Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



бет7/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз,

түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.

М.Шоқай.

Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені



С.Мұқанов.
Елдіктің негізгі белгісі – тілінде. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ғ. Мүсірепов.

Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.



Н.Ә.Назарбаев .




9-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге қарсы мағыналы сөздерді табыңдар.


Биік –

Тәтті –

Сау –

Кіші –

Күшті –

Жақсы –

Арық –

Ескі –

Ұқыпты-



Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Қан аздықпен ауыратын адамдарға:

  • Бақбақ (тамыры) – 5 г; жусан (шөбі) -3 г; бидай, арпа, сұлы – 20 г; андыз (тамыры) – 10 г; қазтабан (тамыры) – 5 г. 100 г қоспаны 1,5 л суға қайнатып, үстіне жалбыз немесе хош иісті өсімдік қосып, 10 минут бұқтырады. Содан кейін бал қосып, дәмін келтіреді де, тамаққа дейін

30 минут бұрын ½ стаканнан күніне бірнеше рет ішеді;

  • Құрамында темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз;

  • Ет, балық, және балапан тауық еті құрамында темір мөлшері көп;

  • Сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамында белок құнарлы болады.


Жүрекке:

  • Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүрек талмасын кетіреді;

  • Сүт қатылған шай орталық жүйке мен жүрек-қан тамыры жүйесінің әсерін төмендетеді.


11-тапсырма. Сын есімдерге тиісті зат есімдерді тауып айтыңдар. Жақсы, үлкен, сұлу, нәзік, әсем, көне, сұңқылдаған, қу, дәмді, жуас, бойшаң, тәтті, ащы, арық, аласа. Үлгі: Жақсы адам.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет