Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет101/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
205 
тілеуге түскен кісі ғой. Немересін баулып отырған өзі екен. Бірақ ақ сүті 
ақталыпты» - десіп бір қойысатын. Баласына өзі еріп барып, жөн-жосықты 
үнемі айтып, талмай еңбек еткен үлгілі ана Ұлжанды да мақтасатын. Бұл 
әңгіменің бәрі де Абайлар ұйқтап жатқан шақтарда, Зеренің аулына жан-жақтан 
ағылып келіп жатқан-ды. Тіпті Көтібақ, Жігітек, Бөкенші жайлауларынан 
келген бөгде кісілер де осындайды айтып келді. Көкшені аралап, Бақанасты 
бойлап жүріп қайтқан Қаратай да қостап келді. Қазбаланың бойындағы 
Бөжейдің өз аулдарынан тараған хабар да сондай екен. Бақанас, Байқошқардың 
аяқ жағын жайлайтын дуаны басқа Керей де тегіс солай естіпті. Абай мен 
Ербол үшінші күні тұрып ап, өзен бойына барып, ұзақ жуынып шешелер үйіне 
шайға келген еді. 
Зере немересін өз қасына шақырып ап, қатар отырғызып, алдына шайын 
ұсынды да: 
- Айналайын, қоңыр қозым, - деп, арқасынан қағып, маңдайынан иіскеді. 
Ұлжан бір табаққа салған тоңазыған бас пен жамбасты Абайдың алдына қойып: 
- Мынау сенің адам болғаныңа арнап, шешелеріңнің атап сойған малы еді, 
жеңдер! –деді. 
Аба» таңданыңқырап сөйледі: 
- Апа-ау, бұл ненің ақысы? 
- Сенің кешегі күнгі еңбегіңе ағайын-анжы ырзалық айтыпты. Ұйқы басып, 
не білдім дейсің екеуің! Жұрт мақтап жатыр! Адам бопты дейді. Соның ақысы! 
- Тәйірі еңбек дейтін қай тауды құлатыппыз. Көппен бірге қонақ күткеніміз 
бе? Бірақ әйтеуір, сорлы қозының өліміне сылтау таусылған ба? Желік, Ербол, 
кел! - деп, Абай етке кірісті. 
Арада үш-төрт күн өтті. Бұл уақытта Ербол тағы да өз ауылдарына кетіп 
еді. 
Енді бүгін қозы жамырап жатқан кезде, астындағы ақсұр атын терлетіп, 
қатты жүріп кеп, дөн басында жалғыз жүрген Абайды тапты. 
Жолдасының асығып келгеніне Абай бұл жолы жақсы үмітпен қарады. 
Талайдан бері Тоғжан жақтан Абайға тәуір сәлем әкеле алмай жүрген 
Ербол, қазір де сөз бастамай тұрып, әуелі Абайдың басындағы тымағын жұлып 
алды да: 
- Шүйінші! - деді. Екеуі де іштерімен танысып, күлісіп жіберді. 
- Жол болайын деп тұр, не қыласың! - деп, Ербол демігіп күліп тұрып: - 
Сүйіндіктің кіші баласы Әділбек бүгін қайнына жүрді. Ұрын кетті. Қасына 
Сүйіндік, Асылбек - бәрі де ере кетіпті. Көптен бір сөйлесе алмай жүр ем. 
Әділбек сезіктеніп ап, мені жақтырмайтын болған соң, Тоғжанның өзі түгіл 
жеңгесіне де жолай алмадым ғой. Ал бүгін түсте барып, Асылбек отауында 
қымыз ішіп отырып, жеңгемен әбден кеңестім. Тоғжан сені сағынып жүр. 
Қайта-қайта аузына ала береді дейді. Оның үстіне жақсы атағың елге жайылып, 
мақтаушы жұрт екеумізге көп болысқан білем. Осы өңірдің жасында Абайға 
тең жігіт жоқ қой деп, жеңге мен қайын сіңлісі қоса мақтасыпты. Енді, өлген де 
бір, тірілген де бір. Дәл осы күндерде барып, көздеріне бір көрінші. Соған 
келдім. Барлық жайды жолда сөйлесеміз. Тез ат алғыз да бірге жүр! - деді. 
Байлау осы. Абай қатты толқып, қуанып кетті. Екеуі ымырт жабыла 
бергенде, Бөкенші жайлауы - Жәнібекке тартты. 


 
206 
Абайдың мінгені ақжал, сары жорға ат. Ерболдікі ақ-сұр. Екеуінің шапан
тымақтары да сұрғылт түсті. Жер-қылаң мінген қылаңнан киген екі жігіт кешкі 
салқынмен есіп жүріп кеткенде, кер бетеге, боз көденің арасынан зорға 
көрінгендей. Түстері де, жүрістері де көзге түспен, ұрлана жүруге бейімдеп 
апты. 
Қара адырдың сыртымен жүрсе, жолшыбай ел қалып, көзге түседі. Екі жас 
жігіттің мезгілсіз, түнделетіп жүргені сезікті көрінеді. Сондықтан бұлар 
Тезектің Қарашоқысын бауырлап, жазықпен тартты. Жол қашаңдау келетін 
болды. Бірақ оны есеп қылмай, асыға жүріп, ақжал аттың қатты жорғасымен 
келеді. 
Аздан сон ай туып, аса бір тынық, жым-жырт, жайлы түн жылжып келді. 
Ақ дала, алыс адырлар жеңіл, көкшіл тұманға батып, түн жібегін оранғандай. 
Момын, сұрғылт, елсіз дүние мұңға бейім. 
Биік көк жапанда жалғыз жүзген жүдеу реңді жарты айға қарап, Абай 
күрсініп кояды. 
Тоғжанды ойласа, Абай көңілі де бұл шақта арылмас мұңмен жүдейді. 
Тіршілік бұны жігіт етіп өсіріп, жастық дәуренінің таңы атқан шақта, сол 
аспанның асыл, әсем нұры бұл үшін Тоғжан боп танылып еді. 
Кіршіксіз таза көңілдің бар қиялы осы ғана. Бірақ, екеуінің арасына өмірдің 
үлкен бөгеттері, қарсылығы кеп төнді. Алаңсыз тілек, аласыз көңіл созып еді. 
Болмады! Бұның аяғында тұсау, оның басында ноқта. Енді міне, екеуін қақ 
айырған еріксіздік үстінде, бұлардың жүректері ғана бір-біріне талпынып 
ұмтылады. Бірақ шынжырларын сезіп, шерлі мұңмен өксік өкінішпен 
ұмтылады. 
Қарқаралыдан қайтқан соң, Тоғжанға бір сәлем жолдап, көріспекті тілеген. 
Соған Тоғжан шыдамапты. Амалсыз ренішпен қиналып отырып: 
- Көрісерлік не бар? Нені тілеп көрісеміз? Өзі соны сезбей ме? - деп, 
жүрегіне түскен қаяуын сездіріпті. 
Соған Абай ем таба алмады. 
Рас, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ. Бірақ ендігі өмірге тағдырындай 
көніп қайтты. Тоғжанның да Мәмбетейде атастырған күйеуі бар. Жалғыз-ақ, ол 
бар екен деп, Тоғжан да ынтығып тұрған жоқ. Қайта, Абайды сүйгелі, өзінің 
қайын жұртын ойламауға тырысатын. Жүрегі үркіп, жатырқап жүретін. 
Абай, бірақ қайындап кетті. Енді қайтып көрсетпестей қиын белден асып 
кетті. Тоғжан сол күндерде оңашада көп жылаған, жүдеп қалған. 
Қатты жүрген жігіттер ел жатар кезде Жәнібектің тұсына тақады. Жалғыз-
ақ, жұрт жатып қалды, көрісудің орны болмас десіп өкініп келе жатқан. 
Жәнібектің кең шалғынды мол өлкесінің екі жағасы биікше сарқабақ 
болатын. Соның батыс жақтағы бір беліне кеп шыға бергенде, Абайдың құлағы 
алыстан талмаурап келген әнді шалып қалды. Ербол да естіпті. Дәл жотаның 
өзіне шығып, екі жігіт аз тоқтағанда, ән айқынырақ жетті. Қосылып салған ән 
екен. 
Күзетші әйелдердің әні сияқты. Жолаушылар таубасына бөгелмей ойға 
қарай құлады, ұзақ кең өлкенің бойы жыпырлаған ауылдар. Қораларының 
орталарында, үйрім-үйрім көбіктей боп, қалың-қалың қойлар жатыр. Оттар 
өшкен, елсіз, жайын аралда қатар-қатар тізілген қаз, үйректің ұяларында, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет