Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі


-САБАҚ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ



бет15/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

13-САБАҚ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тапсырма Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

Тамақтану – закусывать, подкрепляться едой

Тыныс алу – дыхание

Жүрек соғу – сердцебиение

Зат алмасу – обмен вещества

Ақуыз – белог

Майлар – жиры

Көмірсуларды -углеводы

Азық-түлік – продукты
2-тапсырма Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.
Дұрыс тамақтанудың қағидалары

Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары :

Тұрақты тамақтану. Біздің ағзамызда болып жатқан барлық құбылыстар (тыныс алу, жүрек соғысы, зат алмасу) ырғақты сипатта болады, тіршілік құбылыстарының жүйелілігі-күрделі биологиялық жүйе қызметінің міндетті шарты. Тамақтану тәртібі күні бойына ас қорыту жүйесіне қосымша салмақ түсіреді және осы кездегі салмақ денсаулықтың түрлі ауруларын тудырады.

Түрлі тамақтану. Ақуыздарды, майларды, көмірсуларды, дәрумендерді, минералды заттарды-барлығын адамдар тағамнан алады. Осы заттардың әрқайсысының өз қызметі бар: ақуыздар-негізгі құрылыс материалы, көмірсулар мен майлар-организмді қуатпен қамтамасыз етеді, дәрумендер мен микроэлементтер-организмде болатын биологиялық процестердің маңызды реттеушісі. Олардың кез келгенінің жетіспеушілігі организм жұмысының үлкен бұзылыстарына әкеледі.

Тағам көлемінің сәйкестігі. Организмнің шығындарын толық қалпына келтіру үшін пайдаланылатын тағам сапалық және сандық құрамы жағынан жеткілікті болу керек. Мысалы, жұмыстың сипатын ескеру керек: аз қозғалысты өмір салтында қуаттылығы жоғары тағам қажет емес, егер жұмыс денеге түсетін жүктемеге байланысты болса, керісінше.

Сонымен бірге артық ішіп-жеудің салдарынан түскен артық калория шығарылмай, организмде май болып жиналатындығын есте сақтау қажет.



Қауіпсіз тамақтану.Тамақтанудың қауіпсіздігінің негізгі үш шарты: гигиена ережелерін сақтау, тағам дайындау технологиясын қадағалау, азық-түлікті дұрыс сақтау.

Тамақтану алдында қолды жуу керектігі барлығымызға белгілі. Одан басқа, ыдыстарды тазалаудың (жуудың) ережелерін қадағалап, оларды дұрыс сақтап, ас үйді таза ұстап, қоқысты уақытында шығару керек. Ас дайындау кезінде әрбір өнімдердің ерекшелігін ескеру, шөлмектелген немесе қайнатылған суды пайдалану, өзіңіз аз білетін өнімдерді абайлап қолдану керек. Өнімдерді сақтағанда олардың ерекшелігін (тоңазытқышта сақтау, ашық немесе жабық күйінде сақтау ) және сақтау мерзімін ескеру қажет.



3-тапсырма Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.




Сұхбаттасайық!

4-тапсырма Диалогқа қатысайық.
Тыныс алу органдарының аурулары бойынша

– Денеңіздің қызуы қандай?

– Денемнің қызуы көтеріліп тұр

– Кешке қызуыңыз (ыстығыңыз) көтеріле ме?

– Кешке қызуым көтеріледі (көтерілмейді).

– Қалай ауырады, шанши ма, қыса ма?

Қысып ауырады, шаншып ауырмайды

– Мына жеріңіз ауыра ма?

– Ол жер ауырмайды (сол жерім ауырады).

– Жөтелесіз бе?

– Жөтелемін (жөтелмеймін).

– Қай уақытта жиі жөтелесіз?



– Таңертең және кешке жиі жөтелемін, күндіз жөтелмеймін.
5-тапсырма «Ас – адамның арқауы» деген пікірге өз көзқарасыңызды шағын мәтін құру арқылы білдіріңіз.

Мысалы: «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет