Аускультациясы: шулар (қан тамырлар дерттері бар жағдайда).
Нейроэндокринді жүйе.
Шағымдары: бас ауру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, сезім ағзаларының жағдайы - көру, есту, иіс сезу, жанасу сезімі, дәм сезу, сана - сезімі, ойлау қабілеті, жады, уақыт пен айналасын бағдарлау; өзінің жағдайын, аурулығын білу, түсіну, аурухана қызметкерлерімен, айналасындағы науқастармен қарым-қатынасы, шөлдегіштік, аузының құрғауына, ашуланшақтыққа, тез шаршауға шағымдануы.
Қарап тексеру: салдану белгілерінің болуы, Ромберг - дене қалпында тұра алмауы; саусақ дірілі, қабақтың майда дірілі, көз қарашағының көлемі, пішіні, көздің бадыраюы, алыптық, ергежейлік, аяқ-қол, мұрын, бет сүйектерінің өсуі, терісінің дақтануы.
Калканша без. Қарап тексеру және пальпациясы:
қарағанда: мойынның алдыңғы аймағында қалқанша безінің үлкейгені анықталады (анықталмайды);
сипап тексергенде: қалқанша безінің бөліктері ұлғайған, консистенциясы (тығыз, жұмсақ), беті (тегіс, бұдырлы), ауру сезімі бар ма, жоқ па?
Науқасты тексеру жоспары.
Жалпы тексерістерден кейін (қанның, зәрдің, қақырықтың тексерістері, кеуденің R-зерттеуі; 40 жастан асқан кісілерден қандағы қанттың мөлшерін, қанды мерезге тексеру; нәжіс, ішек құрттарын зерттеу, ЭКГ) қосымша тексерістер жүргігізіледі (дерттің түріне байланысты).
Синдромдық диагнозды дәлелдеу.
Алынған мәліметтерді жиналған реттілігіне сәйкес дұрыс бағалап, негізгі клиникалық белгілерді айыра отырып науқас адамның ауруы туралы болжам жасалуы керек. Ол үшін алдыменен сұрап тексеруден алынған мәліметтер (шағымдары, анамнездік), сосын объективті тексерістерден алынған белгілер (қарау, пальпациясы, перкуссиясы, аускультациясы арқылы) және тағы лабораториялық, аспаптық тексерістермен дәлелденген мәліметтер болжамдық синдромның негізін құрайды.
Сырқатнаманы ассистентке тапсырған күні ____________________
« » ____________ 200___ ж
Оқушы (студент) ___________________
Достарыңызбен бөлісу: |