Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



бет16/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Грамматикалық минимум!
Үстеу

Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін сөз табы.

Құрамына қарай




Тұлғасына қарай





Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар


Мекен

Мезгіл

Себеп-салдар

Қимыл-сын

Мөлшер

Күшейт-кіш

Мақсат

Қайда?

Қалай


қарай?

Қайдан?



Қашан? қашан-нан бері?

Неге?

Не себепті?

Неліктен?


Қалай?

Қайтіп?


Қалайша?


Қанша?

Қаншама?



Қалай?

Қандай?


Қалай?

Не мақсатпен?



Ілгері, осында

Бүгін,

түнде


Босқа, лажсыздан

Емін-еркін,

әрең


Неғұрлым, біршама

Ең, тым, аса

Әдейі, қасақана, бекерге


6-тапсырма Берілген мәтінді қазақшаға айналдырыңыз.
Дыхательная система

При регулярной физической нагрузке тренируются и органы дыхания, увеличивается дыхательный объем легких и больше кислорода поступает в легкие.

Работающие мышцы постоянно стимулируют обмен веществ, деятелность нервной системы и всех органов, не откладывается избыточный жир, повышаются защитные свойства организма.

Не забывайте, что надо заботиться о своем организме и постоянно тренировать его при помощи регулярных занятий зарядкой! Тогда ваш организм сможет противостоять различным болезням!


7-тапсырма Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.

Қосымшаларды табыңыз, атаңыз.
Дұрыс тамақтану арқылы қан қысымы көтерілуінің алдын алу!

Тамаққа жемістер (күніне 400 гр кем емес) мен көкөністерді көбірек пайдаланыңыз: картоп, сәбіз, қызылша, кәді, асқабақ, қызанақ, салат, қияр, көк пияз, ақжелкен және аскөк. Қырыққабат пен көк бұршақты асқа азырақ қолдануға тырысыңыз.

Майлы ет пен тәтті тағамдарды азырақ жеуге тырысыңыз. Тәуліктік азықта тоң майдың көлемін азайту қажет, өйткені онда холестерин көп болады. Майсыз сиыр, бұзау, шошқа етін, күркетауық, үй қоянының еттерін сіңірінен, шандырынан тазартып асып, бұқтырып немесе қуырып пісіру керек. Докторлық және диеталық шұжықтарды көп жеуге болмайды.

Астық дақылдарынан жасалған тамақтарды пайдаланыңыз (арпа, сұлы, қарақұмық, тары, күріш ботқалары). Өсімдіктерден, сүттен, жемістерден жасалған көжелер; суық қызылша сорпасын (250-400 гр) ішуге болады. Бұршақ тұқымдастардан жасалған көжені, еттің, балықтың, саңырауқұлақтың сорпаларын ішуге болмайды.

Құрамында магнийі көп (мейіз, інжір, құрма, итмұрын, жүгері, кептірілген өрік, үрмебұршақ), калийі көп (банан, қара өрік, апельсин, мандарин, қырыққабат, картоп, қызылша, қауын) және кальцийі көп (сүт, сүзбе, брокколи, арқан балық, саумалдық) тамақтарды көбірек жеңіз.

Тұзды тәулігіне 5 гр-нан артық пайдаланбаңыз.



Термин сөздермен танысайық!


Атрезия пищевода

Өңеш атрезиясы, бітеуөңештілік

Атрепсия

Қоректенуі бұзылудың ауыр түрі

Боли, некупирующиеся

Басылмайтын ауырсыну

Дыхание, агональное (искусственное)

Ақтық дем (қолдан дем алдыру)

Непроходимость дыхательных путей

Тыныс жолдарының бітелуі, тыныс түйнелісі

Образ жизни, трезвый

Салауатты өмір сүру, салауатты тірлік

Пути, верхние дыхательные

Жоғарғы тыныс (дем алу) жолдары

Рецидив опухоли

Ісіктің қайта шығуы

Скрининг

Іріктеп алу, анықтап алу тәсілі

Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Бас кеспек болса да, 
Тіл кеспек жоқ. 

Ең тәтті де тіл, 


Ең ашты да тіл
Ең жұмсақ та тіл, 
Ең қатты да тіл. 
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады. 
Тіл – буынсыз, ой – түпсіз. 
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
9-тапсырма www.google.kz, www.уandex.ru сайты арқылы тақырыпқа қатысты суреттер табу. Сурет бойынша, әрқайсысына 3 сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижесі:



Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Жеміс, көкөніс диетасы

1-ші таңғы ас: 200 г ыстық итмұрын қайнатпасы, қырыққабат, сәбіз немесе алмадан 10 г өсімдік майын құйып жасаған салат.

2-ші таңғы ас: Көкөніс езбесі, 100 г жеміс шырыны.

Түскі тамақ: 250 г вегетариандық көже, 10 г қаймақ немесе өсімдік майы қосылған көкөніс салаты, 100 г жаңғақ.

Бесіндік: Ұнтақталған сәбіз немесе қызылша, итмұрын қайнатпасы.

Кешкі тамақ: 10 г өсімдік майы қосылған винегрет, 200 г кептірілген жемістерден жасалған компот немесе шырын. Ірі тартылған ұннан тұзсыз пісірілген нан 100 г, күніне 30 г қант немесе оның алмастырушысы.
Артық болмас білгенің!

Төр төбесінде отырып теріс сөйлегеннен түңіл

Есік алдында отырып ерсі сөйлегеннен түңіл

Базар жырау.
Ат тұяғы алтын – алысқа алып баратын

Адам тілі алтын – алысты сұрап табатын



Сырым батыр.
Біреу тауып айтады,

Біреу қауып айтады,

Тауып сөйлегенге талас жоқ.

С.Мұқанов.
ТЕСТ
1. Күрделі үстеуді табыңыз.

А) таңертең;


В) кешке;

Д) күндіз;


Е) түнде;
С) түс.

2. Үстеудің неше мағыналық түрі бар?

А) 6;
В) 7;

Д) 5;
Е) 4;


С) 3.

3. Туынды мекен үстеуді табыңыз.

А) алға, әрмен;
В) парламенттен, жолға;

Д) жоғары, кері;


Е) ары-бері;
С) тыста, елде.

4. «Босқа, бекерге» сөздері қай үстеуге жатады?

А) мөлшер үстеу;

В) мақсат үстеу;

Д) себеп үстеу;
Е) сын-қимыл үстеу;
С мекен үстеу.

5. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.

А) қайдан?
В) кімше?

Д) қаншама?


Е) қандай?
С қашаннан?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет