Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



бет4/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1. Оңаша тәуелденубір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.

2. Ортақ тәуелдену - бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі.

Мысалы:


Оңаша тәуелдену

Ортақ тәуелдену

Менің үй –ім

Сенің үй – ің

Сіздің үй – іңіз

Оның үй - і



Біздің үй – іміз

Сендердің үй – лерің

Сіздердің үй – леріңіз

Олардың үй - і




6-тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құрыңыз.



7-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз. Тәуелдік жалғауын табыңыз.

Абайлаңыз тұмау!

Өткен жылмен салыстырғанда биыл тұмау ауруына шалдыққандар саны екі есеге көбейген. Осы маусымда 49139 адам жедел-респираторлық аурумен ауырған. Оның 30 647-і балалар. Бұл өткен жылғыдан 18,3 пайызға артық.

Тұмау ауруының көбейетін кезі әдетте желтоқсан-наурыз айлары болып саналады. Бірақ биыл тұмау қазан-қараша айында, сәл ертерек белең алды. Бұған ауа-райының құбылуы себеп болса керек. Бұл ауруға шалдыққанда көбіне аса мән бермей, «әншейін тұмау ғой» деп жеңіл қарауға болмайды. Ол асқынып кетсе, тыныс жолын, жүйке жүйесін, қан тамырларын, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ, бұл вирус науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және сол секілді басқа да нәрселері арқылы жұғып, тез тарайды. Бір мезгілде бір ауыл, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін тұмаумен қайтып ауырмайды.


Термин сөздермен танысайық!


Болеутоляющее

Ауырсынуды басатын, қойдыратын, аналгетик

Врач, высококвалифицированный

Жоғары дәрежелі маман дәрігер

Грипп, токсический

Уытты тұмау

Грипп, эпидемический

Эпидемиялық тұмау

Диагноз, подтвержденный

Расталған диагноз

Микроскопия

Жай көзге көрінбейтін обьектіні микроскоппен зерттеу

Онкология, онколог

Ісік ауруларын зерттейтін медицина саласы, емдейтін маман

Светолечение

Сәулемен емдеу, фототерапия


Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.



С.Торайғыров.

Ана тілі дегеніміз- сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.



Ғ.Мұстафин.
Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.

Әрбір тіл өзінің халқы үшін - Ұлы.



Ш.Айтматов.

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.



А.Байтұрсынұлы.

9-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін оқып, олармен сөйлем құрап жазыңыз.

ел – ім

Менің қала – м

дос – ым

көше – м
емхана – ң

Сенің қалам – ың

әріптес – ің
дәптер – і

Оның бала – сы

Отан – ы

әже – сі


10-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Халық емі

Тұмауратқан адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тез шығып кетуіне көмек­те­седі. Сондай-ақ, тұмау эпидемиясы басталған кезде қолды тәу­лігіне 5-6 рет сабындап жуу керек. Бұл тұмаудың жұғуын 2 есеге дейін тө­мендетеді. Тұмаудың тағы бір емі — бал қосылған сүт. Сондай-ақ, ауырған кезде сүті бар шайға бал қосып, және сүтке сары май қосып ыстықтай ішуге болады. Бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі. Бұл дертке қарсы үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алоэ жапырағының сөліне бірнеше тамшы өсімдік майын қосып, мұрынға тамыз­ған жөн. Егер алоэ табылмаса орнына сәбіз шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз.

Мұрныңыз бітіп қалса, пияздың суы да жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына шылап, бірнеше минут мұрын қуысына салып қою керек. Оны күніне 4-5 рет қайталау қажет.

Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (екі-үш бөлігін) пен орташа көлемдегі бас пияздың төрттен бірін майдалап турап, араластырып бір түн қою керек. Ертесіне оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызасыз. 5 ас қасық суға шыланған 1 грамм мумие ерітіндісін күніне бірнеше рет мұрынға тамызу керек. Кеңсірік қабынғанда күніне бір рет ертеңгісін ашқарынға 0.2 грамнан ішуге де болады. Бес күн үзілістен кейін ем 3-4 рет қайталанады.


11-тапсырма. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңдар.

1. адал мықты

2. дос түн

3. асыл кәрілік

4. тырысу жүрек жұтқан

5. ұзын дұшпан

6. байлық бейшара

7. осал қысқа

8. жастық арам

9. су жүрек ұмтылмау

10. күн кедейлік




Артық болмас білгенің!



Денсаулық зор – байлық.

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.


Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – бес саулық.



ТЕСТ
1. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А) ерлік;

В) айттым;

Д) көрдім;

Е) білім;

С) киімім.


2. Мына сөздердің қайсысы тәуелдік мағынаны береді?

А) баласы;

В) күлімсі;

Д) қылымсы;

Е) жазғы;

С) қысқы.


3. Ортақ тәуелденуді табыңыз.

А) ағам;


В) сыныбым;

Д) ағашың;

Е) аналарың;

С) баласы.


4.Тәуелді септелуді көрсетіңіз.

А) жемге;

В) адамның;

Д) әніме;

Е) білімде;

С) киіммен.


5. Оңаша тәуелденуді табыңыз.

А) баласы;

В) үйлерің;

Д) баламыз;

Е) дәрігерлері;

С) қолдарыңыз.


4-САБАҚ. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ




Сөздік

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Зат алмасу – обмен веществ

Ғұмыр – жизнь

Өзара байланысқан – связаные между собой

Денеге сіңеді – впитывается в организм

Қорытылады – перерабатываются

Шығару ағзалары – органы выделения

Тамақтың алдында – до еды

Тамақтан кейін – после еды

Шөп дәрілерін көрсетіңізші – покажите пожалуйста лекарственные травы

Орнын ауыстыратын дәрі – заменяющие лекарства

Дәрігердің берген рецептісі бойынша – по рецепту выданный врачом

Жаңа сөздермен танысыңыз!


Ағза;

Дерт;


Дауа;

Ем;


Емдік;

Сырқау;

Дәрілік өсімдік;

Зат алмасу;

Халық емшісі.






2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.

Өсімдіктердің емдік қасиеті

Өсімдік жанға шипа, дертке дауа демекші, адам баласы кейбір өсімдіктерді әртүрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасынан ауыздан- ауызға таралып, кейіннен жазба бетінен жарыққа шыға бастады. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді пайдалану туралы ілім б.э 6 мың жыл бұрын Иран жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны туралы жазылған.

Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.

Греция елінің дәрігері Гиппократ осындай дәрілік өсімдіктердің

200-ден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге, қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан мағлұмат беріп кетсе, ал Грецияның Диоскорит атты дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» еңбегімен тарихта қалған. Оның еңбегінде дәрілік өсімдіктердің 600 түрінің қолдану жолдары жазылған.

Жалпы қолданып жүрген препараттардың 40% дәрілік өсімдіктерден жасалған.

Жергілікті жердегі емдік өсімдіктердің түрлері.

Еліміз Қазақстан өсімдіктердің алуан түрлерімен және де емдік өсімдіктердің 500-ден астам, ал Шиелі өңірінің өзінде 50-ден астам түрлері өседі және ол дәрілік өсімдіктерді халыққа шипалы қасиетін таныстырушы, халық емшісі Л.Б.Скупченко.


3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сұхбаттасайық!

4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.



  • Емдік қасиеті бар қандай өсімдіктерді білесіз?

  • Дәрі ішкен пайдалы ма, дәрілік өсімдік пайдалы ма?

  • Дәрілік өсімдік асқазанға тимей ме?

  • Дәрілік өсімдік дәріханада дәрігердің рецептісінсіз бере ме?

  • Дәрілік өсімдіктердің сақталу мерзімі қорапта көрсетіле ме?


5-тапсырма. Сызбаны пайдалана отырып, топтастырыңыз



Грамматикалық минимум!

ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫ


Жақ

Жіктік жалғауы Жекеше түрі

Жалғаулары және мысалдары

Көпше түрі

Жалғаулары және мысалдары

І

Мен

–мын, -мін,

-пын, -пін, -бын, -бін;

заңгермін, бастықпын


Біз

- мыз, -міз,

-пыз, -піз, -біз, -быз;

заңгерміз, бастықпыз;


ІІ

Сен

- сың, -сің;

заңгерсің, бастықсың



Сендер

- сыңдар, -сіңдер; заңгерсіңдер, бастықсыңдар




Сіз

- сыз, -сіз; заңгерсіз, бастықсыз

Сіздер

- сыздар, -сіздер; заңгерсіздер, бастықсыздар

ІІІ

Ол

- заңгер, бастық

Олар

- заңгерлер, бастықтар


6-тапсырма. Дәрігер, медбике сөзін жекеше, көпше жіктеңіз.


Жекеше

Көпше

Жағы

дәрігер

медбике







І.











ІІ.












ІІІ.














7-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын

түсініңіз.Өз ойыңызды білдіріңіз.
Өсімдіктің бәрі зиянсыз емес, бәрі бірдей шипалы да емес. Мысалы, Қазақстанда өсімдіктің 6000-дай түрі кездеседі, бірақ оның 500-і ғана шипалы деп есептеледі. Сондықтан дәрі-дәрмекті дәрігермен кездеспей қолдану, тазалық сақтамау, дәріні шамадан тыс көп ішу адам организміне көп залал келтіреді. Кейбір өсімдіктер-өте улы. Уланып қалуға да болады. «Уды у қайтарады» демекші, егер сол уды орынды пайдаланса, зор пайда келтіруі де ғажап емес. Олай болса, әрбір адам дәрілік өсімдіктің құрамын біліп алуы қажет, өйткені өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы заттарға тікелей байланысты.
Термин сөздермен танысайық!


Алколоидтар

Сілті тәрізді, өсімдік текті органикалық заттар

Белена, дурман

Меңдуана, сасық меңдуана

Боярышник

Долана

Валериана

Шүйіншөп

Гармала, пеганум

Адыраспан

Зверобой

Шайқурай

Облепиха

Шырғанақ, тікенжиде


Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптерге жазып алыңыз.
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ғ.Мүсірепов.

Ана тілін білмейтін адам – бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.

Ғ.Мұстафин.

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңыр жақ азамат болады. Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.

М.Әуезов.

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

А.Жұбанов.






9-тапсырма. Әр топтағы етістіктерге тиісті жіктік жалғауларды жалғап жазыңыз, сөйлем құраңыз.


отыр -
мен тұр - мын

жүр - мін

жатыр -


отыр -
біз тұр - мыз

жүр - міз

жатыр -



Пайдалы кеңес!

10-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Итмұрын – көп сабақты, тікенді, кішілеу бұта. Еліміздің барлық жерінде тараған. Асқазан жұмысын реттеуге, бауыр, бүйрек, қуыққа бірден-бір ем.

Жалбыз – өзен мен көл жағалауларында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыздың түрлері көп. Емдік қасиеті ертеден- ақ мәлім, оны халық жүз бір ауруға ем дейді. Жүрек ауруына, бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт қабы ауруларына, демікпе, тыныс алу жолдарына ем.

Жантақ- құмда, тастақты тау етегінде, сортаң жерлерде өсетін көп жылдық өсімдік. Сабағы тік өседі, гүлі қызыл. Созылмалы гастритке, он екі елі ішек жарасына ем.

Итошаған – биіктігі 60 см шамасында, бір жылдық шөп. Құрамында каротин, аскорбин қышқылы, эфир майы бар. Дизентерия, экзема, диатез, қан азайғанда, буын ауруларына ем.


11-тапсырма. www.google.kz, www.уandex.ru сайты арқылы тақырыпқа қатысты суреттер табу. Сурет бойынша, әрқайсысына 2 сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижесі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет