Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



бет10/18
Дата31.01.2018
өлшемі5,88 Mb.
#36818
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.

Ұйқысыздықтың емі

Сасықшөп (шөбі) – 40 г; ақшайыр (шөбі) – 40 г, шүйіншөп (тамыры мен тамырсабағы) – 10 г; көкбұта (шөбі) – 40г; екі ас қасық қоспаны 0,5 л қайнаған суға салып, жалынпеште (духовка) бұқтырып қою керек. Сүзіп алып, ¼ стакан мөлшерінде күніне 3 рет, соңғысын ұйқыға дейін 30 минут бұрын ішеді. Бұл ұйқысыздықтан жүйке жүйесі шектен тыс қозғанда сабасына түсіреді.






11-тапсырма. Сөйлемді тауып оқыңдар.

Мына дөңгелекке қазақтың аса әйгілі адамының шығармасынан бір сөйлем жазылған. Оны сағат тілінің бағытына қарай үнемі екі сөзден қалдыра отырып оқу керек.

Сонда ол қай сөзден бастап оқылу керек?

Бұл –кімнің шығармасынан алынған, қандай сөйлемдер?


Артық болмас білгенің!


Маңайдағыларды бағындыруға, біреуді өзіне тәуелді етуге тырысу – демікпеге әкеп соғады. Сондықтан қасындағыларға ерік бер, әркім өз бағыты, ынта-ықыласымен тірлік кешсін.


Денің сау болса,

Жарлымен деме.

Жолдасың көп болса,

Жалғызбын деме.


Ұйқы – тынықтырады,

Жұмыс – шынықтырады.


ТЕСТ
1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Сары торы;


В) Доңыз деген қандай жиіркенішті;

Д) Сүт тез қайнаса ше;


Е) Әкем картопты алды;
С) Келетін болса, хабар бер.
2. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А) Сен менен аулақ жүр;

В) Біреу көп үшін, көп біреу үшін;

Д) Жеріміз біздің неткен бай;

Е) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды;

С) Қазір қай жерде тұрасыз.


3. Сөйлем құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

А) 2;


В) 3;

Д) 4;


Е) 7;

С) Құрамына қарай бөлінбейді.


4. Тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалатын сөйлем түрі не?

А) жайылма;

В) жалаң;

Д) атаулы;

Е) толымды;

С) толымсыз.


5. Атаулы сөйлемдер негізінен қай сөз табынан болады?

А) етістік;

В) зат есім;

Д) сан есім;

Е) еліктеуіш;

С) шылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет