Методические указания к срсп, срс, практическим занятиям и выполнению контрольной работы для студентов специальности 5В073000 «Производство строительных материалов, изделий и конструкций»


Тұрақты жүктемелердің әсерінен ферманы есептеу



бет8/9
Дата20.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#103834
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
му им 1 сик

3.2 Тұрақты жүктемелердің әсерінен ферманы есептеу
Тек созылу немесе сығылуға жұмыс істейтін, бір бірімен түзу сырықтармен қосылған құрылымдарды фермалар деп атайды (3.4 сурет).

3.4 сурет


Ферманың тіректер арасындағы қашықтықты ферманың аралығы дейді және «l » әріппен белгілейді, h – ферманың биіктігі. Бір немесе бірнеше сырықтардың осьтері қиылысатын нүктелерді, ферманың түйіндері деп аталады. Ферманың түйіндер арасындағы қашықтық – ферманың панелі «d» делінеді.

Ферма жазық деп есептеледі, егер сырықтардың осьтері бір жазықтықта жатса.

Контурдың үстімен орналасқан ферманың сырықтарын – үстіңгі белі дейді, ал контурдың астымен орналасқандарды – астыңғы белі.

Ішкі сырықтар ферманың торын құрайды: тік сырықтар - тіректер деп аталады, көлбеу сырықтар – қиғаш тіреулер.

Тәжірибеде құрылымдардың сырықтары бір-бірімен тойтарма арқылы байланысады немесе дәнекерленеді. Сыртқы жүктемеден жазық ферманың сырықтарында бойлық күштерді анықтау үшін, құрылымның есептік сұлбасын қолданады.

Ферманың түйіндерін қатаң топсалармен алмастырады, ал сыртқы жүктемені ферманың түйіндерінде әсер еткізеді.

Ферманың сырықтарында күштерді анықтау үшін қималар әдісін қолданады. Ферманы қимамен қиып өткенде, үш сырықтан артық емес күштері белгісіз сырықтарды қиып өту керек. Содан кейін жүргізілген қиманың кез келген жағынан ферманың тепе-теңдігін қарастырады.

Мысал: Сыртқы күштермен жүктелген ферма үшін (3.5 сурет), екінші панельдің сырықтарында күштерді анықтау.

3.5 сурет
Ферманың тірек реакцияларын анықтаймыз. Ол ушін статиканың теңдеулерін жазамыз:

mB=0, RA4 - P4d - P3d - P2d - Pd=0, RA=2,5P

mA=0, RB=2,5P

Қарастырылатын панельдің сырықтарында күштерді анықтау үшін қималар әдісін қолданамыз. Күштері белгісіз, үш сырықтан өтетін I-I қимамен ферманы екі бөлікке ойша бөлеміз.

Қиманың бір жағынан (кез келген) ферманың бөлігі үшін тепе-теңдігін қарастырайық (3.6 сурет)

3.6 сурет
Барлық қиылған сырықтар созылып тұр деп, сырықтардағы күштерді қимадан сырықтың бойымен бағыттаймыз. Қиылған сырықтарда күштерді анықтау үшін екі әдіс қолданады: моменттік нүкте әдісі және координаталық осьтерге проекциялау әдісі. Тепе-теңдік теңдеуін құрастырғанда, теңдеуде бір белгісіз болу керек.

Төменде есеп шығарғанда күштердің тәуелсіздік принципін қолданамыз



N12 анықтау үшін «4» моменттік нүктені қолданамыз.

  1. mлев(4)=0, N12h - Pd - P2d + RA2d=0,

.

N34 анықтау үшін «1» моменттік нүктені қолданамыз.

2) mлев(1)=0, - N34h –Pd + RAd=0,



.

Проекциялау әдіспен N14 анықтаймыз:

3) y(лев)=0, -2P + RA – N14sin=0

-2P + 2,5P=N14sin,



NА5 және NА3 сырықтарда күштерді анықтау үшін А түйіннің тепе-теңдігін қарастырамыз (3.7 сурет).

3.7 сурет
3.7 суретте көрсетілген жинақталатын күштер жүйесі үшін, статиканың екі теңдеуін құрастырамыз.

y=0, NA5= - RA = -2,5P

x=0, NA3=0.

Сонымен, жинақталатын түйінде сырықтардағы күштердің мәндерімен, таңбалары анықталды.


4 БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
1 есеп. 4.1 суретте арқалықтардың сұлбалары көрсетілген. Сыртқы жүктемелерден жазық статикалы анықталатын арқалықта тірек реакцияларын анықтау.

Берілгендерін 4.1 кестеден алыңыз.




4.1 сурет


4.1 кесте - 1 есепке берілгендер.




№ п/п



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет