Мұғалім: Мамбеталинова А. Т. №2 Новоишим орта мектебі 2016-2017 оқу жылы Тақырыбы



Дата31.12.2019
өлшемі50,5 Kb.
#55136
Қазақтың дарабоз ақыны –

Мағжан Жұмабаев



Мұғалім: Мамбеталинова А. Т.

2 Новоишим орта мектебі 2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы : Қазақтың дарабоз ақыны- Мағжан Жұмабаев.

Мақсаты:1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын қайталау.

2. Оқушылардың өлеңге, поэзияға деген құштарлықтарын және мәнерлеп

оқу дағдыларын арттыру.

3. Оқушыларды поэзияны сүюге, құрметттеуге тәрбиелеу.



Әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілік: портрет, слайд арқылы ақынға байланысты суреттерді көрсету

Сыныптан тыс іс-шара.

Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны

Мағжан ақын ретінде Абайдан күштірек.

Біз Мағжаннан үйренуіміз керек.



Сәбит Мұқанов.

  1. Мұғалім сөзі:

Балалар бүгін біз қазақтың ақыны Мағжан Жұмабаев туралы алған білімдерімізді бекітеміз. Сабағымыз Мағжанға арналады. Слайд арқылы ақынның өмірбаянын оқушылар әңгімелейді.

Ақынның өмірі

  • Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ауыл мұғалімінен хат танып, түрік, орыс, парсы тілдерін үйренеді.

  • 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы бітіріп шығады.

  • Кейін Уфадағы Ғалия медресесінемоқуға келеді. Осы жылдардан бастап, Мағжан тұңғыш өлеңдерін жаза бастайды.

  • Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы “шолпан” деген атпен 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрді. 1913 жылы Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы бітіріп шығады.

  • “Батыр Баян”

  • “Қорқыт”

  • “Жүсіп хан”

  • “Қысқы жол”

  • “қара орман”

  • “қайың”

  • “мен жастарға сенемін”

  • “Қарағым”т.б.

  • 1929 жылдан бастап қуғын –сүргінге ұшырайды. Түрмеге түсіп, “халық жауы” деген жалған айыппен сотталып, 1938 жылы жазықсыз атылады.

  1. Шағын видео көрсету.

  2. «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқушылар айтып береді.

  3. Сахналық көрініс:

Күңірене шыққан Құрманғазының «Қайран шешем» күйі. Сахнада абақты

бейнеленеді. Темір тор. Май шам. Күңгірт. Темір тордың ар жағынан күніренген үн

естіледі: Мағжанның

«Сағындым» өлеңін темір тордың ар жағынан оқиды. /Мағжан рөлінде/ 1оқушы

оқиды.

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,



Сарғайдым ғой, сар даламды сағандым.

«Қарашығым, құлыным!» - деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғал қара көлеңке,

Ерте-кеште, күндіз-түні арылмас.

. Өлең жолдары оқылған сайын дауыс жігерлене, өршелене түседі. Күй үні де күшейе

түседі. Ана бейнесінде бір оқушы шығады. Баласын тосып шаршаған,қажыған ана

қоңыр үнмен:

Құлыным, ботам...! Мағжаным!

Қу тағдыр, басыңа қайғы түсірді – ау...

Зар заман... Аясаңшы, ботамды,

Мағжаным, жаным, қайдасың?

Қарашығым, құлыным...

Ана бүгіліп, дауыс қылып, зарлап жылайды. Ана бейнесі өте бере, қайтадан Мағжан

өзінің«Сағындым» өлеңін жалғастырып оқиды.

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным» деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым...?

Өлең біте бере май шам өшіріледі. – Музыка үні бәсеңдейді. Сахнаға 2- оқушы шығып,

Мағжанның «Мен кім» деген өленің мәнерлеп оқиды:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?...


Жыланмын мен, келме жақын, жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымын күліп қана қарармын...


Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?




  1. 1 топ Мағжан Жұмабаев өмірі бойынша хроногиялық кесте құрастырады.

2-топ кластер құрастырады

  1. Бекіту екі топ сөзжұмбақтар жасыру.

  2. Мұғалім сөзі:

Иә, Мағжан өзі айтқандай, арыстандай алысып, жолбарыстай қарысып, әділдік, бостандық үшін күресіп өтті. Ақын мұрасы ұшан- теңіз.Әрине, Мағжанды бір ғана сағат оқып білуге болмайды.Оны жылдар, ғасырлар бойы оқып үйренуіміз қажет. Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.
Қорытынды:

1. Мағжан қандай ақын? Қандай өлеңдерін, поэмасын білдіңдер?

2. Ақыннның өлеңдері не туралы? Қандай лирикаға жазылған?

3. Ақын өмірі қандай болған? Оның қандай мұраларын білесіңдер?




ана

Құлыным, ботам...! Мағжаным!

Қу тағдыр, басыңа қайғы түсірді – ау...

Зар заман... Аясаңшы, ботамды,

Мағжаным, жаным, қайдасың?

Қарашығым, құлыным...



Мен кім

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?...
Жыланмын мен, келме жақын, жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымын күліп қана қарармын...

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Мағжан

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,



Сарғайдым ғой, сар даламды сағандым.

«Қарашығым, құлыным!» - деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғал қара көлеңке,

Ерте-кеште, күндіз-түні арылмас.


Абақтыда айды, күнді жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.



«Қарашығым, құлыным» деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым...?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет