Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
2-кірістірме. тМд-ның басқа елдерінде және балалар мен жастардың тыныс-
тіршілігі мен денсаулықтарындағы шектеулер қызметінің халықаралық
жіктелімінде (бж Хкж) мүгедектігі бар балаларға қатысты пайдаланылатын
анықтамалар
Өзбекстан Республикасы
Өзбекстан Республикасында балалар мүгедектігіне берілген ресми анықтама «Бала
құқықтарына берілген кепілдіктер туралы» Заңда қарастырылған, мұнда мүмкіндіктері шектеулі
бала дегеніміз – «физикалық, ақыл-ой, сенсорлық (сезімдік) және (немесе) психикалық
бұзылыстар салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуімен байланысты әлеуметтік көмекке,
қорғауға мұқтаж және белгіленген тәртіпте мүгедектігі бар болып танылған бала». Бұдан бөлек,
«Өзбекстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң мүмкіндіктері
шектеулі адамдарды былайша анықтайды: «физикалық, ақыл-ой, сенсорлық (сезімдік) және
(немесе) психикалық бұзылыстар салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуімен байланысты
белгіленген тәртіпте мүгедектігі бар бала болып танылған және әлеуметтік көмекке, қорғауға
мұқтаж адам». Сонымен, осы заң, «адамның тыныс-тіршілігінің шектелуі –
адамның өзіне-өзі
қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдар ұстау, қарым-қатынас жасау, араласу, өз мінез-
құлқына бақылау жасау, сондай-ақ оқумен және еңбек қызметімен айналысу қабілеттерін не-
месе мүмкіндіктерін толық не ішінара жоғалту» екенін анықтайды.
Түркіменстан
Түркіменстанның «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар бала
– «физикалық, психикалық, интеллектуалдық денсаулығының немесе сезім органдарының
ұзақ уақытқа созылған бұзылыстары бар, соның салдарынан қоғам өміріне толымды әрі тиімді
қатысу үшін мүмкіндіктері шектелген адам». Осындай анықтама мүгедектігі бар балаларға
да қатысты. «Халықтың денсаулығын қорғау туралы»
Заңға сәйкес, мүгедектігі бар балалар
«физикалық және психологиялық даму кемістіктері бар, сондай-ақ денсаулығында тұрақты
бұзылыстары бар балалар» ретінде анықталады. Сөйтіп, «Білім беру туралы» Заң мүгедектігі
бар балаларды «денсаулығы шектеулі, яғни мүгедектіктің физикалық және психологиялық ны-
сандары бар азаматтар» ретінде анықтайды.
Қырғыз Республикасы
Қырғыз Республикасы жуықта «мүгедек» сөзін «денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі адам»
сөзіне сілтеме жасай отырып, ауыстырды. Мұндай ережелер Қырғызстанның , ең алдымен, адам-
ды, одан кейін мүгедектікті қарауды мойындайтын «Денсаулықтарының мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың құқықтары мен кепілдіктері туралы» жаңа Заңында сипатталады. Сонымен бірге
басқа заңнамалық нормалар терминологиялар мен анықтамаларда көптеген нұсқаларды пай-
даланады. Мысалы, Балалар туралы кодекс (2012 ж. жаңа нұсқасы) мүгедектігі бар балаларды
«денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі» балалар ретінде анықтайды – «физикалық және (немесе)
психикалық кемшіліктерінің салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуіне
алып келетін аурулармен,
жарақаттардың немесе кемістіктердің салдарларымен байланысты денсаулығының бұзылыстары
бар және оларды әлеуметтік қорғау қажеттілігін тудыратын балалар». Медициналық-әлеуметтік
сараптама комиссиясының ережесі денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «еңбекке
жарамсыз азаматтар – 16 жасқа толғанға дейінгі балалар және денсаулығының мүмкіндіктері
шектеулі адамдар, сондай-ақ зейнеткер жасына жеткен азаматтар» ретінде анықтайды.
Тәжікстан Республикасы
Тәжікстанда «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң мүгедектікті «денсаулығының на-
шарлауына және организм функцияларының төмендеуіне байланысты адамның өмірлік
тыныс-тіршілігінің шектелу деңгейі» деп анықтайды; мүгедек – «адамның күнделікті қызметін
шектейтін аурудың, жарақаттың, физикалық немесе ақыл-ой шектеулерінің салдарынан
оның денесінің қызметін әлсірететін және адамды әлеуметтік қорғаудағы мұқтаждыққа алып
келетін, денсаулығында айтарлықтай қиындықтары бар адам; мүгедектігі бар бала – он сегіз
жасқа толмаған мүмкіндіктері шектеулі бала».
17
құқықтар мен қадір-қасиеттерге ие «субъект»
ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді (БҰҰ,
2008 ж.).
Қазақстан Республикасында Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік
мәселелері бойынша үйлестіруші орган болып
табылады. Оның үстіне,
нақты қолданыстағы
заңнамалық актіге байланысты түрлі
мекемелердің мүгедектікті қалай анықтайтынына
қатысты айырмашылықтар болуы мүмкін. Сөйтіп,
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» Заң (2005 жылғы
13 сәуірдегі № 39-III) мүгедектігі бар бала-
ны «тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны
әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын ау-
рулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан,
кемiстiктерден организм функциялары тұрақты
бұзылып, денсаулығы бұзылған адам» ретінде
анықтайды. Бұдан бөлек, осы заң мүгедектігі бар
балаға «тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны
әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын
аурулардан, жарақаттардан, олардың салда-
рынан, кемiстiктерден
организм функциялары
тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз
жасқа толмаған адам» деп анықтама береді.
Басқа заңдарда, мысалы, әңгіме мүгедектігі
бар балаларға арналған медициналық
қызметтер туралы болған кезде басқаша
анықтамалар бар. «Мүмкіндіктері шектеулі
балаларға әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету
туралы» Заң (2002 ж. 11 шілдедегі № 343-II)
мүмкіндіктері шектеулі балаларды «белгіленген
тәртіпте расталған физикалық және (немесе)
психикалық кемшіліктері бар, туа біткен, тұқым
қуалаушылық, жүре біткен немесе жарақаттан
пайда болған аурулардың салдарынан тіршілік-
тынысы шектеулі он сегіз жасқа дейінгі бала-
лар» деп анықтайды.
Мұндай анықтамалар әсіресе мүгедектіктің
әлеуметтік моделі
аясында біршама ескірген
секілді көрінеді. «Мүгедек» немесе «мүгедектігі
бар бала» термині мүгедектіктің медициналық
моделіне сүйенеді. Шын мәнінде, «Қазақстан
Республикасындағы мүгедектерді қорғау
туралы» Заңның 2-тарауы мемлекеттің
«мүгедектерді» әлеуметтік қорғау жөніндегі
саясаты: (i) мүгедектіктің алдын алуға,
(ii) мүгедектерді оңалтуды қоса алғанда
әлеуметтік қорғауға, (iii) мүгедектерді қоғамға
интеграциялауға шоғырландырылғаны тура-
лы айтады. Бұл мемлекеттің мүгедектігі бар
адамдарға/балаларға қатысты міндеттерін
анықтаудағы оң құбылыс болғанымен, ол со-
нымен қатар мүгедектігі бар адамдардың/
балалардың стигмаға ұшырауына және олар-
ды оқшаулауға
қатысты терминологияны пай-
далануда әлі де болса кездесетін бірқатар
мәселелерді көтереді. Неғұрлым нақтырақ
айтсақ, мұндай тіл әлі де болса өз алдына
медициналық модель бойынша мүгедектікті
«түзеу» қажеттігін атап көрсетеді.
Қазақстан басқа ТМД елдерімен қатар
медициналық модельден Мүгедектер құқықтары
туралы конвенцияның 1-бабында мазмұндалған
әлеуметтік модельге сәйкес адам құқықтары
негізінде мүгедектікке көзқарасқа көшу бой-
ынша өзіне міндеттемелер алды (ЮНИСЕФ,
2013 ж.). Заңнама тұрғысынан алғанда, бұл
«мүгедектер» немесе «мүмкіндіктері шектеулі
Балалар мен жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының
қызмет етуін және
шектелуін бағалаудың халықаралық жіктелімі
Балалар мен жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының қызмет етуін және шектелуін
бағалаудың халықаралық жіктелімі (БЖ – ҚХЖ, 2007 ж.) ДДСҰ ҚХЖ-ге негізделген және
балалардың мүгедектігін анықтауда әлеуметтік аспектіні енгізу ісінде алға жасалған қадам бо-
лып есептеледі. Балалар мен жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулығының қызмет етуін және
шектелуін бағалаудың халықаралық жіктелімі (ҚХЖ) денсаулық сақтау саласындағы және ара-
лас салалардағы жіктелім болып табылады. Бұл жүйе әлеуметтік кедергілерді неғұрлым кеңірек
мәнмәтінде қарастыру тұрғысынан алғанда денсаулық пен мүгедектік мәселелерін қарастыру үшін
түсінікті болып табылады. Елдер мүгедектіктің медициналық моделінің орнына әлеуметтік модель-
ге артықшылық бере отырып, мүгедектікке берілетін жергілікті анықтаманы жақсарту үшін мұндай
жүйеге иек арта алар еді. Шын мәнінде, БЖ – ҚХЖ балалардағы бұзылыстың болу аспектілерінен,
сондай-ақ бұл бұзылыстардың қоғамдық өмірге қатысуына және араласуына ықпалынан тұрады
(ЮНИСЕФ, 2013 ж.). Ол төрт саланы қамтиды: дененің құрылымы (мысалы, органдар, аяқ-қолдар),
организмнің қызметі (мысалы, есту, жады), қызметтің шектелуі (мысалы, жүру, киіну) және
араласудың шектелуі (мысалы, басқа балалармен ойнау, қарапайым функцияларды орындау).
Достарыңызбен бөлісу: