Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі


Астанада «Ана мен бала» ұлттық орталығы жұмыс жасайды



бет6/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Астанада «Ана мен бала» ұлттық орталығы жұмыс жасайды

Астанада ана мен балаларға арналған орталық ашылды. Сондай-ақ ол дәрігерлердің де ғылыми орталығына айналғандықтан, ол медициналық кластер негізінде салынған. Еуропалық сәулетшілердің жобаларымен салынған мұндай орталық Швейцарияда және Якутияда ғана бар екен.

Сауле Нукушева – Ана және балалар ұлттық орталығының президенті. Орталықта 17 бөлім бар. Мұнда іштен науқас болып туылған балаларға хирургиялық көмек көрсетіледі. Орталық компьютерлік технологиялармен жабдықталған. Мұндағы гинекология, ЭКО және педиатрия бөлімдері баланы туғаннан кәмелеттік жасқа жеткенше бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіретін әртүрлі кешендер де бар. Сондықтан ана мен бала денсаулығының ұлттық орталығы, республика аумағына ғана емес, бүкіл Орта Азия аймағына да қызмет көрсетуді көздеп отыр.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Тапсырма: «Ана мен бала саулығы – қоғамның баға жетпес байлығы» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Көршіңізбен ой бөлісіңіз. Сайттар: www.astana.kz,



www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz
Сұхбаттасайық!
4-тапсырма. Диалогқа қатысайық!
– Сізді не мазалайды?

– Мен бала көтере алмай жүрмін.

– Бала көтеруді неше жылдан бері күтудесіз?

– Бала көтеруді жеті жыл күтудемін.

– Сізге әйелдер ауруына операция жасалды ма?

– Маған ешқандай әйелдер ауруына операция жасалған жоқ.

– Сізде жатырдың ауруы болуы мүмкін. Бала көтермеудің себебі жатырдың бүгілуі немесе жатырдың түсуі болуы мүмкін. Сізге толық тексеруден өту керек.

– Жарайды. Толық тексеруден өтейін.


5-тапсырма. Берілген мәліметті түсініп оқыңыз. Өз ойыңызды білдіріңіз.
Сүт безінің қатерлі ісігі
Сүт безі қатерлі ісігінің ерте білінетін белгілері:

  • Сүт бездерінде байқалатын түйіндер;

  • Емшек ұшынан білінетін бөлінділер;

  • Сүт бездерінің біреуінде үнемі жағымсыз сезінулердің болуы;

Өзін өзі тексеру – сүт бездері ауруларының алдын алудың тиімді тәсілі:

  • Тексеру үшін етеккір циклы аяқталғаннан кейін аптаны (етеккір циклы аяқталғаннан кейінгі 5-7 күн) таңдау қажет, себебі бұл уақытта сүт бездері жұмсақ күйінде болады;

  • Қолыңызды сабындаңыз, тік тұрыңыз, оң жақ қолыңызды жоғары көтеріп сол жақ алақаныңызбен оң жақ сүт бездеріңізді қолтық астынан бастап іш қуысындағы жүйкелердің біріккен жеріне дейін басып қараңыз. Сосын дәл осылай екінші жағына да жасаңыз;

Егер сіз сүт бездеріңізден түйіндерді, ауырушылықты немесе емшек

ұшынан білінетін бөлінділерді байқасаңыз, дереу дәрігерге

қаралыңыз.
Грамматикалық минимум!
Зат есім

Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?


Тұлғасына қарай


Негізгі

зат есім


Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім

У, ат, ант, бата, құдық



Туынды

зат есім


Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім

Біл-ім, дос –тық, бора-н, тарс-ыл





Құрамына қарай


Дара

зат есім



Бір ғана түбірден тұрады

От, ара, оқушы, баспалдақ



Күрделі

зат есім


Кемінде екі сөзден тұрады

Кемпірқосақ,ата- ана, ҚазМҰУ




Жалпылай немесе жекелей атауына қарай


Жалпы есім



Біртектес заттардың жалпы атауы

Кісі, өзен, тау, шаш, су т.б.



Жалқы есім


Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы

Асан, Ертіс, Алатау




Мағынасына қарай


Деректі

зат есім



Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы

Ағаш, су, домбыра, есік,қаламсап



Дерексіз

зат есім


Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы

қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық




Зат есімнің мағынасы


1. Кісінің фамилиясы мен аттары

Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов,

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев



2. Заттың, нәрсенің

аты


Ағаш, дәптер, қалам, тас, жер, су, бидай, т.б.

3. Құбылыстың аты

Дауыл, жел, боран, қар

4. Айуандар мен жәндіктердің аттары

Арыстан, жолбарыс, қасқыр, қаз, тырна, т.б.

5. Заттық ұғымды білдіретін белгілердің аттары

Өжеттік, батырлық, ептілік, т.б.

6. Заттық ұғымды білдіретін қимылдың аты

Атыс, шабыс, жүріс, желіс т.б.

7. Мемлекет, облыс, қала, жер, су, тау аттары т.б.

Польша, Жамбыл қаласы, Көкшетау облысы


Жұрнақ

Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың 2 түрі бар: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші

Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді.

Мысалы: бала-лық, біл-ім, ойын-шық.

Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқа мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді.

Мысалы: үй-шік, сандық-ша, қала-шық.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы: жаз-у-шы-лық.

Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Олар түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: біл-ім, біл-дір, біл-гіш.

Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады.

Мысалы: кітапханалардан, оқушымын.
6-тапсырма. Жалқы, жалпы зат есімді кірістіріп, сөйлем құраңыз.
7-тапсырма. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз. Зат есімдерді табыңыз.
Шығыс-тибет медицинасы ... әлемдік өркениет ... қосқан сарқылмас қазынасы ол - алтын ине. Оны қытай ... саралап бiр жүйе... келтiрдi. Бiз... ата-бабалары... қолданған халықтық ем... ине салу... ұқсастығы бар. Қазақ халқында шертіп қан алу тәсіл... атам заман... қалыптасқан. Ине салу... орнына ағаш таяқша... жасап, адам... денесі... қадап науқасын жазған. Ғалым... адам денесінде 700-ге жуық нүкте... бар екендігін анықтаған. Бұл нүктелер 14 сызық... бойында орналасқан. Сырқат бойындағы нүктелер... алтын ине салу арқылы тән... табиғи қуат-көзін ашып, зақымданған жүйке жүйелерін тірілту... болады. Алтын ине... көмегiмен жүрек, бүйрек... болатын қан қысымын, ағза... шаршауын, ер адамдар... белсiздiг... , қант диабетiн, асқазан ауруларын, көз... көру қабілетін күшейтуге және астма, зоб, бронхит, остеохондроз тағы да басқа көптеген аурулар... емдеп жазу... болады.

Термин сөздермен танысайық!


Аборт в результате несчастного случая

Сәтсіз оқиғадан түсік түсу

Абстиненция

Абстиненция (тыйылу, ұстану, тежеу)

Абсцесс

Абсцесс, внутрибрюшной



Абсцесс, іріңқалта

Құрсақ ішіндегі абсцесс



Гетеромастия

әйел емшегінің дамымай қалуы;

еркек емшегінің үлкейіп кетуі



Деторождение

Бала туу, босану

Поверхность

Поверхность матки, пузырная



Беті, сырты, үсті

Жатырдың қуық жақ беті



Чревосечение

Құрсақты жару


Өнер алды - қызыл тіл

8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.

Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. ... Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу, бұл – сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.



Х.Досмұхамедұлы.

Нағыз түрік затты қазақ тілі – біздің қазақта.



Ә.Бөкейханұлы.

Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз



Ғ.Қараш.

Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор



М.Шоқай.

9-тапсырма . Төмендегі сөздерді сәйкестендіріңіз.

Кім не істейді?

аспаз мың бұралып билейді

тігінші телефонға жауап береді.

оқытушы қызметкерлердің жалақысын есептейді.

құрылысшы ас мәзірін әкеледі.

заңгер көлікті басқарады.

биші дәмді тағамдар даярлайды.

әнші киім тігеді

дүкенші балаларды білім нәрімен сусындатады

бастық ғимараттар тұрғызады.

хатшы азаматтардың құқығын қорғайды.

жүргізуші заттарды сатады

даяшы өлең айтады

есепші бұйрық береді.


10-тапсырма. Сөздердің қосымшаларын бөліп жазыңыз.

Үлгі: ауруханаларыңызды аурухана-лар-ыңыз-ды


  1. келгендеріңізге _____________________________

  2. кітапханашылардан _____________________________

  3. балаларыңыздан _____________________________

  4. айналасындағылармен _____________________________

  5. жазушыларыңызбыз _____________________________

  6. кітаптарымыздың _____________________________

  7. әріптестеріңізбен _____________________________

  8. дәрігерлеріңде _____________________________

  9. ғылымдағыларды _____________________________

  10. тазалықшыларын _____________________________

Пайдалы кеңес!
11-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын

түсініңіз. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.

Дәрумендер қоры

Зерттеушілер дәрумен дәрілерін ішудің орнына дұрыс тамақтану керектігін және бұл дәрумендерді табиғи жолдармен алу керектігін және жаттығуларға ауырлық қосу жөнінде мәлімдеме жасады.



A дәрумені: Иммунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сары май, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады.

В дәрумені: Бұл топтағы суда еритін витаминдер миды және нерв жүйелерін қорғайды. Бауыр, балық, шпинат, горох және мандаринде көп болады.

С дәрумені: Иммунитетті күшейтеді, инфекциялармен күреседі, тамырларды, тіс еттерін қорғайды, сперм мөлшерін көбейтеді. Цитрусты жемістерде және кивиде көп болады.

D дәрумені: Кальцийдің денеге сіңуін қамтамасыз етіп сүйектерді және тістерді қуаттандырады. Нерв жүйесін күшейтеді. Сүт, майлы балық және жұмыртқада болады.

Е дәрумені: Ағзаға, тін және клеткаларға зиянды еркін радикалдардан қорғайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Фундук, жаңғақ, қара нан және зайтун майында мол болады.

Артық болмас білгенің!

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

* * *


Ішің ауырса, аузыңды тый,

Көзің ауырса, қолыңды тый.



ТЕСТ

1. Зат есімді табыңыз.

А) жалт-жұлт;

В) қара;


Д) жеті;

Е) біз;


С) бұлт.
2. Жалпы есімді көрсетіңіз.

А) Асан;


В) Атырау;

Д) Аспан;

Е) Құнанбай;

С) Қытай.


3. Біз жақсы өмір сүру үшін асығайық. Сөйлемнен зат есімді көрсетіңіз.

А) Біз;


В) жақсы;

Д) өмір;


Е) сүру үшін;

С) асығайық.


4. Күрделі зат есімді табыңыз.

А) орындық;

В) кесе;

Д) тақта;

Е) гүл;

С) азық-түлік.


5. Зат есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) не істеді? қайтті?

В) қашан? қай?

Д) қайда? қалай?

Е) кім? не?

С) қанша? неше?


7-САБАҚ. АНЕМИЯ (ҚАН АЗДЫҚ)




Сөздік!

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Жүрек - сердце

Жүрекше - предсердие

Жүрекқап - перикард

Жүрек құлақшасы - ушко предсердие

Жүректің кеңеюі - расширение сердца

Жүрек қағу - сердцебиение

Жүрек ұшы - верхушка сердце

Жүрек ырғағы - сердечные ритм

Жүректің ішкі қабығы – эндокард



Жаңа сөздермен танысыңыз!

Қан мөлшері

Қызыл түйіршік

Сырқат


Азаю

Құрамында

Таза ауа

Шамадан тыс

Ең маңызды

Бауыр


Бүйрек




2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз.

Мазмұнын түсініңіз.

.

Анемия (қан аздық)
Қан мөлшерінің, қызыл түйіршіктер саны мен гемоглобиннің нормадан тыс азаюынан туындайтын сырқат. Соның салдарынан ең маңызды ағзаларды, ең алдымен миды оттегімен және басқа заттармен қамтамасыз ету әлсірейді. Адамның түсі қуқыл тартып, бас айналады, кейде ауа жетпей, құлап қалады. Ең алдымен қанның азаюын тоқтату керек. Ол үшін құрамында темір бар дәрі ішу керек. Душ, тұзды ванна қабылдап, таза ауада да ұзағырақ жүрген жөн. Қан түзетін тағамдарды (бауыр, бүйрек, сары май, бал, ашытқы қосылған нан т.б.) жеген дұрыс.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді

теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

«Жүріс – арқылы да жүректі шынықтыруға болады екен» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сол бойынша көршіңізбен ой бөлісіңіз. Сайттар: www.astana.kz,

www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz
Сұхбаттасайық!
4-тапсырма. Диалогқа қатысайық.

Қан айналымы ағзалары бойынша

- Ауруыңыз қашан басталды?

- Ауру бір ай бұрын басталды.

- Күрсінгенде кеудеңіз ауыра ма?

- Күрсінгенде кеудем ауырады (ауырғанын сезбеймін)

- Жүрегіңіз қаға ма?

- Денеңіз қыши ма?

- Денем қышиды.

- Терлейсіз бе?

- Терлеймін (терлемеймін)

- Денеңізде бөрткен жоқ па?

- Денемде бөрткен жоқ (бөрткен болған жоқ)

- Саусақтарыңызды көрсетіңізші

- Пирамидон, аналгин, сульфаниламид дәрілерін жиі ішесіз бе?

- Аналгинді жиі ішемін (дәрі ішпеймін)
5-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып шығып, бір-біріңізбен пікір

алмасыңыздар.
Дене белсенділігі арқылы өз өміріңді ұзарт!
Дене белсенділігі жүректің алмасу процестерін жақсартып, қан ағымын ұлғайтады. Осы себеппен жүректің бұлшық еті нығайып, оның жиырылу қабілеті жоғарылайды. Тамырдағы қан ағымы жақсарғаннан кейін жүректің жұмысы жеңілденеді, бұл артериялдық қан қысымының төмендеуіне себеп болады.

Таңертеңгі гимнастика организмді тез сергітеді, күні бойы жұмысқа қабілеттілікті ұлғайтады. Жүйке және бұлшық ет аппараттарының қозғалысын, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйкелерінің іс-әрекетін жетілдіреді.

Дене шынықтыру жаттығуларының арқасында төзімділік, қайсарлық жетіледі; жүрек бұлшық етінің жиырылуы, әрекеттік жағдайы, жалпы қан айналымы жақсарады; «зиянды» гормондардың шығарылымы, қандағы жалпы холестериннің көлемі азаяды.

Бір қалыпты дене белсенділігі көптеген жүрек ауруларының алдын алады және дертті туындататын жағдайларды жояды.


Грамматикалық минимум!

Сын есім

Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

Тұлғасына қарай

Негізгі сын есім Түбір сын есім

Сары, таза, терең

Туынды сын есім Жұрнақ арқылы жасалған сын есім

Көшпелі, сөзшең, әлсіз


Құрамына қарай


Дара сын есім

Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі



Ақ, бойшаң, сары, үйсіз

Күрделі сын есім

Тіркескен немесе қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі



Ақ сақалды, қара торы, көп балалы


Мағынасына қарай

Сапалық сын есім

Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім



Сұр, қызылдау, биік, үлкен

Қатыстық сын есім

Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім



Аттылы кісі, балалы үй, өнерлі бала

Сын есімнің өзіне тән шырай категориясы бар. Олар төрт түрлі болады:



  1. Жай шырай (Положительная степень). Заттың сапа белгісін білдіріп, басқа затпен салыстырмайды.

Мысалы: биік тау, үлкен қала, жаңа қағаз.

  1. Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень). Заттардың бойындағы сапа – белгісінің артық, я кем екендігін салыстыра көрсетеді.

Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары.

а) - рақ, - рек, -ырақ, - ірек.

Мысалы: бойшаңырақ , күштірек, тазарақ..

ә) - лау, -леу, - дау, - деу, - тау, - теу.

Мысалы: кішілеу, сарылау, күреңдеу, ақшылдау, көктеу, таныстау.

б) - ғыл, - ғылтым, - ғылт, - ғыш, - шыл, - шіл, - шілтім, - шылтым, - шілтім, -ақ, - қай.

Мысалы: бозғыл, бозғылт, сарғылтым.

3. Күшейтпелі шырай.(превосходная степень) Заттардың бастапқы жай белгісін күшейте түсетін түрі. Мысалы: қап-қара, қып-қызыл, ұп-ұзын.

4. Асырмалы шырай. (усилительно-увиличительная степень) Заттардың бойындағы сапа белгісін асыра немесе төмендете көрсету. Мысалы: өте ара, тым үлкен, ең жақсы.
6-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай анықтап, бұларға шырай жұрнақтарын қосып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай жаса.
Тар, көк, жұмсақ, кіші, қолайлы, әлді, жуас, мықты, әдепті, ащы, жұқа, ауру, еріншек, үркек, кір, таза, тұнық, терең, көркем, салқын, жершіл.
7-тапсырма. Мына сөйлемдерден сын есімдерді тап, жасалу жолдарын

айт.

Қалалық №2 емхана қаланың қақ ортасында орналасқан. Емхана

4 қабаттан тұрады. Әр қабатта бірнеше кабинет бар. Әр бөлмесі шағын, таза, түрлі аппараттар қойылған. Қызметкерлері білімді де білгір, мәдениетті, кішіпейіл. Өз істеріне мығым. Әр маман өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайды
Термин сөздермен танысайық!


Гипергемоглобинемия

Қандағы гемоглобиннің көбеюі

Застой крови

Қан іркілуі

Застой кровообращения

Іркілуі, қанайналымның үлкен шеңберіндегі іркілісі

Охрометр

Қанның капилярлық қысымын өлшейтін құрал

Порок

Порок сердца, приобретёный



Кемістік, ақау

Жүректің жүре бара пайда болған кемістігі



Расщепление второго тона

Жүректің екінші үнінің (дыбысының) қосарлануы

Рвотакровавая

Қан құсу

Сердечно-сосудистый

Жүрек-қантамырлық

Сердце, трансплантированное

Трансплантацияланған жүрек, қондырылған (ауыстырылған) жүрек



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет