Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



бет17/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТЫ
Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра
Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол – өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық – саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл.

Ұлы Абай: «Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас», – деп таңырқап, тағзым еткен тіл.

Мәдениет мәйегі
Халқымыздың қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайырылымдықты қастерлейтін игі дәстүрі және балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұтатын рухани өміршеңдігі әдептіліктің, мәдениеттің басты көрініс емес пе?

Халқымыз анасын ардақтаған, қызын балап аялаған, жақсы сөз айтып, көңілін тасытпаса, қатты сөйлеп жасытпаған.

Қазақ – жан баласын жатсынбайтын, өзгенің түсінік– пайымына түсіністікпен қарайтын ел.

Қазақ халқы – болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр ел. Бұл қасиеттер қазақтың қоғамдық өміріне орасан зор әсер етіп, таңғажайып өмір салтын қалыптастырды.

Бұл өмір-салт – қазақ мәдениетінің мәйегі. Ал қазақ мәдениеті – әрбір қазақ адамының рухани тірегі.

«Әдептілік қағидалары» кітабынан.
Сәлемдесу – сөз басы
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады.

Сәлемдесу – тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдағы.

Кішінің үлкенге сәлем беруі – үлкеннің құрмет көруі, жастың ізеттілік білдіруі.

«Сәлемдесу – ағайын мен туысты, дос-жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату.

Адамның кейіп-кескінін тану, оның болмысын байқау, көңіл-күйін білу әрі оған да өз ниетінді ұқтыру».

«Әдептілік қағидалары» кітабынан.
Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді
«Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді», «Әкесін сыйламағанды, баласын сыйламайды» деген емес пе? Ата-анаға қатегездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы. Ата-ана табан ақы, маңдай терін перзентінің адам болуы жолына жұмсайды. Ата-ананың бұл еңбегін өтеу, әлбетте, оңай болмаса керек. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда, қарызыңнан құтылмайсың» деген сөз мұны айғақтайды.



«Әдептілік қағидалары» кітабынан.
Туыстық атаулары
Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар ағайын, яғни, өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйініш, қорғаны болып саналады. Осы үш жұртқа қатысты айтылатын туыстық, жақындық қатынас «ағайын», «туыс», «ілік», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенмен, бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп аты-жөнін, ілікті қатынасын да сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған.

Қазақта осындай туыстық, іліктік қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол-жоралары да бар. Өкінішке орай кейінгі ұрпақтар ол дәстүрді біле бермейді. Соның біреуін айтар болсақ, Ата – әкенің әкесі, ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі. Оның жолын кесіп өтуге болмайды. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата –ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры болып есептеледі. Жастар атадан бата алуға тиіс. «Аталы ел – баталы» деген мақал бар. Атаның айтқаны кейінге заң. «Ата –балаға сыншы» дейді халық.

Дәстүр бойынша сол елге, ауылға келген адамдар алдымен атаға сәлем беруге тиіс.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ІСҚАҒАЗДАР ҮЛГІЛЕРІ
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы «____» _________

№ ____бұйрығына 1- қосымша


Босанғаннан кейінгі қан кетулер кезінде шұғыл көмек көрсету стандарты
І. Жаңа босанған әйелдің жағдайын бағалау:

1) АҚ, тамыр соғысын, ТЖ өлшеу;

2) Қан жоғалту көлемін алдын ала бағалауды жүргізу (көзбен және мөлшерлі ыдыспен өлшеу арқылы).

ШОК:

- АҚ 90/60 мм.с.б. және төмен жағдайда;

- тамыр соғысы 90 соққы/мин.жоғары;

- тері жамылғыларының, шырышты қабықтардың бозаруы;

- тыныс алу жиілігі минутына 22-ден жоғары.
ІІ. Шокқа қарсы іс-шараларды бастау (бірден):

1) 2 перифериялық көк тамырды катетерлеу (№№14-16G);

2) Жәрдем шақыру (кемінде 5 минут);

3) міндеттерін бөлу.


ІІІ. Қан тоқтатудың негізгі шаралары:

1) 10 ББ окситоцин б/е;

2) 15-20 минуттың ішінде жылдамдығы1000 мл болатын қан жоғалту көлеміне 3:1 қатынастағы физ. ерітіндінің инфузиясы;

3) 60 тамшыдан/мин. 500 мл физ.ерітіндіге арналған к/т 20 ББ окситоцин ;

4) Қан кеткеннен бастап 1-ші сағаттың ішінде 2 мл-ге дейін кристаллоидтық ерітінділер құю!
ІV. Қан кетудің себебін анықтау (4Т) (5 мин. ішінде):


  1. Бала жолдасының бүтіндігін тексеру (Тін): а) ауытқу болса жатыр қуысын қолмен тексеріңіз, қалып кеткен бөліктерді алып тастаңыз; б) бала жолдасы жатырға бітіп қалғанда - 10 минуттың ішінде лапаротомияны бастаңыз және жатыр ампутациясын немесе экстирпациясын жасаңыз; в) егер бала жолдасы бүтін болса қан ағудың басқа көзін іздеңіз.

  2. Босану жолдарын қарау (Жарақат): а) босану жолдарының жұмсақ тіндері жыртылғанда – тігу; б) тіндер терең көптеп жыртылғанында – консультантты шақырыңыз, в) жатыр теріс айналғанда – интубациялық наркозбен жатыр репозициясын жасаңыз және к/т 10 ББ окситоцин салыңыз;

г) жатыр жыртылғанда: лапаротомия, оперативтік шараның көлемі

жыртылудың орнына және уақытына, жақын орналасқан мүшелердің


зақымдануына байланысты (жыртықты тігу, жатыр ампутациясы немесе

экстирпациясы).



  1. Жатыр тонусын анықтау (Тонус): а) гипотония кезінде: жатыр толық жиырылғанға дейін сырттан массаж жасау, б/е 10 ЕД окситоцин, к/т 60 тамшыдан/мин 1000 мл физ ерітіндіге 20 ББ окситоцинді тамшылатып қосу (окситоциннің max доза 60 ББ), к/т 0,2 мг метилэргометрина (немесе оның аналогы) салыңыз, б/е, жатыр мойнына немесе миометриге 1,0 мл-дан энзапрост салыңыз; б) жоғарыда көрсетілген іс-шаралардан тиімділік болмаған кезде: 60 тамшы минутына жылдамдықпен 10 ББ окситоцинді б/е салу кейіннен к/т 1л ерітіндіде 20 ББ окситоцинді тамшылата отырып, салу (окситоциннің max доза 60 ББ) және наркозбен жатыр қуысын қолмен тексеруді жасаңыз.

  2. Туа біткен коагулопатиялардың бар - жоғын анықтаңыз (Тромбин)


Қан кету

Әрбір 15 минут сайын АҚ, тамыр соғу, қан жоғалтуды бағалау мониторингі;


400 мл және одан да көп:

Наркозбен жатыр қуысын қолмен тексеріңіз.

Егер жатыр жиырылмаса – жатырға бимануальды компрессияны жатыр жиырылып қан тоқтағанға дейін жасаңыз. Тік ішек арқылы 800-1000 мг мизопростол енгізіңіз.
1000 мл және одан да көп:

1) Консультанттарды, реаниматологты, зертханашыны, қан құюға жауапты маманды қайтадан шақырыңыз, ұйымның бірінші басшысына хабарлаңыз

2) Операция бөлмесіне тасымалдау кезінде ішперде ортасын басыңыз

3) Кезең-кезеңмен хирургиялық гемостаз жүргізу:

а) атониялы қан кетуде ҚШҰ-синдромы белгілерінсіз, жатырға

1 доза (0,25 мг) простагландинді енгізіңіз;

б) Простагландиннің әсері болмағанда - Б-Линч бойынша компрессиялық тігіс салыңыз;

в) Компрессиялық тігістің әсері болмаса – гистерэктомия жасаңыз

Коагулопатия кезінде (ұю факторлары мен тробмоциттердің нормадан 30% -дан барынша азаюы, протромбиндік уақыт пен АЧТВ 1,5 есе және оданда көп жоғарылауы, ұйыған қанның болмауы) – жатыр экстирпациясы (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда – ішкі мықын артерияларын байлау)
V. Инфузиялық терапияның көлемі:
1) 1000,0 мл-ге дейін қан жоғалтқанда V кристаллоидтар V қан жоғалтқанға

3:1 құрайды;



2) 1000,0-1500,0 мл қан жоғалтқанда: кристаллоид- 2500,0 -3000,0 мл,

ТТП -1000,0 мл;


3) 1500,0-2000,0 мл қан жоғалтқанда : кристаллоидтар-3000,0-3500,0 мл,

ТТП-12-15 мл/кг, эр. масса-250,0-500,0 мл при Hb<70 г/л;



4) 2000,0 мл -ден көп қан жоғалтқанда: кристаллоидтар – 4000,0 мл,

ТТП - 1000,0- 1500,0 мл, эритроциттік масса -1000,0 мл және одан да көп;



лаб. тесттер жасаңыз (Hb ,Ht, эритроциттер, тромбоциттер, ұю уақыты, ПТИ, АЧТВ, фибриноген)

5) коагулопатия кезінде инфузиялық терапиямен бір уақытта жасау керек:

- жоғары дозада 1000,0-1500,0 мл/сағат жылдамдықпен (15 мл/кг) СЗП инфузиясы, гемостаз көрсеткіштері тұрақтанған жағдайда енгізу жылдамдығы –

300,0-500,0 мл/сағат;

- фибриногенді 1 г/л және одан да аз төмендету кезінде, криопреципитат инфузиясы 1,0-1,5 ЕД/10 кг дене салмағы дозасында;

- тромбоциттерді кемінде 50х109/л төмендету кезінде – тромбоциттік қоспа (мүмкіндігінше), Ново-севен 90 мкг/кг, көрсетімдері бойынша 1-2 сағаттан кейін қайталау.
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2008 жылғы «____» _________

№ ____бұйрығына

2-қосымша

Эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету стандарты


Пациентті сол бүйіріне жатқыз

Зақымданудан қорғаңыз, бірақ белсенді ұстамаңыз






Оттегін беруді қамтамасыз етіңіз (керек болған жағдайда ауыз кергішті, тіл қышқышты, ауа кіргізгішті, бетпердені және Амбу қабын қолданыңыз)




к/т катетр қою үшін галотанның(фторатан, изофлуран) субнаркотикалық дозадағы ингаляциясы, 5-10 минуттан көп емес




к/т құю үшін жүйесін қою ( физиологиялық ерітінді)




5-10 минут ішінде к/т 25%-20,0 мл магний сульфаты және 2 минуттың ішінде ақырындап к/т 10 мг диазепам. Қайталанған құрысуларда - 5 минуттың ішінде қосымша 25%-8,0 магний сульфаты




Қуықты катетерлеу


Сонымен қатар















Эклампсия – тез арада босандыруға абсалюттік көрсеткіш болып табылмайды, жүкті әйелдің жағдайын тұрақтандыру қажет. Босану жолдарының дайындығын ескере отырып, 12 сағаттың ішінде жағдайы тұрақтандырғаннан кейін босандыру.



Ұрықтың гипоксиясы (Жүрек соғуының жиілігі кемінде

100-ден аз немесе соғу/минутына



180-нен жоғары)


Атырау облысында республикалық бюджет қаражаты есебінен

2010 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету

жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін өтінімдер

дайындау бойынша әлеуетті өнім берушілерге арналған құжаттамаға

3-қосымша



Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін

көрсету бойынша қызметтерді сатып алуға қатысуға

Ө Т І Н І М
Сатып алуды ұйымдастырушыға________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

1. Сатып алуға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

1) әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекен-жайы мен байланыс телефондары;

2) заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БИК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекен-жайы;

3) заңды тұлға бірінші басшысының Т.А.Ә.

2. __________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызметтерді сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы

№ 1888 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру Ережесінде (бұдан әрі – Ереже) көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтерді жүзеге асыруға келісімін береді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен Ережеде көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмағанын растайды.

4. Әлеуетті өнім беруші Ережемен танысқанын және сатып алуды ұйымдастырушыға және комиссияға өзінің заңдылығын, біліктілігін, көрсетілетін қызметтердің сапалы және өзге де сипаттамалары, өзінің авторлық және аралас құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін растайды.

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысуға осы өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда осындай жалған мәліметтер бергені үшін толық жауапкершілікте болады.

5. Осы өтінімнің ___ күн бойы қолданылады.

6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан сәтке дейін сатып алуға қатысуға осы өтінім оның жеңімпазын тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамызда міндетті шарттың рөлін атқаратын болады.

________________________________

___________________/______________/

(заңды тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының

не оның орынбасарының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)

Толтырылған күні ________________

Атырау облысында республикалық бюджет қаражаты есебінен

2010 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету

жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін өтінімдер

дайындау бойынша әлеуетті өнім берушілерге арналған құжаттамаға

2-қосымша
Сатып алынатын қызметтерді суреттеу және талап етілетін сипаттамалары




Қызметтердің атауы

Техникалық өзіндік ерекшелік

1.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәулік бойы медициналық байқау жүргізе отырып білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрінде стационарлық көмек көрсету

Бұл тапсырманы іске асыру шеңберінде мынадай мақсатқа жету көзделеді:

Аурудың жіті ағымында сауықтыру, аурудың созылмалы ағымында ремиссияға қол жеткізу, амбулаториялық жағдайда емді жалғастыру үшін қажетті терапияны іріктеу, босанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зерттеп-қараудың арнайы түрлерін өткізу, тәулік бойы медициналық байқауға мұқтаж пациенттердің инкурабелдік жағдайлар кезіндегі жай-күйін жеңілдету және басқа да мақсаттар.

1. Медициналық көмек көрсету тәртібіне қойылатын талаптар:

Көрсетілетін медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс.

Мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік бейіндегі стационарларды қоспағанда, стационарлар шұғыл және қарқынды сипаттағы медициналық көмек көрсетуге мұқтаж пациенттерді тәулік бойы режимімен емдеуді және байқауды қамтамасыз етеді.

Тәулік бойы медициналық байқау жүргізе отырып білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қажеттілігі стационарға емдеуге жатқызу үшін айғақтар болып табылады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде пациентті стационарға емдеуге жатқызу:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) мамандарының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;

2) жолдаманың бар-жоғына қарамастан, шұғыл айғақтар бойынша жүзеге асырылады;

Пациент стационардың қабылдау бөлімшесіне түскен кезде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған тиісті есепке алу медициналық құжаттамасы толтырылады;

2) түскен сәтінен бастап 30 минуттан кешіктірмей қабылдау бөлімшесінің дәрігері қарап-тексереді. Талап етілетін араласулар болған жағдайларда қарап-тексеру кідіріссіз жүргізіледі.

Пациент түскен күні стационар дәрігері оны қарап-тексереді, оған қажетті емді жазып береді және оны тағайындалған емдік-диагностикалық емшаралармен таныстырады.

Стационардағы барлық пациенттер аурудың динамикасы мен тағайындалған ем стационарлық науқастың медициналық картасында көрсетіле отырып, күн сайын қаралып-тексерілуге тиіс.

Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

1) дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтім жасауға мұқтаж үш жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жасы үлкен ауыр науқас балаларды емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе балаға тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын өзге адамға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріле отырып, медициналық ұйымда онымен бірге болуға мүмкіндік беріледі.

2) бір жасқа толмаған баласын емізетін ана балаға күтім жасау бойынша болған барлық кезеңде медициналық ұйымда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Анасы (әкесі) немесе стационарлық емдеуде жатқан балаға тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын өзге адам орынмен тегін қамтамасыз етіледі.

Диагноздың сәйкестігіндегі қиындық болғанда, жүргізіліп жатқан ем тиімсіз болған кезде, сондай-ақ өзге де айғақтар кезінде бөлімше меңгерушісі қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі консультантты қосып, қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырады.

Консилиум қорытындысы бойынша пациент медициналық айғақтар болғанда:

1) мейлінше тиімді емдік-диагностикалық емшаралар жүргізу мақсатында жоғары деңгейдегі стационарға;

2) бейінді емес патология болғанда өзге бейінді стационарға;

3) емді жалғастыру үшін стационарды алмастыратын бөлімшеге ауыстырылады.

Стационардан шығарған кезде пациентке қолын қойдырып, медициналық картадан үзінді көшірме беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, жүргізілген зерттеп-қараудың, емнің көлемі және одан әрі оны байқау бойынша ұсыным көрсетіледі.

Пациенттің тұрғылықты жеріндегі амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына пациент туралы ақпарат бір мезгілде беріледі.

Науқастарды медициналық ұйымның палатасына орналастыру бір төсек-орынды бөле отырып жүргізіледі. Шұғыл айғақтары бойынша түскен науқастарды палатадан тыс жерге уақытша орналастыруға болады. Жоспарлы емдеуге жатқызуға түскен пациенттерді палатаға жіберу оның стационарға түскен сәтінен бастап алғашқы сағат ішінде жүзеге асырылады.

Науқастарды тамақтандыру, емдік-диагностикалық манипуляциялар жүргізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету олардың стационарға түскен сәтінен бастап ұйымдастырылуы тиіс.

Тамақтандыру химиялық құрамы, тағамдық құндылығы, азық-түлік жинағы бойынша емдік айғақтарына, тамақтану режиміне және бір науқасқа арналған тамақтану нормасына сәйкес келуі тиіс.

Медициналық ұйымның әкімшілігі науқастардың киімін және жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

Емдеуші дәрігер күн сайын (айғақтары бойынша кезекші медицина қызметкері қарап-тексеруді жүзеге асыратын сенбі, жексенбіден басқа күндері) науқасты қарап-тексеруді жүргізуге, диагностикалық және емдік манипуляцияларды тағайындауға, медициналық құжаттаманы рәсімдеуді жүзеге асыруға міндетті. Бөлімше меңгерушісінің науқасты қарап-тексеруі оның емдеуге жатқызылған сәтінен бастап үш тәулік ішінде, ауыр науқасты қарап-тексеруі – түскеннен кейін алғашқы тәуліктерде, кейіннен – айғақтары бойынша орындалуы тиіс.

Диагностикалық және емдік шаралардың көлемін нақты пациент үшін ауру ағымының ауырлығы мен сипатын, қосымша патологияның бар-жоғын, алдыңғы зерттеліп-қаралғаны туралы мәліметтерді, пациенттік жеке ерекшеліктерін ескере отырып, аурудың осы түрі бойынша бекітілген стандарттарға сәйкес емдеуші дәрігер жеке айқындайды.

Медицина қызметкері стационарда болудың режимі, диагностика мен емдеудің тәртібі туралы хабардар етуге міндетті. Қажетті көмек көлемін көрсетуге медициналық ұйымның мүмкіндіктері болмаған жағдайда науқас қажетті мүмкіндіктері бар ұйымға ауыстырылуы не оны емдеуге тиісті мамандар тартылуы тиіс.

Стационардың орта медицина қызметкерлері мынадай дәрігерлік тағайындауларды орындауы тиіс: медициналық емшаралар жүргізу (инъекция, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдар алу, термометрия, таңу және т.б.), дәрілік заттарды беру және оларды пациенттердің қабылдауын бақылау, пациенттерді байқау, өзінің функциялық міндеттері шеңберінде медициналық құжаттаманы ресімдеу.

Стационардың кіші медицина қызметкерлері ауыр науқастарға күтім жасауды жүзеге асыруы тиіс:ішкі киімі мен төсек жабдықтарын ауыстыру, тамақтандыру, жауыржара профилактикасы, сүрту, жуу және т.б., күн сайынғы ылғалдық тазартуды үй-жайларды желдетуді, ағымдағы және қорытынды дезинфекциялауды жүргізеді.



2. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қойылатын талаптар:

1) тиімділік. Пациент дәлелді медицинаның принциптеріне және белгіленген стандарттар мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтай отырып зерттеп-қарау мен емдеудің тиімді әдістеріне негізделген ем алуы тиіс.

2) қауіпсіздік. Емдеу пациент үшін барынша қауіпсіз болуы тиіс. Пациент үшін қауіп-қатер оның денсаулығы мен өміріне зиянды болдырмау үшін жеткілікті шараларды қабылдау арқылы азайтылуы тиіс. Медициналық көмек көрсету кезінде белгіленген ережелер мен стандарттарға сәйкес әдістер, дәрі-дәрмектер, жабдықтар пайдаланылуы тиіс. Пациент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен араласулар және қауіп-қатерлер туралы хабардар етілуі тиіс.

3) пациентке бағыттылық. Пациенттің ерекше мұқтаждықтарын есепке алуды және пациентке арналған емді іріктеу:

Пациентке бағытталған ем мынадай бес принципке сәйкес келуі тиіс:


  • пациенттің ықыласы мен қалауын есепке алу;

  • ақпарат, қарым-қатынас, оқыту;

  • тәни және психологиялық жайлылық;

  • отбасы және достарын қатыстыру;

  • емді үйлестіру және ықпалдастыру.

4) уақтылылық. Емдеу мен диагностиканың тағайындалуын күту уақытын азайта отырып медициналық көмек көрсету.

5) жеткіліктілік. Медициналық көмек көрсетуді белгіленген стандарттарға сәйкес толық қамтамасыз ету. Ресурстарды және қажетсіз шығындардың артық қолданылуын болдырмау.

6) қол жетімділік. Медициналық көмек пациенттің орналасқан жеріне қарамастан қол жетімді болу тиіс және стандарттарға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті түрде және көлемде көрсетілуі тиіс. Жынысы, жасы, тұрғылықты жері және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі сияқты пациенттің сипаттамаларының салдарынан медициналық көмек сапасы төмендеуінің болмауы.

3. Медициналық көмек көрсету мерзіміне қойылатын талаптар:

Емнің ұзақтығы патологияның түрін (нозологиялық нысанды) ескере отырып, белгіленген стандартқа сәйкес болуы тиіс.



4. Медициналық көмектің сапасын басқаруға қойылатын талаптар:

1) ішкі бақылау қызметінің (аудит) болуы;

2) пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай сол жерде және 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешу, пациенттердің проблемалардың шешілуіне қанағаттану дәрежесін міндетті түрде сауалнама жүргізу арқылы зерделеу;

3) ұйым қызметінің сапалы көрсеткіштерін әзірлеу және талдау;

4) ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын пайдаланудың жай-күйі мен тиімділігін бағалау;

5) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетудің ережелерін сақтау;

7) жұмыстағы кемшіліктердің алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу;



5. Медициналық көмек көрсету нәтижелеріне қойылатын талаптар:

Ауруханаға жатқызу мақсатына жету – белсенді динамикалық байқауға айғақтардың болмауы, зерттеп-қараудың және емдеудің арнайы түрлерін жүргізудің аяқталуы, уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша тиісті құжаттарды рәсімдей отырып, паллиативтік көмек көрсету;

2) сатып алынатын қызметтердің осы сипатына және қажет етілетін сипаттамаларға қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет түріне байланысты медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторына сәйкес болуы.


2.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық байқау жасалатын білікті, мамандандырылған және жоғары маман­дандырылған медициналық көмек түрінде стационарды алмастыратын көмек ұсыну


Осы міндетті іске асыру шеңберінде мынадай мақсаттарға қол жеткізу болжанады:

Бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық байқауды қажет ететін пациенттерді амбулаториялық жағдайларда емдеуді жалғастыру үшін қажетті терапияны таңдау, шағын операциялар мен манипуляцияларды жүргізу, аурудың жіті ағымы кезінде сауықтыру, аурудың созылмалы ағымы кезінде ремиссияға қол жеткізу және өзге де мақсаттар.

Көрсетілетін медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, стандарттарға сәйкес болуы тиіс.



  1. Медициналық көмек көрсету тәртібіне қойылатын талаптар:

Күндізгі стационарларда стационарды алмастыратын көмекті амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, үйдегі стацинарда – алғашқы медициналық-санитариялық және жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдар ұсынады.

ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкерлердің жолдамасы бойынша күндізгі стационарлық жағдайларда, үйдегі стационарлық жағдайларда – алғашқы медициналық-санитариялық және жедел медициналық көмектің жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша ұсынылады.

Стационарды алмастыратын көмек уәкілетті орган бекітетін Аурулар тізбесіне сәйкес көрсетіледі.

Пациент күндізгі стационарға түскен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті есепке алу құжаттамасы толтырылады.

Стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрігер пациентті күн сайын тексеріп-қарайды, жүргізілетін емді түзетеді, қажет болған жағдайда қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулер және бейінді мамандардың консультациясын тағайындайды.

Пациентке қажетті емшараларды дәрігер тағайындайды және мейірбике орындайды.

Тәулік бойы байқауды қажет ететін жай-күйі төмендеген кезде пациент стационардың тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

Жай-күйі жақсарған кезде және стационарды алмастыратын көмек қажет етілмейтін терапияны жалғастыру қажет болғанда пациент амбулаториялық емделуге жіберіледі.

Емдеу ұзақтығы мынаны:

1) күндізгі стационарда кемінде 3 күн және

8 күннен аспайтын мерзімді;

2) үйдегі стационарда кемінде 3 күн және жіті ауру кезінде 5 күннен аспайтын мерзімді, созылмалы аурулар асқынған кезде 8 күннен аспайтын мерзімді құрайды.

Стационарды алмастыратын көмек алған пациентті шығарған кезде тиісті статистикалық карта толтырылады.

Науқастың қажетті ұсынымдары бар медициналық картасынан алынған тиісті көшірме пациенттің қолына беріледі немесе тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға беріледі.

Үш жасқа дейінгі балалар анасымен немесе оған күтім жасауды жүзеге асыратын өзге адаммен бірге күндізгі стационарға жатқызылады.

Стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін медициналық айғақтар және қарсы айғақтар аурудың нозологиялық нысанымен, аурудың сатылары мен дәрежелерін, негізгі ауруының асқынуларымен және қосымша патологияларының бар-жоғымен айқындалады.

Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы айғақтар мыналар болып табылады:

1) бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық байқау жасалатын емдік емшара жүргізуді қажет ететін аурулар;

2) тәулік бойғы стационардан жазылып шыққаннан кейін медициналық байқаумен емдеу іс-шараларын жалғастыруды қажет ететін аурулар.

Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы қарсы айғақтар мыналар болып табылады:

1) емдеу емшараларын және медициналық байқауды тәулік бойы жүргізуді қажет ететін аурулар;

2) карантиндік және аса қауіпті инфекциялық аурулар;

3) айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар.

Мыналарға:

1) эпидемиологиялық қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге;

2) төсек режимін қажет ететін пациенттерге күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетуге жол берілмейді.

Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар қанағаттанғысыз болған кезде үйдегі стационарларда стационарды алмастыратын көмек көрсетуге жол берілмейді.

Медициналық ұйымдарда науқастарды орналастыру бір орын бөлу арқылы палаталарда, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық болғанда үйде жүргізілуі тиіс.

Емдік-диагностикалық манипуляция жүргізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету пациенттер келіп түскен немесе үйде тексеріп-қарау сәтінен бастап ұйымдастырылуы тиіс.

Диагностикалық және емдік шаралардың көлемін нақты пациент үшін ауру ағымының ауырлығы мен сипатын, қосымша патологияның бар-жоғын, алдыңғы зерттеліп-қаралғаны туралы мәліметтерді, пациенттік жеке ерекшеліктерін ескере отырып, аурудың осы түрі бойынша бекітілген стандарттарға сәйкес емдеуші дәрігер жеке айқындайды.

Медицина қызметкері стационарда болудың режимі, диагностика мен емдеудің тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.

Стационардың орта медицина қызметкерлері мынадай дәрігерлік тағайындауды орындауы тиіс: медициналық емшаралар жүргізу (инъекция, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдар жинау, термометрия, таңу және т.б.), дәрілік заттарды беру және оларды қабылдауды бақылау, пациенттерді бақылау, өзінің функциялық міндеттері шеңберінде медициналық құжаттаманы рәсімдеу;



2. Көрсетілетін медициналық көмек сапасына қойылатын талаптар:

1) тиімділік. Пациент дәлелді медицина принциптеріне және тексерудің тиімді әдістеріне және белгіленген стандарттарға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне негізделген ем алуы тиіс.

2) қауіпсіздік. Емдеу емделушіге барынша қауіпсіз болуы қажет. Пациент үшін қауіп-қатер пациенттің денсаулығы мен өміріне келетін зиянның алдын алуға арналған жеткілікті шараларды қабылдау арқылы азайтылуы қажет. Медициналық көмекті көрсету кезінде белгіленген ережелерге және стандарттарға сәйкес келетін әдістер, дәрі-дәрмектер, жабдықтар пайдаланылуы керек. Пациент заңнамада белгіленген тәртіппен араласулар мен қауіп-қатерлер туралы хабардар етілуі тиіс.

3) пациентке бағыттылық. Пациенттің ерекше мұқтаждықтарын есепке алуды қамтамасыз ету және емделіп жатқан пациент емес, пациентке арналған емді іріктеу:

Пациентке бағытталған ем мынадай бес принципке сәйкес келуі керек:

пациенттің ықыласы мен қалауын есепке алу;

ақпарат, қарым-қатынас, оқыту;

тәни және психологиялық жайлылық;

отбасы және достарын қатыстыру;

емді үйлестіру және ықпалдастыру.

4) уақтылылық. Емдеуді және диагностиканың тағайындалуын күту уақытын азайта отырып медициналық көмекті көрсету.

5) жеткіліктілік. Медициналық көмекті көрсетуді белгіленген стандарттарға сәйкес толық қамтамасыз ету. Ресурстарды және қажетсіз шығындардың артық қолданылуын болдырмау.

6) қол жетімділік. Медициналық көмек пациенттің орналасқан жеріне қарамастан қол жетімді болу керек және қажеті түрде және көлемде көрсетілуі тиіс. Жынысы, жасы, тұрғылықты жері және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі сияқты пациенттің сипаттамаларының салдарынан медициналық көмек сапасы төмендеуінің болмауы

3. Медициналық көмектің сапасын басқаруға қойылатын талаптары:

1) ішкі бақылау қызметінің (аудит) болуы;

2) пациенттердің проблемаларын (шағым) олардың пайда болуына қарай сол жерде және 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешу, пациенттердің проблемаларының шешілуіне қанағаттану дәрежесін міндетті түрде сауалнама жүргізу арқылы зерделеу;

3) ұйым қызметінің сапалы көрсеткіштерін әзірлеу және талдау;

4) ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын пайдаланудың жағдайын және тиімділігін бағалау;

5) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу.

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетудің ережелерін сақтау;

7) жұмыстағы кемшіліктердің алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу;



4. Медициналық көмек көрсету нәтижелеріне қойылатын талаптар:

Ауруханаға жатқызу мақсатына жету – белсенді динамикалық байқауға айғақтардың болмауы, сауықтыру, шағын операциялық араласулардың аяқталуы, уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша тиісті құжаттарды рәсімдей отырып науқастың жағдайын тұрақтандыру.


Атырау облысында республикалық бюджет қаражаты есебінен

2010 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету

жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуға қатысу үшін өтінімдер

дайындау бойынша әлеуетті өнім берушілерге арналған құжаттамаға

4-қосымша


Тегiн медициналық көмектiң кепілдік берілген көлемi шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған

Ү Л Г І Ш А Р Т

 


__________________

(орналасқан жері)



_________ж. «___» _______________

 

Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ________________________________________________, _______________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

__________________________________________________________________ атынан (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын________________________

_________________________________________________________________________,

(меншік нысанына қарамастан, Өнім берушінің толық атауы)

_____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

__________________________________________________________________ атынан (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Тегiн медициналық көмектiң кепілдік берілген көлемi шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:


1. Шарттың мәні

1.1. Осы шарттың 1 қосымшасына сәйкес медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша Тапсырыс беруші тапсырма береді, ал Өнім беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) көрсетуге міндеттеме қабылдайды.

1.2. Шарттың сомасы ____ жылға ___________________ теңгені құрайды.

2. Есеп айырысу тәртібі

2.1. Тапсырыс беруші Өнім берушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмекке бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде ақы төлейді.

2.2. Тапсырыс беруші уәкілетті орган бекіткен медициналық-экономикалық тарифтер бойынша Өнім берушіге ақы төлеуді (шығындарды өтеуді) жүзеге асырады.

2.3. Ақы төлеу ай сайын, орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттерінің (бұдан әрі – Комитеттер) аумақтық бөлімшелері жүргізген көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.



2.4. Осы шарттың 2 қосымшасына сәйкес аванстың сомасын жоспарланатын бөлуді көрсете отырып, Өнім берушінің ұсынылған өтінімі негізінде Шарттың жалпы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аванс беруге рұқсат етіледі.

2.5. Шарттың сомасы іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемін және медициналық көмектің сапасы мен көлеміне сараптама жүргізілген кезде оның нәтижелерін ескере отырып түзетілуі тиіс.
3. Тараптардың міндеттері

3.1. Өнім беруші:

осы шарттың 3 және 4 қосымшаларына сәйкес көлемі, сатып алынатын қызметтерді суреттеу және талап етілетін сипаттамалары бойынша азаматтарға тегін медициналық көмектің кепiлдiк берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі, көлемі, көрсету шарттары туралы ақпаратты азаматтарға ұсынуға;

стационарлық (стационарды алмастыратын) көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емделген науқастардың дербестендірілген дерекқорын қалыптастыруды және тиісті облыстың (Астананың, республикалық маңызды қаланың) МАТО-ға өспелі қорытындымен күн сайын электрондық (қағаз) хабарлама арқылы беруді қамтамасыз етуге;

он күн сайын Тапсырыс берушіге шот-тізілімдерді ұсынуға;

Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуын тексеру жүргізу үшін қажетті барлық медициналық және қаржылық құжаттарды ұсынуға;

іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы Комитеттерге ұсынуға;

сатып алуды ұйымдастырушы Құжаттамада айқындайтын нысан бойынша өтініш берілген бағыттар мен мерзімдерге қатаң сәйкес аванстау қаражатын жұмсауды жүзеге асыруға міндетті.

3.2. Тапсырыс беруші:

көрсетілген медициналық көмек үшін Өнім берушінің шығындарын өтеуді уақтылы жүргізуге;

Өнім берушіні осы Шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепiлдiк берілген көлемін көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Өнім беруші:



Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемін көрсету бойынша жіберілген бұзушылық (медициналық қызметтер көлемі мен сапасының тиісінше көрсетілмеуі, тегiн медициналық көмектiң кепілдік берілген көлеміне жататын қызметтер үшін азаматтардан ақы алу) үшін;

аванстау қаражатының мақсатты және уақтылы пайдаланылуы үшін;

заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін жауапты болады.

4.2. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүзінде көрсеткен медициналық көмек көлемдері үшін шығындарын өтеуге Өнім берушіге ақша қаражатын уақтылы аударуға жауапты болады.

4.3. Өнім берушінің тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарын бұзу оған мынадай санкциялар салынуына әкелуі мүмкін: Шартты бұзу немесе Шарт сомасының __________ мөлшерінде тұрақсыздық төлемін төлеу.
5. Шартты өзгерту немесе бұзу

5.1. Осы Шарттың талаптары Тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

5.2. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар Шартты тоқтатудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.

5.3. Шарт талаптарының бұзылғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы Өнім берушіге жазбаша ескерту хат жолдай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.


6. Форс-мажор

6.1. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.

6.2. «Форс-мажор» жағдайларына Өнім беруші тарапынан бақылауға бой бермейтін, оның қателігіне немесе ұқыпсыздығына қатысы жоқ және тосын сипатқа ие оқиғалар жатады. Мұндай оқиғаларды соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар, індет, карантин сияқты жағдайларға жатқызуға болады, бірақ шектелмейді.
7. Қорытынды ережелер

7.1. Тараптардың ешқайсысының екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.

7.2. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.

7.3. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы ___________ дейін қолданылады.



Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет