«Кеуде сарайын қарау»
1.Қарауды сырқатты отырғызып немесе тұрған күйде жүргізініз
2.Науқас киімдерін беліне дейін шешсін.
3.Тексеруді жақсы жарықпен жүргізіңіз
4.Кеуде сарайының пішінінде, бұғанаға, бұғана үсті және бұғана асты ойықтарға, жауырынның орналасуына баға беріңіз.
5.Тыныс алу типін, ырғағын, жиілігін сипаттаңыз
6.Тыныс алу кезінде оң және сол жақ кеуде сарайының қозғалысына көңіл аудар, қалыпты жағдайда кеуде сарайының қозғалысы тыныс алу актісіне симметриялы түрде қатысады.
7.Тыныс алу актісіне қосымша және тыныс бұлшық еттерінің қатысуына көңіл аударыныз.
«Кеуде сарайының салыстырмалы перкуссияся»
1.Өкпе ұшынан перкуторлы дыбысты салыстырамыз: -плессиметр-саусақты бұғана үсті ойығына параллель қой, балғашық саусақпен бұғана үстіне соғады.
2.Плессметр-саусақты бұғананың астына қабырға аралығына параллель қойып, анықтаңыз.
3. Перкуторлық тексеруді кеуденің сол жағында IV қабырға аралығына дейін жүргізеді. (одан төмен жүрек жатыр).
4.Кеуденің оң жағында перкуссияны тынық дыбысқа дейін жүргізіңіз.
5. Перкуссия қолтық астына жүргізіңіз.
6.Салыстырмалы перкуссияны арқасынан жауырынының үстінен жүргізіп баста: -плессметр-саусақты жауырын үстіне горизонтальді қойып кезектестіріп оң және сол жағынан перкуссияла, - науқастан қолын кеудесіне айқастыра жинауын сұра (сонда сырқат жауырынан омыртқадан әкетеді) – плессиметр-саусақты жауырын аралығына омыртқа мен жауырын қырының арасына вертикальді қойып, оң және сол жағындағы дыбысты салыстыра перкуссияла.
7. Плессиметр-саусақты жауырын ұшынан төмен қабырға аралығына параллель қойып, оң және сол жағынан дыбысты салыстыра перкуссияла.
8.Осы тәсілмен плессиметр-саусақты келесі төменгі қабырға аралығына қойып жалғастыр. –кеуденің екі жағындағы симметриялы нүктелерден перкуторлы дыбыстың күшіне, ұзақтығына, биіктігіне көңіл аудар.
9. Қалыпты жағдайда салыстырмалы перкуссияда өкпенің барлық бөлігіне ашық өкпе дыбысы естіледі. Патологияда тынық, қорап, тимпанды дыбыстар естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |