X. Глоссарий
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы – дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатынең аз талаптардың жиынтығы;
Дәрілік зат – фармакологиялық белсенділікке ие және аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу, сондай-ақ жүктiлiктi болғызбау үшiн қолданылатын дәрiлiк субстанция немесе дәрiлiк субстанциялар қоспасы. Дәрiлiк заттарға биологиялық белсендi қосымшалар жатады;
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың мемлекеттік тізілімі– Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;
Тұнбалар - әдетте дәрілік өсімдік шикізатынан (кептірілген немесе жаңа піскен), сондай-ақ экстрагентті қыздырмай және алып тастамай, жануарлардан алынатын шикізаттан спиртті немесе су-спирт сығындыларымен боялатын сұйық дәрілік түрі.
Денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі – стандарт) – қызметтiң әртүрлi түрлерiне немесе олардың нәтижелерiне қатысты ережелердi, жалпы қағидаттарды немесе сипаттамаларды денсаулық сақтау саласында жалпыға ортақ және көп дүркiндiк пайдалануды белгiлейтiн мүдделi тараптардың келiсiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган әзірлеген құжат;
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі – стандарттау) – нақты қолданыстағы немесе әлеуеттi мiндеттерге қатысты жалпыға ортақ және көп дүркiндiк пайдалану үшiн саладағы ережелердi ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жетуге бағытталған уәкiлеттi органның қызметi;
Дәрілік заттың қауіпсіздігі–дәрілік затты пайдалану кезінде өмірге, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |