Қан тамырларды зерттеу: а) ұйқы, шыбық, самай, сан, тақым асты артериялар мен аяқ ұшының сыртқы және асықты жілік артерияларын қарау, сипау - тамыр соққысының деңгейін, серпімділігі, қан тамырдың қабырғасы - тегіс, бұдырлы, иреленген; б) мойын мен аяқтағы көк тамырларды қарау және пальпация жасау - иреленген, толығьш ісінген, кеңейген, оң веналық пульс, қабынған көк тамырлардың сипағандағы ауырсыңғыштығы; в) ұйқы артериясы мен мойындық веналарды тындау;
г) шыбық артериясында пульсты зерттеу -жиілігі, толықтығы, кернеуі, ырғақтығы, биіктігі, пішіні, кемістігі, әртүрлі пульс;
д) қан қысымын өлшеу, оны сырқатнамаға тіркеу.
Ас қорыту жүйесі .
Шағымдары: а) ауру сезімі - орналасқан орны, тағамның түрімен жөне оны кабылдау уакьітымен байланысы, таралуы, күші (қарқыны), сипаты, оқтын-оқтын, үстама тәрізді немесе тұрақты, басылуы, жыл мезгіліне байланысты; б) диспепсиялық көріністер: тәбет - оның бұзылыстары, жүрек айну, кекіру, қыжылдау, құсу, құсудың ауру сезімімен байланысы, құсықтың сипаты, іштің кебуі, өтуі, қатуы; в) жүдеу, арықтау; г) жұту, жұтудың бұзылуы (дисфагия); д) үлкен дәреттің жағдайы - сипаты, жиілігі, шырьшггың және қанның болуы, біркелкілігі; е) қан кету - қызыл иектен, өңештен, асқазаннан, тік ішектің кеңейген көк тамырларынан.
Қарап тексеру: а) ауыз қуысы: тіл - түсі, ылғалдылығы, өңезденуі, және оның түрі, тілдің тілінуі, ойықтануы (ауздың уылуы); ауыз қуысының кілегей қабаты, қызыл иек, жақ пен тістер; жұмсақ және қатты таңдай - түсі, ақ таңдақтар; б) іш — пішіні, тыныс алуға қатысуы, екі жағының бірдейлігі, асқазан мен ішектің көзге көрінетін қыймылы, көк тамыр тарамдары, іштің тері асты көк тамырларындағы қанның ағу бағыты; шемен кезіндегі іштің кіндік деңгейіндегі өлшемі.
Пальпациясы: а) үстірт немесе беткей пальпация кезінде ауру сезімі бар аймақтар, құрсақ бұлшық еттерінің кернелуі, ісіктер мен жарықтарды анықтау, кіндік сақинасының жағдайы, іштің тік бүлшық еттерінің ажырауын, іш пердесінің қабыну белгісі -Щеткин-Блюмберг бойынша анықтау; б) терең, әдістемелік, жылжымалы, Образцов - Стражеско бойынша пальпация тәсілімен асқазан мен ішектерге сипаттама беру: орналасуы, ауру сезімі, көлемі, бетінің сипаты, қозғалғыштығы, біркелкілігі, шұрыл, толқын белгісі.
Перкуссиясы: а) перкуторлық дыбыстың сипаты; б) іш құрсағындағы сұйықтық, оның деңгейі шалқайып жатқанда, бір жанында жатқанда және тік тұрғанда; в) бауыр тұйықтығының анықталмауы (асқазан немесе ішектің тесілуінде).
Аускультацисы: а) ішек қимылы дыбыстарының сипаты; б) іш пердесінің үйкеліс шуылы; в) қолқаның құрсақ бөлігі үстінде шуылдың пайда болуы.
Бауыр, өт шығару жолдары, ұйқы безі.
Шағымдары:
а) оң жақ қабырға астындағы ауру сезім -сипаты, тұракты, ұстамасы, таралған, күші (қарқыны), пайда болу жағдайы, басылуы, тағам қабылдауымен және оның түрімен байланысы: б) диспепсиялық көріністер: жүрек айну, құсу, кекіру, құсықтың сипаты, тәбеттің жағдайы; жүдеу, іштің кебуі, нәжістің түсінің өзгеруі; в) сарғаю, терінің қышуы; г) іштің үлкеюі, іште ауырлық сезіну;
д) зәрдің қоңырлануы; е) қызудың көтерілуі, қалтырау; ж) буындардың сырқырауы.
Қарап тексеру: а) терінің - сарғаю, оның деңгейі, қасынған тырнақ іздері; қанталау, ксантелазмалар, алақанның қызаруы, қантамырлардың кеңеюі -"жұлдызша" тәрізді; б) ішті қарау, оның пішіні, тыныс алуға қатысуы; өзгеруі - жатқанда, тік түрғанда; в) оң жақ қабырға аймағының шектеліп немесе таралып үлкеюі және осы жерде пульсацияның болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |