Саралап оқыту дегеніміз:
мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ
ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді
топ) жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі;
оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік
беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бӛлігі.
оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеу;
оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге
дейін ӛзгерістер енгізу;
оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу. Дағды, білім, түсінік және
сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін кӛрсету;
оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;
оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не оқушы
топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру.
Саралап оқытудың негізгі түрлерінің бірі даралап оқыту болып табылады,
сондықтан авторлардың кӛпшілігі «саралап оқыту» туралы түсінікті «даралап
оқыту» (оқушының белгілі бір ерекшеліктерін, қасиеттерін ескеру) ұғымымен
тығыз байланыста қарастырады, бірақ әртүрлі анықтама береді (тәсілі, түрі,
кешені, топтастырылуы, құралдарына қарай және т.б.).
Зерттеулердің нәтижесі саралаудың екі түрін береді. Олар сыртқы және
ішкі (сынып ішіндегі) саралау болып бӛлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |