1-ҚОСЫМША
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ Конвенция
(балаларға арналған нұсқасы)
1-бап. Баланы анықтау
18 жасқа толғанша сен баласың және осы Конвенцияда жазылған барлық құқықтарға иесің.
2-бап. Дискриминацияға тыйым салу
Сен ата-анаңның немесе қамқоршыңның қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліңе, түр-түсіңе, жынысыңа, тіліңе, дініңе, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарыңа, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіңе, мүліктік жағдайыңа, денсаулығыңның және туылуыңның жай-күйіне немесе өзге де жағдайларға қарамастан дискриминацияға ұшырамауың тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |