Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы Жоспар



бет2/6
Дата11.09.2024
өлшемі2,93 Mb.
#204154
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы

Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасының басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдықтарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін қарастырып және олар өзін ұжымда орнықты сезінуі қажет. А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана болуы мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

Бірінші кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымнын қалыптасуы кезенінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек. Екінші кезеңінде ұжымды дамытудың талаптарын тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді. Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маныздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылган мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушынын рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек. Үшінші кезенінде тек мұғалім мен белсеңділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердін ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруынын жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

  • Бірінші кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымнын қалыптасуы кезенінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек. Екінші кезеңінде ұжымды дамытудың талаптарын тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді. Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маныздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылган мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушынын рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек. Үшінші кезенінде тек мұғалім мен белсеңділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердін ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруынын жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет