3.1 Арқалықта тірек реакцияларды анықтау
1 мысал.
Арқалықта тірек реакцияларды анықтау (3.1 сурет)
3.1 сурет
Анықтайтын RA және RB тірек реакциялары жоғары бағытталған деп қабылдаймыз.
Қарқындылығы «q» бірқалыпты таралған жүктемені, оның тең әсер етушісіне алмастырамыз. Бірқалыпты таралған жүктеменің тең әсер етушісі заң бойынша таралатын жүктеменің фигурасының ауданына тең және сол ауданның ауырлық центрінде әсер етеді. Біздің жағдайда R=q6.
Арқалықтың тірек реакцияларын анықтау үшін статиканың үш теңдеуін құрастырайық:
1) х=0, -НА=0.
2) mB=0, RA10 - q67 - P4+M=0,
3) mA=0, - RB10+P6+q63+M=0,
RB=8,8 кН
Тірек реакциялары дұрыс анықталғандығын тексеру.
y=0 RA + RB - q6 – P=11,2 + 8,8 - 26 – 8=0.
2 мысал.
Арқалықта тірек реакцияларды анықтау (3.2 сурет)
3.2 сурет
Қатаң бекітпеде тірек реакцияларды атап өтейік RA, НА, МА. Реакциялардың бағыттарын шартты түрде қабылдаймыз. Тірек реакцияларын анықтау үшін статиканың үш теңдеуін жазайық:
1) х=0, -НА=0.
2) y=0, RA – P1 + P2 = 0, RA=P1 – P2=8-12=-4 кН
RA реакцияның көрсетілген бағыттан кері бағытталған екенін теріс таңбасы көрсетеді.
3) mA=0, - MA + M + P14 – P210=0,
MA=-1210 + 4 + 84= - 84 кН м
МА теріс таңбамен болды. Бағыты қабылданғанмен беттеспейді. Шындығында тірек реакциялардың бағыттары 3.3 суретте көрсетілген.
3.3 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |