Методические указания к срсп, срс, практическим занятиям и выполнению контрольной работы для студентов специальности 5В073000 «Производство строительных материалов, изделий и конструкций»



бет2/9
Дата20.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#103834
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
му им 1 сик

ӘОЖ 531.3/6(075.8)



Родионова З.Н., Кангалакова Қ.Ж. Инженерлік механика І: ҚР 5.04.019-2011 Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Үймереттер, ғимараттар және көліктік коммуникациялар құрылысы» кафедрасында дайындалып, барлық оқу түрлерінің кредиттік жүйесі бойынша оқитын 5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өңдеу» мамандығының студенттеріне арналған ОСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік сабақтарға және бақылау жұмыстарын орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. - ШҚМТУ.- Өскемен, 2012. – 20 б.

Әдістемелік нұсқауда есептік-жобалық жұмыстарды варианттар бойынша орындау үшін тапсырмалар келтірілген

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды.

№ _______хаттама «____»_________2012 ж.

 Д. Серикбаев атындағы

Шығыс-Қазақстан

мемлекеттік техникалық

университет, 2012

МАЗМҰНЫ


Кіріспе

4

1 Статиканың негізгі анықтамалары

5

1.1 Байланыстар және байланыстардың реакциялары

6

1.1.1 Иілгіш байланыс

6

1.1.2 Сырықтық байланыс

6

1.1.3 Жылжымалы-топсалы тірек

7

1.1.4 Жылжымайтын-топсалы тірек

7

1.1.5 Қатаң бекітпе

7

2 Жинақталатын күштердің жазық жүйесі

8

2.1 Күштерді екі құраушыларға жіктеу

8

2.2 Күштің оське проекциясы

9

2.3 Жинақталатын күштердің жазық жүйесінің әсерінен болатын, дененің тепе-теңдігінің аналитикалық шарттары

10


2.4 Бір түзумен бағытталған күштер

10

2.5 Қос күштер

10

2.6 Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігінің аналитикалық шарттары

11

3 Тірек реакцияларды анықтау мысалдар

12

3.1 Арқалықтың тірек реакцияларын анықтау

12

3.2 Тұрақты жуктемелердің әсерінен ферманы есептеу

13

4 Бақылау тапсырмалар

16

Әдебиет

19

КІРІСПЕ
Инженерді дайындағанда, инженерлік механика курсы негізгі болып табылады. Инженерлік механика инженерлік білімдердің іргетасы және студенттердің шығармашылық пен зерттеулік қаблеттерін дамытады. Әдістемелік нұсқаулар студенттерге қатты дененің статикасын игеруге мүмкіндік береді. Статиканың есептерінде күштер әсерінен дене тепе-теңдікте болу мүмкін шарттарын қарастырады немесе дене алдын ала тепе-теңдікте болғанда, және денеге барлық немесе кейбір әсер ететін күштерді анықтайтын шарттарды қарастырады.

1 СТАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАРЫ
Статика, денеге әсер ететін күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарын қарастырады. Қатты дененің белгілі салмағы бар, бірақ өлшемдерін ескермеуге болатын қарапайым материалдық денені материалдық нүкте деп есептеуге болады.

Кез келген денені материалдық нүктелерден тұрады деп есептеуге болады. Денелердің бір-біріне әсерлерін, күштер деп атайды. Бір дененің екінші денеге механикалық әсерін статикада күш деп анықтауға болады.

Дене еркін деп есептеледі, егер ол кеңістікте кез келген жерге орнын ауыстырса. Егер дененің кейбір орын ауыстыруы мүмкін болмаса, онда мұндай дене еркін емес. Дененің қозғалысын шектейтін және еркін қылдырмайтын денелерді – байланыстар деп атайды. Орын ауыстыруға кедергі жасайтын және байланыстың әсер етуші күштерін байланыс реакциялары дейді.

Өлшем бірліктің халықаралық жүйесінде (СИ) күш ньютонмен (Н) өлшенеді, ал МКГСС (техникалық) жүйеде – килграмм-күш (кг·к).

Сонда 1 кг·к = 9,81 Н және 1 Н=0,102 кг·к.

Күштің денеге әсерін тек сандық мәнмен ғана емес және әсер ету нүктесімен, бағытымен сипаттайды.

Күшті вектор ретінде P, N, F, R әріптермен белгілейді. График бойынша, күш түзу кесін түрде белгіленеді және ұшында бағыты бар. (1.1 сурет).

А


1.1 сурет


нүктесі – вектордың басы, В нүктесі – вектордың соңы. Масштабпен тұрғызылған АВ кесіні күштің сандық мәнін (модульмен) сиппатайды. Күш KL түзудің бойында жатады және осы түзуді күштің әсер ету сызығы деп атайды. Денеге әсер етіп тұрған күштер жиынтығын, күштер жүйесі деп аталады.

Екі күштер жүйесі эквивалентті деп аталады, егер олардың денеге әсерлері бірдей болса.

Егер күштер жүйесі бір күшке эквивалент болса, яғни бір күшпен алмастыруға болса, онда мұндай күшті тең әсер етуші деп атайды, ал алмастырылған күштер – құраушылары.

Берілген құраушылар бойынша тең әсер етушіні анықтау, күштерді қосу дейді.

Модульмен алынған, тең әсер етушіге тең және әсер ету сызығы бойынша кері бағытталған күшті теңестіруші деп атайды

Денеге әсер ететін күштерді екі түрге бөледі: сыртқы және ішкі.

Берілген денеге басқа денелерден әсер етуші күштерді сыртқы деп атайды.

Берілген дененің бөлек нүктелердің арсындағы қатынас күштерді ішкі деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет