Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару


№10 дәріс. Сәйкестікті растау негіздері



бет27/31
Дата03.03.2022
өлшемі147,61 Kb.
#134249
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Лекции МССУК-Каз 111 (1)

№10 дәріс. Сәйкестікті растау негіздері




Дәрістің мазмұны: сертификаттау мәні және мазмұны, негізгі терминдер және түсініктемелер, міндетті және ерікті сертификаттау, сертификаттау жүйелеріне қатысу түрлері және тану бойынша келісімдер.
Дәрістің мақсаты: сертификаттаудың негізгі анықтамаларын, мақсаты мен міндеттерін оқып үйрену; «Техникалық реттеу» Заңының негізгі ережелері; өнімді сертификаттаудың принциптері, ережелері және тәртібі.


Сертификаттау латын тілінде «Дұрыс жасалған» ұғымын білдіреді. Өнімнің дұрыс жасалғанына сенімді болу үшін оның қандай талаптарға сәйкес
және оның осы сәйкестігі туралы нақты дәлелдерді қандай түрде алуға болатынын білу керек.
Сертификаттау саласында ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыздан- дыруды құрастыру стандарттау бойынша ISO халықаралық ұйымына тапсырылған. ISO сертифакатту сұрақтарында IEC Халықаралық электртехникалық комиссиямен ынтымақтасады. Сертификация саласындаи негізгі құжат ISO/IEC-тің 28 Нұсқаулығы «Үшінші жақпен өнімді сертифакаттаудың типтік жүйесінің жалпы ережелері» деп есептеледі.
ISO/IEC «сәйкес» терминін ұсынады; бұл өнімнің (процестің, қызметтің) берілген талаптарға сай екенін көрсететін, сенім тудыратын, өтініш беру мүмкіндігі бар процедура. Бұл:
а) сәйкестік туралы декларация, яғни өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін көрсететін дайындаушының жазбаша кепілдемесі;
б) сертификаттау - өнімнің, процестің, қызметтің қойылған талаптарға сәйкес екендігін көрсететін үшінші тарап беретін жазбаша кепілдендіру амалы. Сәйкестік туралы декларация келесі мәліметтерден тұрады: декларацияны ұсынатын дайындаушының мекен-жайы, бұйымның таңбалануы және ол жайлы қосымша ақпарат; техникалық реттеу саласындағы нормативтік, құқықтық актінің атауы, өнімнің осы акттің талаптарына сай екені бекітіледі; өтініштің мазмұнына дайындаушының жеке жауаптылығы туралы көрсетулер,
т.б.
Ұсынылатын ақпарат сынау нәтижелеріне негізделген болуы қажет. Сәйкестік туралы декларация осы өнімнің жоспарланған шығарылу мерзімін ескере отырып, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде дайындаушының (орындаушының) өнімге қойған мерзімінде қабылданады.
Сертификаттау арқылы сәйкестікті бекіту міндетті түрде үшінші тараптың қатысуын талап етеді. Осы жолмен сәйкестікті бекіту тәуелсіз, белгілі бір амалдар ережелері бойынша іске асырылатын, қойылған талаптарға сәйкестігін кепілдейтін амал болып табылады.
Сертификаттау қойылған талаптарға өнімнің (процестің, қызметтің) сәйкестігінің негізгі сенімді әдісі болып есептеледі.
Сәйкестікті дәлелдеу осы немесе басқа сертификаттау жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе процедураға және басқаруғада қатысты сертификаттауды өзінің жеке ережелері бойынша іске асырылады.
Сертификаттау жүйесін құрайтындар:

    • жүйені басқаратын, оның жұмысын қадағалайтын және сертификаттау жүргізуге өз құқын басқа органдарға бере алатын орталық органы;

- сертификаттауды жүргізудің ережелері мен тәртібі;
- сертификаттау кезінде оларға сәйкес екендігі тексерілетін нормативтік құжаттар;

    • сертификаттау амалдары (сұлбалары);

    • инспекциялық бақылау тәртібі.

Сертификаттау жүйелері ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде әрекет ете алады.
Сертификаттау міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін.
Міндетті сертификаттау заңдар мен заңнамалық ережелер негізінде іске асырылады және міндетті стандарт талаптарына, техникалық регламенттер талаптарына тауардың (процестің, қызметтің) сәйкестігін дәлелдеуді қамтамасыз етеді. Осы нормативтік құжаттардың міндетті талаптары қауіпсіздікке және адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты болғандықтан, міндетті сертификаттаудың негізгі аспектісі қауіпсіздік және экология болып табылады.
Қазақстанда міндетті сертификаттау «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңымен ендірілген. Міндетті сәйкестілікке бекітуге жататын өнім техникалық реттеу саласындағы нормативтік, құқықтық актілерімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет