Методические рекомендации по совершенствованию краеведческой работы в общеобразовательных организациях в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру»



бет1/4
Дата18.02.2018
өлшемі1,31 Mb.
#37803
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина







«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру

аясында жалпы білім беретін ұйымдарда

өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру

Әдістемелік ұсыным

Методические рекомендации

по совершенствованию краеведческой работы в общеобразовательных организациях в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру»

Астана


2017

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 11 желтоқсан № 12 хаттама)

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 12 от 11 декабря 2017 года)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017. – 35 б.



Разработка методических рекомендаций по совершенствованию краеведической работы в общеобразовательных организациях в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2017. – 34 с.

Әдістемелік ұсынымдама білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы өлкетанулық жұмыстардың білім алушыларды тәрбиелеудегі ролін айқындайды.

Жалпы білім беру ұйымдарында мазмұнды жоспарлау, таңдау және өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлаудың әдістемелік негізін ұсынады.

Өлкенің тарихын, соның ішінде мәдени-тарихи ескерткіштердің, жергілікті ауқымдағы мәдени нысандардың тарихын зерттеудің ерекшеліктерін анықтайтын Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

Бұл басылым мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, педагог-ұйымдастырушыларға, аға тәлімгерге, сынып жетекшілеріне, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, балаларға қосымша білім беру жүйесі мамандарына арналады.

В методических рекомендациях определяется роль краеведческой работы в воспитаниии обучающихся в организациях образования в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру», представлены методические основы планирования, отбора содержания и организации краеведческой работы в общеобразовательных организациях.

Предлагаются методические рекомендации по реализации программы «Рухани жаңғыру», которые раскрывают особенности изучения истории родного края, в том числе культурно-исторических памятников, культурных объектов местного масштаба.

Данное издание адресовано заместителям директоров по воспитательной работе, педагогам-организаторам, старшим вожатым, классным руководителям, методистам, учителям-предметникам общеобразовательных школ, специалистам, системы дополнительного образования детей.





© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2017


© Национальная академия

образования им. И. Алтынсарина, 2017

КІРІСПЕ
«Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады».

Н.Ə.Назарбаев.


Елін сүйген, елі сүйген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – бұл рухы жетілген ұлттың өз бірлігін одан сайын нығайтып, оны материалды деректі түрінде іске асыра алу мақсатында зерттеу және ұйымдастырушылық тәжірибелік жұмыстарды бірдей бастауға мүмкіндік беретін қуатты ресурс болып табылады. Мақала 2004 жылғы «Мәдени мұра» және 2013 жылғы «Халық тарих толқынында» атты ірі бағдарламаларына негізделген. Бұл қоғамдық сананы жаңғыртудың ұзақ мерзімді сипатқа ие екенін көрсетеді.

Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі –«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру. Нақты айтқанда, мақаладағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық пікірлерін терең зерделеу және білім алушылар арасында насихаттау. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы мектептегі тәрбие үдерістеріне тың серпін береді. Әсіресе өскелең ұрпаққа қоғамдық сана сіңірудегі пайдасы ұшан –теңіз. Өлкетанулық жұмыстар барысында оқушылар киелі орындар мен ескерткіштерді қолмен ұстап, көзбен көретін жағдайға жетті. Осыған байланысты орта мектепте оқушылардың өңірдегі туған жер тарихы мен табиғатын зерттеу жұмыстарын ғылыми жүйелеп, қалыпқа түсіру мақсаты туындады. Өкінішке орай, мектептердегі өлкетанулық жұмыстар әдістемелік көмекке зәру. Осы олқылықтардың орнын толтыруға арналған бұл әдістеме педагог қызметкерлерге, пән мұғалімдеріне, өлкетанулық үйірме жетекшілеріне сенімді ақылшы болады деген ойдамыз.

Өлкетанулық жұмысты ұйымдастыруда білім мен тәжірибе, іскерлікті ескере отырып жоспар құру алғашқы қадамның бірі болып табылады. Атқарған жұмыстың нәтижелі болмағы құрылған жоспарға байланысты. Ал, жоспарды құру үшін ақыл -кеңес беретін әдістеме керек екені сөзсіз.

Сын сағатта бұл әдістеме сіздерге көмекке келеді. Өлкетанулық жұмысты ұйымдастырудағы ережелер мен ғылыми тұжырымдаларға тоқталады. Қоғамда қолдау тапқан тиімді әдіс -тәсілдерді назарларыңызға ұсынады.

Осындайда өлкетанулық жұмыстар мектептегі тәрбие жұмыстарына тиімділігі қандай деген көкейде ой жатуы да мүмкін. Ашығын айтсақ, бірегей қоғамдық сана қалыптастыруда өлкетанулық жұмыстың берері мол. Дүниедегі үрдістер әлемді өзгертуде, заман өзгеруде, бұл Қазақстанға дамудың мүлде жаңа деңгейіне шығуға айрықша мүмкіндік береді. Үдемелі қарқын алып отырған жаһандық әлем ұлт санасының халықтың руханияты мен дәстүрлеріне негізделген айрықша үлгісін талап етеді. Бұл жағдайларда қоғамның рухани-құндылық бағдарларын сақтау және жаңарту мәселелері бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр.

Осы тұрғыдан, бiлiм беру жүйесiнің басты міндеті – ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білетін, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.

Қазақстанның жарқын болашағының іргетасын қалайтын жастар, өскелең ұрпақ екені белгілі, және сол ұрпақтың саналы, көзі ашық, өткені мен болашағын айқын танитын болуы абзал.

Елбасымыз айтқандай «Білімді ұрпақ –ел болашағы». Еліміз жаңа тарихи кезеңге батыл қадам басқанда мақсаты айқын, мұраты биік, саналы азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете білейік.




1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында оқушыларға тәрбие беруде өлкетанулық жұмыстардың рөлі.

«Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» [1].

Бәсекеге қабілетті ел болудың алғышарты – бейбітшілік пен келісім, жалпыұлттық бірліктің болуы. Қоғамдағы рухани татулық пен тұрақтылық - Елбасы моделінің шынайы бейнесі. Бірегейлік пен бірлік – Қазақстанның даму жолы. Қасиетті Отанымызда 130-дан астам ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстан - олардың кір жуып, кіндік қаны тамған жері. Дегенмен, әркімнің туған жері «кіші Отаны» саналады. Өлкенің тарихын білу-өзінің отбасының, әулетінің, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Адам өз халқының құндылықтарынан нәр алып жетілмесе, тамырсыздық дертіне ұшырайды. Тамырсыз ағаштың қатты желдің екпініне шыдамай құлап қалатыны сияқты, рухани жан азығы әлсіз адам қоғамға жат ағымдардың жетегіне тез ілесіп кете береді. Бұның алдын алу үшін туған өлкенің тарихын зерттеуді, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттілігін дәлелдейді. Елімізде тұрып жатқан әрбір ұлт өкіліне ұлтына қарамастан туған жердің тарихы мен салт-дәстүрі ортақ құндылықтар болып табылады. Кез –келген диаспора өкілдері қазақстандық азамат ретінде өзінің білімін, еңбегін елінің өркендеуіне, дамуына қосатынын біледі. Қазақстанды өздерінің жетістіктерімен дүние жүзіне танытып жүрген спорт, өнер жұлдыздары көп. Олардың қатарына спорт әлеміндегі боксшы Г.Головкин, зілтемірші И.Ильин, мәнерлеп сырғанаушы Д.Тен, шаңғышы А.Полторанин, суда жүзуші Д.Баландин және әнші М.Мудрякты жатқызуға болады. Бұл күндері ұлттар бірегейлігі туралы сөз қозғағанда боксшы Геннадий Головкиннің қанатты сөзі еріксіз ойымызға оралады. «Менің әкем-орыс, шешем-кәріс, өзім қазақпын» деген болатын даңқты боксшы Елбасымен кездесу сәтінде. Міне осындай тұлғалардың өскен ортасы, ұлттар достығы туралы түсінігі жас ұрпаққа тәлімді тәрбие береді.

Ғалым Ж.Ж Наурызбай «Көп мәдениет иесіне тән ерекшелік  географиялық сана болуға тиіс. Шын мәнісінде мәдениетті адам болу үшін планеталық, ғаламдық, экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау – парыз. Географиялық сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да дариды. Аталған пәндер этнос пен мәдениет проблемаларымен өрістес болғандықтан, мәдени этникалық оқыту мен тәлім тәрбие ісінде ерекше маңызға ие. Бұл - ғылым мен білім берудің мәдениет экологиясы, адам экологиясы, рухани дүние экологиясы, имандылық экологиясы секілді жаңа бағыттары туралы әңгіменің басы ғана» [2].

Бұл жерде ел болашағын ойлайтын жан-жақты дамыған, рухани құндылықтарға бай ұрпақ тәрбиелеу туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталуы керектігі айтылған.

Туған өлке әрбір адамға ыстық өлке болуымен қатар, халқымыздың басынан кешкен сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін асыл мұра. Кең байтақ қазақ жерінде қаншама аңыз-әңгімелер, оқиғалар жатыр десеңізші. Әрбір қарапайым адамның өмірінен тамаша туынды жазуға болатын болса, ел маңдайына біткен ерекше тұлғалар, ел бастаған, қол бастаған қанша азаматтар мен азаматшалар туралы ақиқат, сыр кең дала қойнауында. Міне сондықтан, туған жердің тарихын, мәдени ескерткіштерін, табиғи ерекшеліктерін білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің маңызы аса зор.

Өлкетанулық жұмыстарда  оқушыларды бірлікке тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің тілін, дінін құрметтеуге үйрету, оларды бір- бірімен достық қарым-қатынаста жұмыс істетуге бағыттау дағдылы іс әрекеттер болып табылады.

Басты рухани құндылық - жақыныңа деген сүйіспеншілік. Жаныңдағы адамның өмір сүру дәстүрін, әдет-ғұрпын, сезімін, пікірін, ойын сыйлау. Өскелең ұрпақты елінің дәстүрі, ғұрпын, ұлттық құндылықтарымен тәрбиелеу қай заманда болсын басты мәселе болған.

Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.

Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін, өз жерін, Отанын сүйеді, өз тілін, дәстүрін, әдебиетін,тарихын біледі, қадір тұтады.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі[1]. Бүгінде «Туған жер» бағдарламасы арқасында қалталы кәсіпкерлер Отанға деген патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетуде. Өңірдің экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени жақтарын барынша дамытуда. Жергілікті меценаттар және деумеушілер миллиондаған қаржы жұмсап туған жерін дамытуға, көркейтуде жастарға үлгі болуда. Өлкетанулық жұмыстар осындай патриоттарды мектеп қабырғасынан бастап қалыптастырады.

- «Туған жер» жобасы бойынша мынаны айтуға болады. Қазір елімізде меценаттар туған жеріне барып, балабақша, мектептер мен ауруханалар салып жатыр. Жалпы алғанда, бүгінде осы бағытта 720-дан астам жоба іске асты[1].

Бұл қазақстан халықтары бірегейлігінің жарқын үлгісі. Олар ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге, руға, жершілдікке бөлінбей туған жеріне деген перзенттік парызын өтеуде. Біз – үлкен болайық, кіші болайық, бәріміз туған жердің перзентіміз. Тоқсан тарау арнамен келіп тоғысқан тағдырлармыз. Сондықтан да шетелдерде өткен байрақты бәсекелерде бізді ұлтқа бөлмей «Қазақстандық» деп таныстырады. Қазақстандық орыс, неміс, кәріс, татар, өзбек деген сөз тіркестерін ешқашан естімедік. Себебі біз ұлтқа бөлінбейтін унитарлы тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің бір ғана туған жеріміз, Отанымыз бар. Ол ата –бабаларымыздың маңдай тері тамшылаған - қасиетті Қазақстан.

Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес [1].

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген дана халқымызда достық, қайырымдылық, ынтымақ, бірлік сияқты асыл қасиеттерге арқау болған тамаша дәстүрлер бар. Оқушыларды осындай дәстүрлермен тәрбиелеуіміз керек. Мысалға, «Асар» дәстүрін алайық. «Асар» ұлттар бірегейлігін жақындата түсетін заман талабына сай жарасымды дәстүр. Асар-еріктілер тобы. Оған ешкімде зорлықпен шақырылмайды. Және ұлтқа, дінге, тілге, руға бөлінбейді. Оқушылар ұйымы туған жердегі игі шараларға асарлатып қатысудың да тәрбиелік мәні бар. Археологиялық қазба жұмыстары немесе демеушілердің қайырымдылық шараларына қатысу оқушылардың туған жерге перзенттік парызды сезінуге ықпалы зор.



Жас ұрпақ тәрбиесі – қисайған жас көшет сияқты. Дер кезінде қомқорлық танытып түзетіп қойсаң аспанға шаншылып тік өседі. Ал, қисық әрі кәрі ағашты түзету мүмкін емес. Оқушыларға ұлттық құндылықтардың барша қазақстандықтарға ортақ екенін, себебі олардың ата – бабалары осы жерде туып – өскенін, маңдай терін төгіп ертелі -кеш еңбек еткенін, ұрпақ жайып өсіп өнгенін, туған жердің тарихын бірге жасағанын, тарихи оқиғалардың ортасында жүргенін, өзінің осы дәстүрді жалғастырушы мұрагер екенін жүрекпен сезінуі тиіс. Туған жердің төсінде бір шаңырақ астында өмір сүрген бір үйдің баласындай тату болуымыз керек деген қоғамдық сананы қалыптастыру керек. Қазақта «Тамыр» деген тамаша сөз бар. Оның мағынасы достықты білдіреді. Бабаларымыз діні, ділі басқа ұлт өкілімен дос болса, оны «Тамыр» деп атаған. Мұндай тамырлық туыстыққа жалғасып кеткенін білеміз. Бұл дәстүр біздің ата –бабаларымыздан жеткен достықтың шынайы белгісі болып қала бермек. Қазақстан халықтарында сын –сыйпаты үндес, мазмұндас дәстүрлер мен туындылар көп. Мектептегі достық, наурыз мерекелерінде мұндай бірегейлікті салыстырғанның артықтығы жоқ. Олардың бірегейлігін, ұқсастығын аңғарту қазақстан халықтарының татулығын аттыра түседі. Мұндай бірегей өнер, салт дәстүлердің қатарына жатқызуға болады.

1.Орыс халқының «Жаборонок» мен «Наурыз» мейрамымен салыстыру.

2.Татар халқының «Наурыз» мейрамын тойлауы.

3.Қырғыз халқының тілдері мен ұлттық тағамдарының ұқсастығы.

Әрбір адамның туған жерінде ерекше жерлер болды. Оған Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары жатады. Өңірлік өлкетанушылар ұсынысымен және сарапшылар кеңесінің ғалымдары пікірлерін ескере отырып «Қазақстанның 100 киелі орындары» тізіміне енген жерлерге оқушылармен жұмыстар жүргізу маңызды шаруа. Ата –бабалар аруағын құрметтеу елімізде мазмұны бірегей дәстүр. Тек әр халық өзінше құрмет көрсетеді. Мысалға. орыс, кәріс халықтарының «Ата-аналар күні» деген тамаша дәстүрін айтуға болады. Оқушылар ұйымының осы дәстүрді ізгілендіріп өңірдегі киелі орындарға сенбілік ұйымдастырғаны тәлімі мол тәрбиелік жұмыс болар еді. Өкінішке орай, киелі орындарға саяхаттаған экскурсиялық топтар тек қана суретке түсуден аса алмай келеді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін алдымен кешенді бағдарлама әзірленгені дұрыс.

Өңірдің киелі жерлеріне қатысты мәселелерді және басқа да «сезімтал» мәселелерді түсіндіру кезінде әдептілік сақтау маңызды. Әсіресе, ұлтшылдық, діни, жершілдік, рушылдық сияқты қазақстандық бірегейлік ұстанымдарға қайшы келетін әрекеттерден аса сақ болу керек. Ондай пікірлер оқушыларға кері әсер етіп, қоғамдық санаға жат ойлар ұялатады. Жат ағымдардың әсерінен қоғамда түрлі девиантты мінез –құлықтар мен әдеттер пайда болғаны шындық. Атап айтсақ, деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдардың әсерінен адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен ұлттық және мемлекеттік құндылықтарды танымайтын топтар пайда болды.

Діннің атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді. Енді өз отандасымызбен, отбасымыздың мүшесімен, ағайынымызбен тартысқа түсетін халге жеттік. Халқымыз «іштен шыққан жау жаман» демекші, мұндай көзқарасты ұстанушылар білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартып, балаларының зайырлы білім алуына қарсылық көрсететіндері де бар. Мектепте оқушы қыздардың басына орамал тартуы, көшеде азаматтардың сақал қойып, шалбардың балағын қысқартып әлеуметтік ортадан оқшаулануы жат ағымның санамызды дендеп бара жатқанының көрінісі. Қоғамдағы осындай мәселелердің асқынуына интернет желісінің ықпалы күшті екені рас. Соның кесірінен көрсеқызар, әсірешіл топтар батыстық жабайы әдеттің жетегіне ілесті. Оны ұлдардың құлағына, мұрнына, ерніне сырға тағуы, боянуы тағы басқа оғаш әдеттерден байқаймыз. Міне осындай қоғамға жат әрекеттердің алдын алу үшін біз толеранттылық пен достыққа негізделген бірегей қазақстандық мәдениетке жүгінуіміз керек. Сонда ғана жас ұрпақта жат ағымдарға қарсы тұра алатын қоғамдық сана қалыптасады. Ол сана жастарды патриот болуға, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, бірлік пен ынтымаққа, бауырластыққа, білімді болуға шақырады.

Патриоттық сезім жалпы адам баласының елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін, тарихи ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады.

Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады [2].

Ұлан-ғайыр еліміздің кез-келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді мен деректерді көптеп кездестіруге болады. Мақсат осындай тарихи өлкелерді танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде.

Жалғанның жартысындай жазиралы даласын ғасырлар бойы шекарасына қамал –қорғандар салмай-ақ, жалаңтөс батырлары жанпидалықпен қорғай білген ата –бабаларымыз қандай қаһарман болған еді..?

Қазақтың тарихи көшін әрқилы кезеңде бастаған көреген көсемдерінің, айбатты батырларының елін, жерін қорғауда аңызға айналған ерліктері бүгінгі жас ұрпаққа өнеге –үлгі. Халықта «Бірлік қайда болса, ерлік сонда», «Отаның берік болса жау алмайды» деген қанатты сөздер бар. Ол өмір өткелдерінен, тағдыр тезінен алынғаны шындық [4].

Адамгершілік тұрғыдағы құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай тұлғаны қалыптастыру оның жас кезінен бастау алатыны белгілі. Өлкетанулық жұмыстар - оқушыларды туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша құрметпен қарауға, шынайы патриотизмге тәрбиелейді. Оқушылардың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруді жүзеге асырады.

Жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды тәрбиелеудің басым бағыттары мыналар;



  • жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

  • рухани-адамгершілік тәрбие

  • ұлттық тәрбие

  • зияткерлік тәрбие

  • еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау

  • экологиялық тәрбие

  • көпмәдениетті тәрбие

  • көркем-эстетикалық тәрбие

  • көшбасшылық қасиеттерді дамыту

Нормативтік талаптарға сай тәрбиенің бұл бағыттары мектепте жүргізілген өлкетанулық жұмыстардың тәрбиелік мазмұнын құрайды.

Нәтижеге бағытталған өлкетанулық тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру жолында өзіндік міндеттер бар. Аталған міндеттер мазмұнына қарай бірнеше салаға жіктеледі.



  1. Əлеуметтік-педагогикалық міндеттері:

  • азаматтық көзқарас қалыптастыру;

  • «Кіші Отанына» деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға тəрбиелеу;

  • өз өлкесінің келбетіне, тарихына деген жауапкершілік пен өзіндік қатысы арқылы мақтаныш түйсігін көбейту;

  • мамандық таңдауға баулу (археолог,геолог,мұражай қызметкері, зергер, жазушы, зерттеуші, өлкетанушы, журналист т.б.);

  • мектеп түлектерінің туған жерге жасаған әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру шараларына атсалысу арқылы еңбекке тәрбиелеу;

  • туған жерінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту;

  • туған жерді көркейтуге үлес қосқан түлектердің өмірінен өнеге алуға тәрбиелеу;

  • жоғары адамгершілік, толеранттылық, өз және өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеу, үлкендерді сыйлауы;

  • өлкетану материалдары арқылы қоршаған орта жағдайымен байланыс орнату, Отанға, туған қаласына деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.

  • бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтына қалыптастыру.

  1. Білімділік міндеттері:

  • өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен таныстыру;

  • туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;

  • биология, география, химия, физика сабақтарында алынған білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білу;

  • өз елді мекенінің, ауданы мен облысының қазіргі кездегі өмірі және экономикасымен таныстыру;

  • туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу;

  • қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру.

  1. Танымдық міндеттері:

  • тарихи дерек көздерімен, мемурарлық, ғылыми-ақпараттық əдебиеттер мен баспа беттерімен жұмыс жасауды меңгеру;

  • өлкетанушы, журналист мамандықтарына баулуға үйрету, өзіндік қорытынды, түйін жасауға баулу;

  • өлкетану тарихын, тарихи тұлғаларды, рухани құндылықтарды және қазақ халқының дәстүрлерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

  • Қазақстанның этномәдени байлығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • оқушылардың заманауи сұранысқа ие жаңа мамандықтар бойынша танымын арттыру, қызығушылығын ояту, кәсіби бағдарлау жұмыстарын қамтамасыз ету.

  1. Тәрбиелік міндеттері:

  • өзінің туған өлкесіне, туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайында төзімді мінез-құлық қалыптастыру;

  • отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы жайлы білімді тереңдету;

  • отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиеттер оқу, фильмдер, бейнефильмдер тамашалау;

  • демеушілердің өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарына оқушыларды қатыстыру;

  • ұжымда бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне көмектесу, қолпаштау сезімдерін тәрбиелеу;

  • көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;

  • туған жерді түлетуге, дамытуға, көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу;

  • мектеп мақтаныштарының патриоттық еңбектерінен өнеге алу;

  • мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру;

  • балалардың ескерткіш орындарын, тарихи ескерткіштерді қорғауға деген жігерлерін қалыптастыру.

  1. Дамытушылық міндеттері:

  • оқушыларға киелі орындар бойынша сапалы білім дарыту;

  • туған жерінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту;

  • мектеп оқушыларын нақты өлкетану материалдары арқылы дамыту:

  • табиғатты сақтауда белсенді азаматтық көзқарас тәрбиелеу; табиғатқа құнтты қарым-қатынас қалыптастыру, оның байлығын еселеуге ұмтылу; өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығының жоғары деңгейін дамыту;

  • туған өлке тарихын өз бетімен оқуға деген құлшынысын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілетін өз бетінше іздестіру-зерттеу жұмысына үйрету арқылы туристік жұмыстардың дағдыларын игеру архитектуралық жəне мəдени ескерткіштерді оқып-үйрену, туристік жорықтар мен жарыстарға қатысу арқылы шеберліктерін шыңдау;

  • туған өлке туралы неғұрлым көп білуге деген ұмтылысты, танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;

  • тақырыптық акцияларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттық мәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;

  • болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңдау сұрақтарын шешуге бағыттау;

  • күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу, жергілікті жердегі туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу дағдысын қалыптастыру;

  • туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту.

  1. Зерттеушілік сипаттағы міндеттер:

  • білім алушылар арасындағы экскурсиялық – өлкетану жұмыстары шеңберінде оқушылардың іздестіру және оқу-зерттеу әрекеттерін белсендіру;

  • өлке өмірімен байланысты жанұяның, қаланың, тарихи тұлғалар туралы білімін кеңейтуді қамтамасыз ету, іздестіру-зерттеу жұмысының негізін үйрену;

  • экологиялық мәселелерді зерделеу және баламалы ресурстық технологияларды қолдануды насихаттау оқығанды, танығанды, түсініксіз жағдайларды, мәліметтерді өз шығармашылығында көрсете білу;

  • туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып-білуге жетелеу.

Өлкетану жұмыстарының оқушыларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері:

  • этнопедагогика, әдебиет, тарих және географиялық мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, аталған ғылымдар мен оқу пәнінің негізгі ұстанымдары ескеріледі;

  • өңірлік құндылықтарынан рухани азық алып қоғамдық санасы қалыптасады;

  • өңірдің белгілі адамдарын мақтаныш тұтып, олардан ғибрат алады;

  • әлеуметтік ортаның тыныс –тіршілігін таразылай біледі;

  • сыныптан тыс уақытта киелі орындарға танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырады;

  • мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің тарихы, әдебиеті, қолөнер түрлері, жергілікті тұрғындардың тұрмыс –тіршілігінен танымдық ақпарат алу үшін мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;

  • өлкетану жұмыстары оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады;

  • өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында зерттеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктерге сүйене отырып, мұғалімнің алдында тұрған маңызды мақсаттың бірі – баланы дамыту, оған халықаралық аренада өзінің туған мәдениетін таныта білу біліктілігімен негізделген патриоттық тәрбие беру болып табылады. Оқушыларды туған және басқа да мәдениет әлеміне кіргізу, олардың тіл құралы арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді, оқушылар туған халқының менталитетін түсінуге үйренеді. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуы және мәдени дамуы оқушының туған өлкесінің мақтаныштары, киелі орындары, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, тарихы, тұрмысы туралы білімінің кеңеюі барысында жүзеге асады. Осындай нәтижеге жету өзекті мәселе болып табылады.

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген дана Абайдың сөзі барлық уақытта өз мәнін жоймақ емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай тұлғалар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Сондықтан да өлкетану жұмыстарының мектептегі тәрбиелік рөлі зор.


2 Жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жоспарлаудың мазмұнын іріктеу және ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Елбасы «Туған жер» бағдарламасының мән-мағынасын, мазмұнын, мақсатын түсіндіре келе, жалпы білім беру саласында өлкетану жұмыстарының жүргізілуіне ерекше назар аудару қажеттігін айтып өтті. Орта мектептерде туған жердің тарихына назар аударылатын болады.

Өлкетану жұмыстары отансүйгіштікке тәрбиелеу педагогикалық үдерістің: түсінік қалыптастыру – білім беру – біліктілік – практикалық іс-әрекетке баулу атты тізбегін құрастыруды көздейді.

Өлкетануды оқушылардың өз өлкесін (аймағын) күрделі, алуан түрлі, қарама-қайшылықта, бірақ біртұтас әлем ретінде көре білуге жағдай жасайтын құрал ретінде түсіну.

Мұғалім өлкетану материалының бағдарламаға сәйкестігіне көп көңіл бөліп, өлкенің ерекшелігін, оның қайталанбас сипатын бейнелейтін материалдарды іріктеп алуы қажет. Сонымен бірге өз өлкесін білуге деген құштарлықты ояту, оқушының жалпы мәдени деңгейін көтеруге жағымды ықпал жасайды. Оқушыларды география, тарих, әдебиет, биология, музыка басқа да пәндерден алған білімдерін өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалана білуге үйрету керек.

Алдымен, «Туған өлке» ұғымына қандай аумақты кіргізу керектігін алдын-ала шешіп алған жөн. Кейбір жағдайларда өлке деп үздіксіз және нақты бақылау жүргізетін мектептің маңайын айтады. Ал кейбір жағдайларда бұл ұғымды ауданның немесе облыстың әкімшілік аумағына дейін кеңейтеді. Көпшілік жағдайда мектеп орналасқан маңайда зерттеу немесе бақылау жүргізу үшін облыс көлеміндегі мағлұматтарды білу қажет болып шығады. Сол себепті мектептегі өлкетану жұмыстары бұл екі көзқарасты да қамтуы тиіс.

Мектепті қоршаған ең жақын орта бақылаулар жүргізу және білім беру процесінде қолдану үшін қолайлы, сондықтан өлкетану жұмысын мектеп орналасқан жерді терең оқудан бастаған дұрыс. Ал мектептен қашықтағы аудан немесе облыс аумағымен танысу, туған өлкемен танысудың бірізді жалғасы болуы керек. Елбасымыздың « ... Патриотизм туған үй мен туып-өскен өңірден басталады. Біз кіші Отанымыз арқылы бүкіл Қазақстанды сүйеміз» дегені осыны аңғартады.



«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың міндеттерін жүзеге асыруда тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері:

  • үйлесімді әлемнің әмбебап моделін дайындау, әлем және адамның келісті жүйесін қамтамасыз ететін, оның жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық құрамдастарының табиғи бірлігі негізінде білім беруді іргелендіру;

  • тәрбие қызметін білім беру ұйымдарының тәрбие саясатын іске асыру инструменті ретінде қарастыратын тәрбиенің жүйелі тұтастығы;

  • түрлі мекемелер – әлеуметтік мәдени орта субъектілері, қоғамдық ұйымдар, іскерлік және әлеуметтік серіктестермен ұжымдық шығармашылық пен ынтымақтастық негізінде білім мазмұны, білім беру-тәрбиелеу қызметінің формалары мен әдістерін жаңартуды болжайтын тәрбиенің ашықтығы.

Өлкетану жұмыстарының әдістемесі төмендегідей прициптерге құрылады:

  1. Этникалық принцип– этникалық мәдениеттердің бірігуі негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне, азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізуге ықпал ететін мәдениет жасаушы орта қалыптастыру.

  2. Тәрбиенің диалогтық принципі – бір мезгілде қоғамдық мүдделерді сақтау мен тұлғалық-құнды мақсатты іске асыруда міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджментке қабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан өткізу үшін балалардың түрлі бірлестіктері, соның ішінде жетекшілердің тәжірибелерін қалыптастыруда педагогтер ұйымдастырған мүмкіндіктерді пайдалануды болжайды.

  3. Мәдени сәйкестік принципі–тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттердің нормаларына негізделуі тиіс[3].

Өлкетану жұмысын мазмұнына қарай келесі топтарға бөлуге болады:

  • өлкенің тарихи өткенін және халқын оқу, зерттеу (этнография, қалалар, ауылдар, топонимика);

  • халықтың мәдени және рухани өмірі мен шығармашылық әрекетін зерттеу (ұлттық мәдениет, фольклор, сәулет өнері, қолөнері).

Өлкетану жұмысының тиісті ережелері мыналар болып табылады:

  • өлке туралы мағлұматтар мектеп пәндерінде қарастырылмайтын сұрақтармен толықтырылуы тиіс;

  • өз елді мекенінің, ауданының тарихындағы мәліметтермен, қазіргі кездегі өмірінің қызықты, болашақта өлкенің тарих беттеріне енгізуге болатын деректермен толықтыруға көңіл бөлу.

Өлкетанулық жұмыс сын-сипаты:

  1. жүйелілік- бағдарлама құрылымдарының (мақсаты, міндеттері, мазмұны, күтілетін нəтиже) бір-бірімен тығыз байланысты ішкі ой үйлесімділік құрылымының (структурасы) болуы;

  2. қолжетімділік- тәрбиелеудің нақты міндеттерін оқушылардың əр жас ерекшелігіне орай іріктеп алуды іске асырады;

  3. жоспарлылығы- бағдарлама құрылымының негізгі жоспарлы, жүйелілігі арқылы оқушылар білімді тұтас, үзіліссіз, əр түрлі деңгейде ала алады;

  4. бағыттылығы- өлкетанудың тәрбиелік міндеттерінің елдің, өлкенің (аймақтың), ауылдың патриотын қалыптастыруға бағытталуы. [6]

Қазіргі кезде білім берудің өлкетанулық мазмұны, туған өлкедегі алуан түрлі үдерістер мен құбылыстарға біртұтас кешенді-жүйелі көзқарасты қалыптастыруы тиіс. Көрсетілген көзқарастарды жүзеге асыру келесі әдістерге сүйенуді қарастырады:

  1. әдеби тәсіл;

  2. киелі орындар мен тарихи жерлерге туристік сапар;

  3. өзен – көлдерге қайықпен саяхат жасау;

  4. далада картографиялық, статистикалық бақылаулар жүргізу;

  5. көзбен шолу (визуалды);

  6. тақырып бойыша әңгімелесу және сауалнама жүргізу;

  7. тарихи деректер мен жәдігерлер жинау;

  8. фотосуретке және бейнефильмге түсіру;

  9. ақпаратты ғаламтордан, энциклопедиялардан, анықтамалықтардан алу.

Мұғалім өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында білім берудің тиімді заманауи әдістерін қолданады. Өлкетанулық жұмыстарды жүргізу тәсілдерін мұғалімнің жеке педагогикалық шеберлігіне қалдырамыз. Сондықтан, мұғалімнен әрқашан ізденісте болуы қажет. Өлкетану жұмыстарында қолданылатын негізгі әдіс тәсілдер:

Әдеби тәсіл дегеніміз оқылатын аумақ туралы әр түрлі баспа материалдарын қолданумен байланысты. Әдебиетпен танысудың маңызы өлке туралы білімді алдын-ала алуға мүмкіндік туғызатындығында және ол өлкенің даму тарихы туралы сұрақтарды шешуге көмектеседі.

Сонымен қатар әдебиетті оқу өлкені зерттеуден алынған нәтижелердің қорытындысын негіздеу үшін де қажет.

Далада бақылау жүргізу әдісі негізінен табиғат жағдайларын зерттеу үшін қолданылады. Ол мектепте бар техникалық құралдарды қолдану арқылы дала жағдайында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Зерттеудің картографиялық әдісі өлке аумағындағы шаруашылық пен табиғаттың арасындағы кеңістіктік үйлесімділікті ашу мақсатында қолданылады. Өлкетанулық зерттеу жұмыстары картадан басталуы және нәтижелер картаға түсірілуі тиіс.

Зерттеудің маңызды бөлігі – жергілікті жердің планын қағазға түсіру және әр түрлі карталар құрастыру. Киелі орындар мен ескерткіштерді өңірлік картадан табу.

Статистикалық әдіс әсіресе халықты, шаруашылықты, экономикалық байланыстарды оқу барысында жинақталған сандық көрсеткіштерді іріктеп алу және олардан қорытынды шығарумен анықталады. Бұл әдіс әр түрлі сандық мәліметтерді санау, орташа көрсеткіштерді шығару, кестелер құрастыру және олардың графикалық бейнесін сызудан тұрады.

Көзбен шолу (визуалды) әдісі – бұл оқылатын құбылыстар мен заттарды бақылауға бағытталған әдіс. Ол мектептегі өлкетанулық зерттеулерде, саяхаттарда, экскурсияларда өте жиі қолданылады. Бірақ ол басқа әдістермен үйлестірілмеген жағдайда, қажетті сапалық нәтиже бере алмайды.

Жергілікті тұрғындармен, өлкетанушылармен әңгімелесу және сауалнама жүргізу әдісі тарихи және тұрмыстық деректерді қалпына келтіруге, бұрыннан белгілі ақпаратты анықтауға мүмкіндік береді.

Фотосуретке және кинофильмге түсіру – өлкетану зерттеу жұмыстарын жүргізудегі маңызды құралдардың бірі.

Туған өлке туралы ақпараттың тағы бір көзі, ол – жергілікті тұрғындардың отбасылық альбомдарындағы фотосуреттер, бұлардың бәрі мұғалімге туған өлке туралы ақпарат алуға мүмкіндік тудырады.

Өлкенің нысандарын, халқының өмір сүру салтын, күнделікті өмірін фотосуретке немесе кинофильмге түсірудің нәтижесі қызықты монографиялық альбомдар жасауға, өлкетану мұражайының экспонатына арналған материалдар жинақтауға және жекелеген сұрақтар бойынша кино көрсетуге бағытталған [5].

Сонымен, өлкенің өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді, табиғаты мен шаруашылығындағы жағдайларды толығырақ сипаттау үшін, өлкенің қазіргі кездегі және бұрынғы өмірінен деректер мен материалдарды үздіксіз жинап, оқып, зерттеу қажет. Олар келесі сипатта болуы мүмкін:


  • ғылыми еңбектерден және ақпараттан, көркем шығармалардан әдеби материалдар жинақтау;

  • археологиялық қазбалар жүргізуге қатысу;

  • өлкенің көнекөз қарттарымен кездесу;

  • өлкеге қатысты шежірелер мен аңыздар жинау;

  • журнал және газеттердің мақалалары;

  • географиялық карталар;

  • әр түрлі хаттар, жылнамалар және басқа да жазбалар, газет-журналдар беттерінде жарық көрген фотосуреттер.

  • мектепте тарихи мұражай ашу;

Мұрағаттарда, әкімшіліктерде, отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттар, өлкеде ұзақ уақыт өмір сүріп жатқан қарт адамдардың естеліктері, сипаттамалар, жиынтықтарды оқу және қорытынды жасау. Әрине, бұл ауыр жұмыс болғандықтан мұғалім өзі жүргізгені дұрыс болады, бірақ оқушыларды қатыстыруы міндетті шарт.

Өлкетану туралы материалды іріктеу өте маңызды болып саналады, өйткені оқушының өз өлкесі туралы әңгімелеу қабілеті, әңгімелеудің мазмұны оқушы үшін қызығушылық тудырған жағдайда және әңгімелеуге негіз болатын жағдай жасалғанда ғана жетілдіріледі. Келесі факторлардың нәтижесінде өлкетану тақырыбы сабақта коммуникативтік белсенділік тудырады:



  • оқушылар не туралы айтып тұрғандарын толық түсінген жағдайда;

  • оқушылар өздері үшін маңызды әрі қымбат нәрсе туралы әңгімелеген жағдайда.

Сондықтан өлкетану материалын іріктеу барысында келесі себептерді ескерген жөн:

  • оқушылар үшін материалдың шынайылығын, яғни оқушылар әңгіменің не туралы екендігін нақты елестете алулары керек;

  • ұсынылған материалдың оқушылар үшін қызықты болуы (осы ақпаратты білгім келіп еді деген талаптың болуы);

  • берілген материалдың бағдарламалық тақырыпқа сәйкестігін;

  • берілген материалдың әлеуметтік құндылығын;

  • тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыстың орнауын.



3 Туған өлкенің тарихын, оның ішінде мәдени – тарихи ескерткіштерді, жергілікті масштабтағы мәдени нысандарды оқытудағы әдістемелік ұсынымдамалар.
Туған өлке деп – саяхаттар мен экскурсиялар кезінде тікелей байқау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өлкетану әдебиеттері мен картографиялық материалдар арқылы танысатын өзінің әкімшілік облысының территориясын айтады.

Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ оқушылар мен мамандар үшін (тарихшылар, биологтар, геологтар, архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады. Өлкетану жұмыстарында оқушылар бұл жерлер қандай тарихи оқиғамен, қандай салт-дәстүрмен, қай кезеңмен байланысты екенін оқушылардың білуі маңызды шаруа. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет, өйткені туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Өлкетану отансүйгіштік сезімді – Отанға деген терең махаббатты тудырады. Бұл оқушының өзінің бір нақты Қазақстандық ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.



Мектепте өлкетану жұмысын жүргізудің үш жолы бар:

  1. кіріктірілген сабақтар ретінде;

  2. өлкетану курс, үйірмелер арқылы;

  3. оқушылар ұйымының аясында.

Бұлардың ортақ мақсат-міндеттері - мектеп тәжірибесінде мемлекеттің саяси идеологиясын жүзеге асыру.

Мектептегі қазақ тілі, тарихы, географиясы және саз сабақтарына өлкетануға байланысты тақырыптар кіріктіріліп оқытылып келеді. Өлкетану жұмыстары оқушылардың сол тақырыптарды практикалық жағынан талқылап тереңдетіп зерттеуге ден қоюға ықпал етеді.

Өлкетанулық жұмыстар сыныптан тыс үйірме немесе оқушылар шеңберінде жүргізуге болады. Барлық  мектептегі  өлкетану  жұмыстары алдын-ала жоспарланады.

Алдымен өлкетанулық үйірмелерге тоқталайық. Жалпы мектептердегі географиялық-өлкетану жұмыстары мен өлкетану үйірмелерінің жұмыстары бір-бірімен тығыз байланысты.



Мәселен, география мұғалімі бір сынып бойынша өлкетану үйірмесін ұйымдастырады, әрі сыныптың жетекшілік қызметін атқарады.  Үйірменің негізгі  мазмұны - өз облысының өлкесін тану. Оқу жылында үйірме мүшелері киелі орындарға саяхатқа және туған өлкеге топсеруенге шығады. Пәнге қатысты көптеген географиялық материалдар жинады. Саяхаттар мен топсеруендердің қорытындысы күнделікке  толтырады.

3.1 Өлкетанулық жұмыстарды үйірмелер арқылы атқару.
«Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген халық даналығын ескере отырып, біз «кіші Отанымыз» арқылы Отан тарихын таныта аламыз. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жұмыстардың атқаратын қызметі зор.

Өлкетанулық жұмыстарда оқушылар білуі тиісті:

  • туристік саяхаттың қауіпсіздік ережесін;

  • өңірдің мақтанышы белгілі тұлғаларды тану;

  • киелі орындарды, олардың тарихын білу;

  • өңірдегі бірегейлік нышандар мен дәстүрлерді анықтау;

  • тарихи-өлкетану жұмыстарының мақсаттарымен таныс болу;

  • алынған материалдардың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және де оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуі;

Оқушылар жасай алуы тиіс:

  • ардагерлерге, тарихи ескеркіштерге қамқорлық жасау;

  • ұлттық құндылықтарды сақтау;

  • зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алу;

  • өлкетану жұмыстары бойынша конференция, пікір-сайыс, талқылаулар ұйымдастыра білуі;

  • ұлттар достығы мен біргей дәстүрлер фестивалін ұйымдастыру;

  • оқушылар зерттеушілік жұмыстарға қатысып тәжірибе жинақтап оны меңгеруі қажет.

Күтілетін нәтиже:

  • өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді;

  • оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады;

  • оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады;

  • бірегей тұлғаларды үлгі – өнеге тұтуы;

  • бірегей сәулет өнерін қастерлей білуі;

  • туған жерге перзенттік парызды түсінуі;

  • тарихи-өлкетану жұмыстарының мақсаттарымен таныс болуы;

  • оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды;

  • алынған материалдың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және де оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуі;

  • Оқушылар зерттеушілік жұмыстарға қатысып тәжірибе жинақтап оны меңгеруі қажет.

Сонымен, туған өлке жайлы білім беру оқытудың әртүрлі әдістерін оңтайлы және тиімді пайдалану арқылы, сыныптан тыс әрекеттердің әр түрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Өлкетану жұмыстарын бекіту, анықтау, тексеру, бағалау, марапаттау, ынталандыру үшін атқарылатын іс –шараларға сабақ түрлері мен әдістеріне мыналар жатады.

Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтардан:

- интернет-технологияны пайдалану, онлайн сабақтар;

- семинар,конференция сабақтар;

- тарихи оқиғаларға байланысты очерктер, шежірелер жинақтау;

- қызықты тұлғалармен кездесу, көрмелердi рәсімдеу.

Дәстүрлі емес сабақ түрлері:

- кіріккен, аралас, зияткерлік ойын сабақтар;

- зерттеу жұмыстарының байқаулар мен сайыстар;

- пікірталас, диспут айтыс сабақтар;

- реферат және зерттеушiлік жұмыстарды қорғау сабақтары;

- әдеби және тарихи кештер, ерлік сабақтары ;

- экскурсия, саяхат, кездесу сабақ;

- мұражайларға бару, сауалнамалар,тренингтер.



Сыныптан тыс сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер түрлері:

- дәрiс, баяндау, түсіндіру, әңгiмелеу, шығарма жазу әдістері;

- шежірелік суреттер көрмесін, бейне-презентация жасау;

- кластер, венн диаграммасы, семантикалық карта, инсерт таблицасы т.б

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиеттерінің жоқ екенін ескере отырып, өлкетанулық жұмыстар оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер өлкетану жұмыстардың ғылыми – практикалық деңгейін көтеруді талап етеді. Шығармашыл ұстаздар осы бағытта ізденіп, нәтижеге бағытталған бағдарламалар құруда. Сондай кешенді бағдарламалардың бірін назарларыңызға ұсынылып отыр.

Кешенді бағдарламаның мақсаты мен міндеттері айқын. Күтілетін нəтиже қосымша білім беру саласының мақсатымен үндес, əрі қолжетімді.

Бағдарлама ауқымды тақырыпты модульді технология арқылы жүйелі, жинақты түрде жоспарлаған. Бағдарламада өлкетанумен қоса тəрбиенің пəрменді бағыты – туристік бағытты да қиюластыра жоспарлаған.

Кешенді бағдарлама оқу бағдарламасына сəйкес, қолжетімді, яғни оқушы түсінігіне орайлас жоспарланған. Бағдарлама тақырыптары оқушының жас ерекшелігіне орай күрделендіре отырып, үзіліссіз білім береді. Көптеген тақырып оқу үрдісінде аз қамтылатындықтан осындай туристік-өлкетану үйірмелері арқылы қосымша мол білім алатындығына сенеміз.

Шәкірттердің өзіне деген сенім, білуге деген ынтасын арттыруға тәрбиелей отырып, өлкетану деректері бойынша іздестіру, зерттеу жұмысына басшылық жасауға болады. Атап айтсақ, оқушылармен мынадай тақырыптарда (1-кестені қараңыз) топтасып іздестіру, жинақтау, зерттеу жұмыстары жүргізіледі:

1-кесте. Модульдік тақырыптар




Тақырыптар

Сынып

Оқу жылы



«Табиғат бесігі»

5-6






«Елімнің шежірелі байлығы»

6-7






«Алтын адам»

7-8






«Тарих мұрасы»

8-9






«Ұлттық қазына»

9-10



Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Ол: ақпараттардың аяқталған блогынан, оқушының іс-əрекеті бағдарламасынан, оқытушының нұсқауларынан тұрады.

Модульдік оқыту – бұл оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамытатындықтан қосымша білім беруге пайдалануға мүмкіндігі мол. Модульдік технология əдісі бойынша əр сабақта тек жаңа ақпаратты игеру емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылатындықтан үйірме жұмысының бағдарламасына сəйкес.

Модульдік технология оқу тақырыбын ірі тарауларға (модуль) бөлінуін, сонымен қатар əр тараудың мазмұны, білімі жəне ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті, бақылау жəне орындалған жұмыс туралы есеп беру əдістерін қарастырады, атап айтқанда: дəріс (жаңа материалды меңгеру сабағы), тəжірибелік сабақ (білім, ептілік дағдыларын жетілдіру), қорытынды (бақылау жұмысы, бағалау сабақтары). Сонымен, оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу.

Модульдік технология жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар əр тақырып бойынша: актуалдану модулі; теориялық модуль; практикалық модуль; тексеру модулі болуы қажет.

Төменде практикалық модульге негізделген өлкетанулық жұмыстардың кешенді бағдарламасы берілген (2-кестені қараңыз). 5-10 сыныптарға жас ерекшеліктеріне сай бөліп қарастырған бұл кестеде жүргізілетін жұмыстар мен оның күтілетін нәтижелері көрсетілген. Үйірме жетекшілері осы тақырыптар бойынша оқу жылына өлкетанулық жоспар құрып нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Критерийі: Отанымыздың тарихын, мәдениетін жəне салт-дәстүріне мұқият жауапкершілікпен қарайтын жəне оның дамуына іс жүзінде үлес қосатын жаңа ілгерішіл ұрпақ.

2-кесте. Өлкетанулық жұмыстардың кешенді бағдарламасы



Жүргізілетін жұмыстар

Күтілетін нәтиже

«Табиғат бесігі»

5 сынып

Топонимдер – өткен заманның куәгерлері

Өлкеміздегі жер-су аттарының өзгешелігі. Тарихи кезеңдерде жер-су атауларының өзгеруі.

"Туған жер табиғаты" байқауы


Туған өлкедегі жер -су атауларының тарихын және оларға қатысты аңыз-ертегілерін біледі. Табиғи байлықтары, өсімдік жануарлары туралы бүктеме, суретті альбом шығарады.

«Елімнің шежірелі байлығы»

6 сынып

Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар

Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)

Туған өлке тарихының тірі куәгерлері

"Ерліке тағзым-елдікке тағзым"



Өлке тарихы туралы аңыз әңгімелер, деректер жинайды. Мұражайға саяхат-сабақ ұйымдастыру.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою,тағзым ету рәсімін жасау.

Тарихи кештер ұйымдастыру


«Алтын адам»

7 сынып

"Ер есімі-ел есінде"

Отан от басынан басталады.

"Ғұмыры жарқын тұлғалар"

"Еңбек ардагерлері-ел мақтаныштары"

"Жаныңда жүр жақсы адам"

«Жомарт жүрек»



Туған жер түлектері оның ішінде еңбек ерлері, ардагерлер, бейбіт күннің батырлары мен меценаттар, «100 жаңа есім» иесімен кездесу ұйымдастыру. Қабырға газеттер, стендтер,

фотоальбомдар мен бүктемелер, бейнебаяндар әзірлеу.



«Ұлттық қазына»

8 сынып

«Менің мектебімнің тарихы» фото көрме

«Менің туған өлкем» атты электрондық энциклопедиясы.Туған өлке публицистика беттерінде.

«Жәдігерлер сыр шертеді»

"Шеберлер сырын ашайық"



Мектепте мұражай ұйымдастыру.

Көне жәдігерлер жинау.

Ескерткіштерді зерттеу

Өлке туралы материалдардан жинақ шығару.

Өлке шеберлері бұйымдарынан бұрыш ұйымдастыру.


«Тарих мұрасы»

9 – 10 сынып

«Қазақстандағы 100 киелі орын»

Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер.

Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері



Археологиялық қазба жұмыстарына қатысу.

Өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы деректер жинау.

Киелі орындарға туристік саяхатқа шығу.

Конференция, пікір-талас ұйымдастырады.


«Қазақстандағы 100 киелі орын» немесе оған не жатады?

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тізім өңірлік комиссияның ұсынысымен және сарапшылар кеңесінің ғалымдары мен өлкетанушыларының пікірлерін ескере отырып құрастырылған. Оған мынадай тақырыптарға бөлінеді:

1. Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері.

2. Археологиялық және сәулет ескерткіштері.

3. Діни және ғибадат орындары.

4. Тарихи тұлғаларға қатысты киелі орындар.

5. Тарихи-саяси оқиғаларға қатысты киелі орындар.

Өлкенің белгілі адамдары туралы мағлұмат беру барысында мұғалімнің және оқушылардың алдында тұрған міндеттер:


  • өлкеге танымал адамның (жазушының, ақынның, суретшінің т.б.) өмір жолының оның шығармашылығына тигізген әсері туралы сұрақты айқындайтын арнайы әдебиеттерді оқу;

  • жерлес ақын-жазушылар, суретшілер туралы нақты материалдар жинақтап, арнайы альбом әзірлеу, мұражайдың танымал жерлестерге арналған бөлімін толықтыру;

  • халық ауыз әдебиеті және жерлес ақын-жазушылардың әдеби шығармалары арқылы оқушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту;

  • туған өлкені және әдебиетті олардың тарихи дамуының өзара байланысында көруге көмектесу;

  • өлкетануға қоғамның дамуында ерекше рөл атқаратын жалпы адамзат мәдениеті ретінде қарауға және жеке тұлға мәдениетін тәрбиелеу[6].


Мұражайдың маңызы
Өлкетану жүйелі  зерттеу нәтижесінде ғана іске асырылады. Жергілікті жердің жеке тұлғаларының тарихы, ата-бабалар тарихы, бәрінің ұрпақ сабақтастығында үлкен тәрбиелік мәні бар.Осы орайда мектеп мұражайының рөлі айрықша.

Мұражай – дәуіріміздің әр кезеңіндегі тарихи оқиғалар мен олар жайлы нақты деректерді жеткізуші, қымбат қазынаны сақтаушы. Мектеп мұражайы жалпы білім беріп, ой – өрісті дамытады, оқушыларды өлкетану қызметіне қатыстырады.

Мектеп мұражайы балалардың танып білу бейімділігін дамытуға ықпал жасайды. Оқушылар қордағы әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс істеу арқылы жергілікті тұрғындардан материал жинауға ынталанады, табылған құндылықтарды талдауды үйренеді[6].
Саяхат, туризм, экскурсия
Жұмыстың бұл түрлері жергілікті материалдарды меңгеру үшін ұсынылады. «Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия дегеніміз – табиғат, өнеркәсіп нысандарына, жергілікті жердің назар аударарлық жерлеріне ұжыммен ұйымдасқан саяхат жасау.

Саяхат – бұл адамдардың уақыт пен кеңістікте қозғалуы, ал өзінің мақсатына, қозғалыс құралына жəне уақыт аралығына тəуелсіз саяхатта жүретін адамды саяхатшы деп атайды.

Туризм – бұл адамдардың ляззат алу жəне демалу, емделу, қонақтық, танымдық немесе кəсіби-іскерлік мақсаттарымен өзінің тұрақты мекенінен басқа елге немесе өзінің елі шегіндегі орындарға уақытша қозғалысы.

Өлкетану жұмыстарының қызықты түрінің бірі – жаяу саяхат, ол мектеп оқушысын халықтың ұлттық мәдени өмірімен, туған өлкенің табиғатының байлықтарымен, тарихи және табиғи ескерткіштермен таныстырады. Саяхаттың бұл түрі туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді, төзімділікке, ұжым құрамында өзін ұстай білуге үйретеді, сондықтан саяхаттардың білім беру-тәрбиелік мәні зор. Өлке аумағына жаяу саяхат жасау уақыты мен қашықтығына қарай бір күндік немесе бірнеше күндік болады[6].



Әрбір отрядты саяхатқа дайындау талаптары болады. Өлкенің ланшафтына қарай туризм туралы білім беріледі. Туризм тақырыптары мынадай:

  1. Жорық саяхатқа дайындық. Жорықтағы құжаттарды толтырып үйрету. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Топ мүшелерінің жəне топ жетекшісінің міндеттері, атқаратын қызметі.

Топ мүшелерін қауіпсіздік ережесімен таныстыру, дəрігерлік тексеруден өткізу. Жорықтардың қорытындысын шығару. Баспасөз, теледидар арқылы топ серуден қорытындысы туралы мəлімдеп отыру.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;

2.топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3. топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4. топ: медициналық сауатсыздық, тəжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тəртіпсіздік. Табиғи қауіп-қатерлері:жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері; ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығы-ның шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сəулелері, қараңғылық.

  1. Қысқы жорық-саяхат. Туристік топтағы міндеттерді тағайындау

Көп ұлтты отанымызды мақтаныш сезімімен тəрбиелейтін қызғылықты жорық. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларда мектеп оқушылары өздерінің географиялық, экологиялық, өлкенің өткендегі жəне қазіргі өмірімен, оның адамдарымен танысады. Жас туристер шыңдалып, жыл бойына туристік- өлкетанулық білімдер жинайды жəне бойларына туристік дағдыларды, біліктіліктерді меңгереді. Туристік саяхаттар оқушыларды сауықтырудың ең негізгі үлгісі болып табылады, туризммен айналушылардың жан-жақты дене бітімінің денгейін көтеруге, спорттық шеберлігін арттыруға ықпал жасайды.

  1. Тау туризм техникасы. Тау туризм техникасы жарысының қауіпсіздік техникасы.

Жұмар, дюльфердің қолданылуы мен қасиеттері жумар, дюльфер т.б сақтандыру құралдарын қолдану тəсілдерімен танысу. Аталған құралдарды алмастыруға болатын түйін түрлерімен жұмыс жасау. Қауіпсіздік ережесін сақтау – туристік саяхатқа немесе жорыққа қаты-сушылардың басты міндеті. Апаттық жағдай мен жарақаттың алдын – алу мақсатында топ мүшелері келесі міндеттерді орындау керек.

  1. Жіп байлау түрлері. Алаудың түрлері. Туристік құралдар жеке топтық жəне арнайы құралдар.

Топтық жəне жеке жарақтар. Саяхат ауданына, жыл мезгіліне жəне ауа- райына жылыну тəсіліне, саяхаттың ұзақтығына байланысты керекті топтық жəне жеке жарақтардың жол дорбалары мен шатырлардың түрлері. Жорық төсектері, шатырды құруға арналған жарақтар, ошақ, жөндеу құрал жиынтықтары. Алау түрлерімен (шалаш, құдық, перамида, таежный, траншея, «заборчик», «решетка», «аңшының ошағы» т.б.) таныстыру, қолдалынуы, тəртібі (Алауды қатты желден сақтау; оған ауа келіп тұруды қамтамасыз ету; жылынуға - кең жағылған, тағам дайындау үшін - конус тəрізді алауларды пайдалану т.с.с. ) туралы ұғындыру.

  1. Шаңғы туризм техникасы

Далалалық жорық шығып, шаңғы туризм техникасы бойынша жарыстың кезендерімен танысу, оның ішінде тропление лыжни, дюльфермен түсу, жумармен көтерілу, слалом арқылы түсу, тежеп түсу жəнеде тағы басқа кезеңдері. Балалар көрсетіп үйрету. Көмекке нұсқаушылармен жұмыс істеу

  1. Үсікке алғашқы медициналық көмек көрсету.Турист гигиенасы.

Жорықтағы туристке алғашқы медициналық шұғыл көмек көрсету. Қансорғыш жəне улы жəндіктерден (маса, сона, кене, ара,жылан т.б.) сақтану шаралары. Денеден күн өөткенде, суға батқанда, түрлі жарақат алғанда, суық тигенде, үсігенде, ас қорту жолдары ауырғанда, күйгенде медициналық көмек көрсету. Жүру кезіндегі денені қажаудан сақтау шаралары, өзін-өзі бақылау əдістері. Жуыну, шомылу, шынығу, дене, аяқ, тіс тазалығын күтіп ұстау. Тіс пастасын, сабын жеке бас керектілерін үнемі алып жүру.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет