«Жүрек аускультация» стандарты
1. Жүрегі ауру адамның әр түрлі қалыпында (тұрған, отырған, жатқан т.б.) тыңдау керек, өйткені жүрек ақауларының әр түрінде пайда болатын дыбыстар науқастың тек бір қалыпында жақсы естіледі де бақа қалпында нашар естіледі.
2.Тыныс дыбыстары кедергі тудырмас үшін жүректі тынысты тоқтатқан кезде тыңдау керек.
3.Митральді қақпақты жүрек ұшы соққысының үстінен тыңдайды (1 тыңдау нүктесі)- фонендоскопты жүрек соққысының үстіне қой, жағдайда жүрек ұшы соққысының орны V қабырға аралығында сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай.
4. Қолқа қақпақтарын төстің оң жақ жанында 2 қабырға аралығынан тыңдайды (2 тыңдау нүкте)
5.Өкпе артериясы қақпақтарын төстің сол жақ жағында 2 қабырға аралығынан тыңдайды. (3 тыңдау нүктесі).
6.Үш жақтаулы қақпақты төстің семсерше өскені түбінің деңгейінде тыңдайды. (IV т.нүкте)
7.Боткин-Эрба нүктесі-қолқа қақпақтарының тыңдау үшін қосымша нүкте. (V тыңдау нүкте). Оның орны төстің сол жақ жанындағы III қабырға аралық. Жүректі тыңдау реті мынадай: әуелі I тыңдау нүктесін, одан кейін II тыңдау нүктесін, III,IV соңында V қосымша тыңдау нүктесін тыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |