1.1 Байланыстар және байланыстар рекциясы
Байланыстар реакциясының сандық мәні, дененің әсеріне тең, бірақ кері бағытталған.
Кез келген денені шартты түрде еркін деп елестетуге болады, егер оны ойша байланыстардан босатса және денеге байланыстың әсерін реакциялармен алмастырса.
Байланыстардың бірнеше түрлерін және олардың рекцияларының бағыттарын анықтау ережесін қарастырайық.
1.1.1 Иілгіш байланыс
Құрылымды тепе-теңдікте ұстайтын созылмайтын жіптерді, тростарды айтады. Жіптер байланыс ролін атқарады, егер олар тартылып тұрса. Сонымен иілгіш байланыстың рекциясы әрқашан құрылымнан байланыстың бойымен бағытталады (1.2сурет).
1.2 сурет
1.1.2 Сырықтық байланыс
Иілгіш байланыстың орнына жиі ұшында топсалы бекітпесі бар қатты (абсолютты қатаң) сырықтарды қолданады (1.3 сурет). Иілгіш жіптерден айырмашылығы сырықтар құрылымнан пайда болатын тек созушы күштерді ғана емес, сонымен бірге сығушы күштерді қабылдайды. Сонда сырықтардың реакциялары әрқашан сырықтардың бойымен әсер етеді, бірақ сырық созылғанда – құрылымнан бағытталады, ал сырық сығылғанда – құрылымға.
1.3 сурет
1.1.3 Жылжымалы-топсалы тірек (1.4 сурет)
1.4 сурет
Екі балансирдан (1, 2) тұрады, арасында цилиндрлік топсасы бар. Тіреуші жастық бойынша жылжитын, астыңғы балансир катокта (4) орнатылған. Бұл тіректе еркіндіктің екі дәрежесі бар және реакциясы RA катоктың тербелу жазықтығына перпендикуляр бағытталған. Мұндай тірек ұшында абсолютты қатаң топса, бір сырық түрінде көрсетіледі.
1.1.4 Жылжымайтын-топсалы тірек (1.5 сурет)
1.5 сурет
Еркіндіктің бір дәрежесі бар болуы, яғни астыңғы балансирға қатысты үстіңгі балансирдің бұралуы. Реакциясы топсаның ортасымен өтеді және бағытпен, мәнмен сипатталады.
Реакцияның векторы, қабылданған координаталар осьтердің бағытымен беттесетін, екі құраушылармен алмастырылады.
Мұндай тірек, ұшында абсолютты қатаң екі сырық түрінде көрсетіледі.
1.1.5 Қатаң бекітпе (1.6 сурет)
Бұл тірек бекітілген қимаға кез келген жылжуға, орын ауыстыруға кедергі жасайды.
1.6 сурет
Мұндай тіректің реакциясы үш параметрмен анықталады: мәнмен, кез келген нүктеден өтетін күштің бағытымен және сол нүктеге қатысты моментпен.
2 ЖИНАҚТАЛАТЫН КҮШТЕРДІҢ ЖАЗЫҚ ЖҮЙЕСІ
Әсер ету сызықтары бір нүктеде қиылысатын күштерді жинақталатын деп атайды.
Бір нүктеде әсер ететін екі күш, жинақталатын күштердің қарапайым жазық жүйесін құрайды (2.1 сурет)
2.1 сурет
А нүктеде әсер ететін және бір-біріне бұрышпен бағытталатын Р1 және Р2 күштердің тең әсер етушісін анықтау үшін, АВСD параллелограммын тұрғызамыз. АD диагоналі R тең әсер етушіні көрсетеді.
Тең әсер етушінің сандық мәні:
(1)
ABD=1800-, cosABD=cos(1800-)= -cos/
Достарыңызбен бөлісу: |