2.4 Бір түзумен бағытталған күштер
Бір түзумен бағытталған күштерді, күштер байламының жеке жағдайы деп қарастыруға болады. Мұндай күштер жүйесінің тең әсер етушісі құраушылардың алгебралық қосындысына тең.
Аналитикалы тұрғыда бұл шарт келесі теңдеумен белгіленеді Xi=0, яғни барлық күштердің Х оське проекцияларының қосындысы (күштің әсер ету сызығы перпендикуляр емес) нөлге тең. Берілген күштердің әсер ету сызығын проекциялар осі деп қабылдаймыз. Бір түзудің бойында орналасқан күштер үшін, статика бір теңдеу береді.
2.5 Қос күштер
Сандық мәндері бір-біріне тең және қарама-қарсы бағытталған параллель күштер, қос күштерді тудырады (2.5 сурет)
2.5 сурет
Қос күштердің тең әсер етушісі болмайды. Қос күштерді құрайтын күштер проекцияларының қосындысы кез келген оське нөлге тең.
Қос күштерді әсер ету сызықтардың арасындағы ең қысқа қашықтықты, қос күштердің иіні деп аталады, және а әріппен белгіленеді.
Қос күштер сызба жазықтығын сағат тілімен айналдырса таңбасы оң, кері жағдайда теріс алынған, қос күштердің біреун иінге көбейтіндісін момент деп аталады және М әріппен белгілейді.
М= Ра (4)
Өлшем бірліктің халықаралық жүйесінде (СИ) күш ньютонмен (Н) өлшенеді, ал ұзындық метрмен (м), сондықтан қос күштердің моменті - Н·м. Ал өлшем бірліктің техникалық жүйесінде (МКГСС) кгк·м.
Тәжірибеде қос күштерді айналдыру бағытын көрсететін ұшында бағыты бар доға түрінде белгілейді.
Тәжірибеде қос күштерді әсер ету сызығына түсірілген перпендикулярдың ұзындығынының, күштің мәніне оң немесе теріс алынған көбейтіндісін, сол нүктеге қатысты момент деп атайды (2.6 сурет)
2.6 сурет
«О» нүктеге қатысты күштің моменті М= Ра.
а – күштің иіні.
Нүктеге қатысты күш моментінің анықтамасынан келесі белгіленеді:
- әсер ету сызығы бойынша күшті жылжытса, күштің моменті өзгермейді;
- нүкте күштің әсер ету сызықтың бойында жатса, онда сол нүктеге қатысты күштің моменті нөлге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |