.б.)
Қорытынды балл:
6.
Соңғы әсер. Бұл іс-шараны ұйымдастырудың ақырғы кезеңі. Бұл мерекені
ұйымдастырып отырған педагог белгіленген мақсаттардың және міндеттердің
орындалу тиімділігін талдайды, ондай іс-шаралардың келешегін анықтайды.
Мәдени-сауықтыру қызметіндегі мерекелік бағдарламалар алуан түрлі. Оларға
жататындары:
балалар шығармашылығының фестивальдары, слеттар,
театрландырылған көріністер, көпшілік серуендері, карнавал шерулері,
тақырыптық апталықтар, күндер, байқаулар, конкурстар, сәлемдесулер,
тұсаукесерлер, ресімдер, шығармашылық есептер мен т.б.
Ұзақ уақытқа созылатын сауықтыру бағдарламалары.
Осындай ұзақ
мерзімге созылатын сауықтыру бағдарламаларын іске асырудың нұсқалары
ретінде сауықтыру бағдарламаларының жоғарыда аталған түрлерінің барлығы
қолданылуы мүмкін, мысалы: ойын, байқау, меркелерік іс-шаралар. Соңғылары
оның құрамына қосымша бағдарламалардағы құрамдастар ретінде енуі мүмкін.
Оның ерекшелігі қатысушылардың тұрақты құрамына арналып (оқу тобы, клуб
және т.б.), бірнеше күн немесе апта бойында, бір жыл және одан артық уақытқа
созылуында.
Ондай бағдарламаның міндетті ережесі – нақты белгіленген кезеңдерінің
болуы, әрқайсысы жарқын оқиғамен басталып, аяқталуында. Мысал ретінде
пәндік апталықтар, «робинзонадалар», «кіріскен» ситуациялық-рөлдік ойындар
шығады. Ұзақ уақытқа созылған сауықтыру бағдарламалары анық білінген
білімділік сипаты.
Мәдени-сауықтыру бағдарламаларын орындаудағы
түрлі технологиялар
мен әдістердің ұтымды үйлесімділігі оның қатысушыларының белгілі нәтижеге
жетуіне бағдар алуында.
Күтілетін нәтижелер қатарында шығатындары
келесідей болады:
-
балалардың бос уақыттың ұйымдастырылуын, оны жеке тұлғаның дамуы
мен өз орнын табуындағы құндылығы, мәнділігі ретінде саналы қабылдауы (өз
жасының шеңберінде);
-
балалардың өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін, оларды оқудан бос
уақытта іске асырудың жолдары мен амалдарын саналы қабылдауы;
-
балалардың өзінің бос уақытын өткізудің амалдары мен нұсқаларына
деген ұстанымдарын өзгерту;
-
балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша практикалық
дағдыларды, бос уақытты мазмұнды және түрлі өткізу икемдерін алып шығуы;
-
балалардың қарым-қатынастың негізгі құралдарын, көрермендік
негіздерін меңгеруі;
-
балалардың өзара қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және өз
құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесудегі мінез-құлқын арттыру;
-
сыныптағы, балалар ұйымындағы, тұтас мекемедегі ахуалды балаларды
бірлескен сауықтыру іс-шараларына қатыстыру негізінде өзгерту;
43
-
білім беру ұйымының дәстүрлерін қалыптастыру.
Мәдени-сауықтыру бағдарламаларын іске асыру нәтижелерін қадағалау
келесілердің көмегімен орындалады:
-
балаларды жүйелі бақылау және олардың бойында орын алып жатқан
өзгерістерді тіркеп отыру;
-
балалар және олардың ата-аналары арасында әлеуметтанушылық
сауалнамаларды өткізу;
-
сауалнама;
-
ата-аналармен сұхбаттасу;
-
балалардың өз бетінше диагностика жүргізуін, олардың өзін-өзі
бақылауындағы (өзін-өзі сипаттауындағы) өзгерістерді қадағалау;
-
оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау.
Сауықтыру бағдарламаларын дайындау модельдеуден басталады, оны
жеке тұлғаның шығармашылық қызмет арқылы инкультурация үдерісіне
қосылуының ерекшелігі бар жаңа шарттарын түзу мақсатымен амалдарды,
тәсілдерді және құралдарды жүйеге келтірудің үдерісі деп түсінеміз. Модельдеу
екі деңгейінде жүреді. Біріншісін шартты түрде «түйсікті» деп атаймыз, ол
кезде маман онымен құрылған мәдени-сауықтыру бағдарламасының жаңа
үлгісін түзудегі әдістемелік амалды, оның сызбасын түсіндіре алмайды. Екінші
деңгейді шартты түрде «саналы» деп атауға болады. Ол адамның модельдеу
технологиясын меңгеріп, рационалды деңгейде бағдарламаның жаңа үлгісін
іздестіруді жүргізгенін тіркейді. B.C. Садовская сауықтыру бағдарламасын
модельдеуде төрт кезеңді атап көрсеткен [33].
1–
кезең белгілі сауықтыру бағдарламаларын талдауды көздейді. Ол кезде
кез-келген «супер бағдарламаның» негізінде дәстүрлі әлеуметтік-мәдени
қызмет жататын ерекше заңдылық білінеді. Модельдеудің технологиясында
бұл ереже аксиома болып табылады. Бұл кезеңнің міндеті – түрлі сауықтыру
бағдарламаларындағы айрықша ерекшеліктерді табу.
2-
кезең – белгілі сауықтыру бағдарламалары немесе олардың элементтерін
жергілікті жағдайларға ауыстыра білу. Нақты жағдайда бағдарламаның
мазмұнын жергілікті жағдайларға және ұйымдастырушының шығармашылық
мүмкіндіктеріне қарай бейімдеу қажет.
3-
кезең. Жаңалық элементтерін бағдарламаның мынадай құрылымдық
буындарына енгізу қажет: мамзұнға, ұйымдастырушылық-әдістемелік
шарттарына, сценарий барысында, заманауи аудио-, бейне- және басқа да
техникалық құралдардың қолданылуы.
4-
кезең – бағдарламаның жаңа (авторлық) моделін түзу. Ол туралы тек
барлық құрылымдық буындарда жаңалық элементі орын алғанында ғана айтуға
болады.
И.П. Подласыйдың [35] пікірінше, кез-келген мәдени-сауықтыру
бағдарламасын (тәрбиелік іс-шараны) әзірлеу және дайындау үдерісінде
мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, іске асыру және
талдау секілді кезеңдерді атап көрсетеді. Осыған байланысты педагог өз
әрекеттерін төменде көрсетілген ретімен орындауы қажет:
44
1. Өзектілігі мен өмірмен байланысы негізінде тақырыпты таңдау,
таңдалған тақырыпқа педагогикалық негіздеме беру.
2. Іс-шараның нұсқасын анықтап алу (байқау, кеш, пікірталас және т.б.).
3.
Іс-шараны дайындау және өткізу барысындағы мақсаттарды және
шешілетін міндеттерді белгілеу.
4.
Оқушылардың
қатарынан
іс-шараны
дайындау
бойынша
шығармашылық топты құру, топ ішіндегі міндеттерді үлестіру. Оқушылардың
бастамасы мен өздігінен әрекетке дайындығына негізделу.
5.
Іс-шараны өткізу үшін қажетті материалдарды жинау.
6.
Сценарийді жазу және оны бекіту. Оқушылардың қызығушылықтары
мен қабілеттерін, олардың жас ерекшеліктерін, сонымен қатар мектептің
дәстүрлерін және сценарий жазудағы дістүрлерді ескеру.
7.
Сценарийде өлкетанушылық материалдың қолданысы.
8.
Сценарийді жазу барысында іс-шараның кешенді сипатына негізделу
(оны дайындау және өткізу барысында қолданылатын амалдардың, тәсілдердің
және әдістердің түрлілігі).
9.
Іс-шараның композициясындағы тұтастықты және қисынды ойластыру.
10.
Іс-шараның барысында қолданылатын көркемдік, музыкалық және
техникалық құралдарды ойластыру.
11.
Іс-шараны өткізу орнын және уақытын педагогикалық тиімділігі және
тәрбиелік әсері көзқарасынан (сынып, мұражай, акт залы, спорттық алаңша
және т.б.; сабақтан соң, кешке, демалыс күні) анықтау.
12.
Жүргізушіні таңдау (басты критерий – коммуникативтік және
ұйымдастырушылық ептілігі, тіл мәдениеті, жалпы мәдениеті мен әдебі,
тапқырлығы мен екпінділігі).
13.
Іс-шараны өткізу әдістемесі мен мазмұнын ойластыру:
а) іс-шара мазмұнының белгіленген мақсаттарға сәйкестігі;
б) таңдап алған материалдың танымдық және тәрбиелік құндылығы;
в) ақпараттың эмоционалдық толымдылығы, балалардың іс-шараға
қызығушылығы, олардың белсенділігі;
г) тәрбиелік принциптердің іске асырылуы;
д) іс-шара барысында оқушылардың өзарап әрекеттесуіндегі жеке, топтық
және ұжымдық нұсқалардың үйлесімділігі.
14.
Қонақтардың шақырылуы (шақыру түрін ойластырумен).
15.
Дайындықтың қажетті санының өткізілуі.
16.
Іс-шарадағы анағұрлым табысты және сәтсіз сәттердің оны өткізген соң
талдануы, келешекке арналған қорытындылар.
Сауықтыру бағдарламаларын нәтижелі өткізу үшін аудиториядағы ішкі
коммуникациялардың педагогикалық көзқарастың реттелуінің құндылығы
сөзсіз.
Қарастырылып
отырған
мәселе
тұрғысынан
бағдарлама
қатысушыларының қарым-қатынасқа түсуіне ықпалын тигізетін түрлі
амалдардың мәні ерекше. Бағдарламаның түріне қарай олар мынадай болуы
мүмкін:
45
-
пікірталастар, олар бағдарламаның қатысушыларына қызықтырып
отырған мәселе бойынша өз пікірін, өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік
береді;
-
драмаландыру-ойындары, олар өзін түрлі рөлдерде «сынап көруге»,
аудиторияның шығармашылық белсенділігін жекелеп өткізуге мүмкіндік
береді;
-
ұжымдық ән, ол топты біріктірудің құралы болып табылады;
-
хорлап жүріп билеу үзінділері, олар бағдарлама қатысушыларының
басын біріктіріп, мүмкін шиеленістің алдын алуға бағытталған;
-
слайд-көрсетілімдері,
олар
қатысушылардың
босаңсуына,
шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпалын тигізеді;
-
жеке тұлғаның өз орнын табуға мүмкіндік беретін байқаулар – әнде, биде,
ойында және т.б.
Сауықтыру бағдарламасы жүргізушісінің табысты жұмысының ерекшелігі
көптеген құралдарға негізделеді: туған елінің тілі, ымдау, сөз, жанасу, көзқарас,
үнсіздік тілі. Жүргізуші жұмысының табысты болуы көп жағдайда бағдарлама
мазмұнына, оның мақсатына, аудиторияның ерекшелігіне және барлық
қатысушылардың өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыру мүмкіндігіне
байланысты.
Педагогтар дұрыс және толыққанды орындалған мәдени-сауықтыру
бағдарламасының балалардың мәдениет дүниесіне қосылуына, олардың
шығармашылық ой-өрісі мен танымдық қызығушылығын дамытуға, бірлескен
әрекет үдерісінде өзінің орнын табу тәжірибесінің жинақталуына ықпалын
тигізетінін есте сақтауы тиіс.
Мәдени-сауықтыру бағдарламасының балаларға қосымша білім берудегі
білімділік бағдарламасынан ерекшелігі келесілерде:
-
мәдени-сауықтыру бағдарламасының мазмұны қандай да бір нақты курс
бойынша арнайы ұйымдастырылған сабақтардың барысында зерттелмейді,
көпшілік-сауықтыру іс-шараларын (істерді) дайындау және өткізу үдерісінде
іске асырылады;
-
онда қарастырылған білімдерді және икемдерді меңгеру сабақтан тыс
уақыттағы өз бетінше жұмыс үдерісінде және ересектер мен балалардың бос
уақыттағы өзара әрекеттесуінде өтеді;
-
білімділік ақпараттық және әлеуметтік тәжірибенің көздері, бос
уақыттағы субъектілер ретінде педагогтар да, балалардың өздері де, олардың
ата-аналары да шығады.
Мәдени-сауықтыру бағдарламасын іске асыру барысында білім
алушылардың дәстүрден тыс айқындамаларының (рөлдерінің) тұтас спектрі
қарастырылған: ұйымдастырушы, орындаушы, көрермен, авторлас, суретші,
костюмер, дизайнер, музыкалық безендіруші, жарық түсіруші, сахна
жұмысшысы, жүргізуші, қазылар алқасының мүшесі.
Достарыңызбен бөлісу: |