Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



бет9/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

ТЕСТ

  1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А. Ат арылту;

В. Ат сату;

С. Ат ойнату;

Д. Ат салысу;

Е. Ат ізін суытпау.

2. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.



Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.

А. Аспан;

В. Қанат;

С. Құс;


Д. Қалықтау;

Е. Анық.
3.«Полисемия» деген не?

А. Дара мағыналы;

В. Мағынасы жоқ;

С. Тура мағына;

Д. Көп мағыналы;

Е. Ауыспалы мағына.
4. «Суық хабар» сөз қандай мағына беріп тұр?

А. Көптен күткен;

В. Сүйініш;

Е. Күтпеген;

С. Қайғылы;

Д. Қуанышты.


5. Екі сөзі де тура мағыналы болған қатарды көрсетіңіз.

А) қалың қол;

В) дүниенің қолы;

Д) есіктің кілті;

Е) білім бұлағы;

С) өмір баспалдағы.


9-САБАҚ. ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ

Сөздік!
1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.


Ұйқы – сон

Ұйқысыздық – бессоница

Тынысы – дыхание

Желдетіп – проветривание



Бұзылу – разрушение

Шаршайды – утомляться

Дөңбекшу – беспокоиться



2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын

түсініңіз.
Ұйқысыздық

Ұйқысыздық, ұйқының қашуы. Ұйқы қашқанда адам көп уақыт ұйықтай алмай, дөңбекшіп жатады. Ал ұйықтаған кезде ұйқысы бірнеше рет бөлініп, жөнді демалмайды. Соның салдарынан көңіл-күйі бұзылады, қан айналысы бұзылып, тынысы тарылады, тез шаршайды. Дені сау адамның өзі қалжырап, дел-сал күйге түседі. Ұйқы дұрыс болу үшін бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұруы керек. Таза ауада көбірек дем алған дұрыс. Ұйықтардан бұрын бөлмені желдетіп алуы керек. Тамақты жатардан 3-4 сағат бұрын ішкен жөн. Әбден тоя ішкен зиян. Қою шай, ішімдік, кофе мүлде зиян.


3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді

теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Сұхбаттасайық!
4-тапсырма. Диалогқа қатысыңыз.


    • Сізді қай жеріңіз мазалайды?

    • Түнгі ұйықтауым нашарлап кетті.

    • Қашаннан бері нашарлады?

    • Бір аптадай болды.

    • Бұрын сізде бұндай болды ма, әлде бірінші рет пе?

    • Болған жоқ.

    • Бұған себеп болатын сізді уайымға салып жүрген басқа жағдайлар жоқ па?

    • Уайымдайтындай жағдай болған емес.

    • Сізге толық сараптамаға жасайық, нәтижесіне қарай ем берейік.

    • Жарайды.


5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді оқып шығып, бір-біріңізбен

пікір алмасыңыздар.

Қимыл белсенділігі –күн бойына сергектіктің қуаты!

Қимыл белсенділігі – артериялы қысымның көтерілуінің алдын алу және емдеуіндегі маңызды компоненті. Күніне 3 рет 30-40 минуттан денешынықтыру жаттығуларын жасаса, ол үміт еткен мақсатқа жетуге- артериялы қысымның төмендеуіне көмектеседі.

Емдік денешынықтыру организмдегі барлық физиологиялық процестердің өтуін ретке келтіріп, оның тіршілік әрекетін жақсартады. Организмнің қуатын арттырады. Тұлғалық жаттығулар жүректің алмасу процестерін жақсартып, қан ағымын көбейтеді. Осы себептен жүректің бұлшық еті нығайып, жиырылу қабілеті артады. Тамырдағы қан ағымын жақсарту арқылы жүректің жұмысы жеңілденеді де, артериялы қысым едәуір төмендейді.

Таңертеңгі жаттығу ағзаның жұмысқа қабілеттілігін тез көтереді және күні бойы сергектенуге көмектеседі.

Тұлғалық жаттығуларды жасамас бұрын дәрігермен ақылдасыңыз. Ол сіздің жеке тұлғалық даярлығыңызға байланысты тиісті жаттығулар жайында кеңес береді.



Грамматикалық минимум!




6-тапсырма. Мақал-мәтелдің мазмұнын айтыңыз.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.


7-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріп, оларды

сөйлем ішінде келтіріп, түсіндіріңіз.

Мұрнының астын көрмеу, опық жеу, қытығына тию, сай-сүйегі сырқырау, кірерге тесік таппау, көзі ашылды, ит терісін басына қаптау, жүрегі алып ұшты, екі аяғын (өкпесін) қолына алу, бармағын тістеді.


Термин сөздермен танысайық!

Агрипния

Ұйқысыздық (ұйқы қашу ауруы)

Вещества, питательные

Қоректік, жұғымды заттектер

Вздох

Күрсіну, демін күрсініп алу

Дефицит, иммунный

Иммунитет тапшылығы

Инъекция внутриартериальная

Артерияға дәрі жіберу (құю)

Сомнамбулизм

Ұйқылы күйінде тұрып жүріп кету

Сомнолентность

Ұйқышылдық

Сон, глубокий

Терең ұйқы


Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз,

түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Танылмаған адамды таныстырған – қызыл тіл,

Сөйлемеген адамды сөйлестірген – қызыл тіл,

Айырылысқан жақынды табыстырған – қызыл тіл,

Ақын менен ақынды жарыстырған – қызыл тіл.



Айтыстан.
Тіл – табиғаттың адамзатқа сыйлаған баға жетпес байлығы.

С.Ахметов.
Ми ойлағанды тіл тындырады.

Мақал.
Қылышынан қан тамған батырды

Тілінен бал тамған ақын алады.



Халық даналығы.




9-тапсырма www.google.kz, www.уandex.ru сайты арқылы тақырыпқа қатысты суреттер табу. Сурет бойынша, әрқайсысына 2 сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижесі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет