Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз,
түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.
М.Шоқай.
Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені
С.Мұқанов.
Елдіктің негізгі белгісі – тілінде. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.
Ғ. Мүсірепов.
Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Н.Ә.Назарбаев .
9-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге қарсы мағыналы сөздерді табыңдар.
Биік –
Тәтті –
Сау –
Кіші –
Күшті –
|
Жақсы –
Арық –
Ескі –
Ұқыпты-
|
Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Қан аздықпен ауыратын адамдарға:
Бақбақ (тамыры) – 5 г; жусан (шөбі) -3 г; бидай, арпа, сұлы – 20 г; андыз (тамыры) – 10 г; қазтабан (тамыры) – 5 г. 100 г қоспаны 1,5 л суға қайнатып, үстіне жалбыз немесе хош иісті өсімдік қосып, 10 минут бұқтырады. Содан кейін бал қосып, дәмін келтіреді де, тамаққа дейін
30 минут бұрын ½ стаканнан күніне бірнеше рет ішеді;
Құрамында темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз;
Ет, балық, және балапан тауық еті құрамында темір мөлшері көп;
Сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамында белок құнарлы болады.
Жүрекке:
Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүрек талмасын кетіреді;
Сүт қатылған шай орталық жүйке мен жүрек-қан тамыры жүйесінің әсерін төмендетеді.
11-тапсырма. Сын есімдерге тиісті зат есімдерді тауып айтыңдар. Жақсы, үлкен, сұлу, нәзік, әсем, көне, сұңқылдаған, қу, дәмді, жуас, бойшаң, тәтті, ащы, арық, аласа. Үлгі: Жақсы адам.
Достарыңызбен бөлісу: |