Тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру |
Мақсат:
|
Білімдік
|
Жаңа білім
|
• Координаталық сәуледе оң сан мен теріс сандардың орналасуын еске түсіре отырып, координаталық түзудегі рационал сандарды салыстыру ұғымын біледі.
|
Жаңа түсінік
|
• Координаталық түзуде рационал сандарды
0 санымен салыстыру және оң санмен теріс сандарды салыстыру, теріс сандарды өзара салысырудың анықтамалары арқылы негізгі ұғымдарды түсінеді.
|
Құзырлылық
|
Қолданым әрекеті
|
• Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолдана отырып, есептер шығарады.
|
Талдау әрекеті
|
• Берілген ұғымдарды талдай отырып, салыстыруларды теңсіздіктер арқылы жазып, координаталық түзуде кескіндейді.
|
Шығармашылық әрекет
|
• Рационал сандарды салыстыру ұғымдарды қолдана отырып, есептер шығарады, ой қорытады.
|
Құндылық
|
Бағамдау әрекеті
|
• Жаңа тақырып маңыздылығын бағалайды.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (4 мин.).
|
Сабақ типі:
|
|
• Жаңа сабақ
|
Оқыту әдісі:
|
|
• Репродуктивті, ішінара ізденушілік
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
• Салыстыру, теңсіздік белгілері, модульдері бойынша салыстыру.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау, берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.
|
Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру:
• Күтілетін нәтижеге(мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша
АБ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.
Математика.'>Ақпарат көздері:
|
|
1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық./ А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З. А. Жұмағұлова Алматы, Мектеп
2. Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы: Атамұра, 2006.
3. Алдамұратова Т.А Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.- Алматы, Атамұра, 2011. 38-40 бет.
4. Математика. Тест тапсырмалары: Жалпы білім беретін мектептің 5-6-сыныптарына арналған. /Алдамұратова Т.А., Снегуренко Н.Б.
5. Т.А. Алдамұратова, Тупаева В.И.Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы: Атамұра, 2011.
6. Математика. Тест тапсырмалары: Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған / Алдамұратова Т.А., Снегуренко Н.Б.
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша (бонус) баға ШӘ блогы үшін беріледі.
|
Тақырып жоспары:
Координаталық түзудің бойында оң сан мен теріс сандардың орналасуы.
Координаталық сәуледе рационал сандарды салыстыру.
1-слайд
1-тақырыпша Координаталық түзудің бойында оң сан мен теріс сандардың орналасуы.
|
2-слайд
Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан оның сол жағында кескінделеді.
Координаталық түзу бойында оң сандар нөл санының және теріс сандардың оң жағындағы нүктелерімен кескінделеді. Мысалы, А (2) нүктесі О (0) және В (-4) нүктелерінің оң жағында. Демек, 2>0 ; 2>-4
Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез келген теріс саннан үлкен.
Мысалы: 3>0 ; 1>-5
Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.
Координаталық түзу бойында теріс сандар нөл санының және оң сандардың сол жағындағы нүктелермен кескінделген. Мысалы: С(-3) нүктесі О (0) және D (4,5) нүктелерінің сол жағында. Онда -3<0 ; -3<4,5
|
3-слайд 2 тақырыпша Координаталық сәуледе рационал сандарды салыстыру.
|
4-слайд Мысалы,
Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:
Егер «а- оң сан» болса, жалпы түрде былай жазылады:
Егер «в- теріс сан» болса, жалпы түрде былай жазылады:
ІІІ. Кешке ауаның температурасы -20С, ал бүгін ауаның температурасы төмендеп, -50С болды. (1-сурет)
Сурет бойынша -20С температура -50С температурадан жоғары. Онда -2 саны -5 санынан үлкен. Жазылуы:
Егер -2 және -5 сандарының модульдерін тауып, оларды модульдері бойынша салыстырсақ, онда
Осыдан
|
| 0>
Достарыңызбен бөлісу: |