Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет26/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
53 
солармен кетті. Байсал мен Құнанбай бұл арада енді тұра алмай, үндемей 
томсарған күйлерінде сырт айналып кетіп еді. Құнанбай өз ішінен: «жаңағы 
сөзді оғат айттым-ау, қап! - деді. Бірақ, Байсалға да сыр бсрген жоқ. Қайта, 
Бөкеншінің мына мінезіне сылтау іздеп, өзінше соны таптым деді. 
- Құтыртқанның кім екенін көрдің ғой! Шымбайына батқан соң, 
шыңырауда жатқан сырын айтқанын көрмеймісің? Қолтығына дым бүріккен 
Бөжей. Анық Бөжей. Тобықты ішінде мені тосқан қанды қақпан сол болмақ қой. 
«Береке-береке» дейсін. Кінә кімде? Көрдің бе! - деп, Байсалға қадала қарап 
алды да: 
- Бірак, кұдай ақта, көріп-ақ алармын! - деді. Аздан соң Байсалға құпиялау 
қып: 
- Сен Сүйіндік пен Сүгір, Жексен үшеуіне айт, көп-ті қоздырмасын! 
Бассын! Шыңғыстың қай тұсына орнықтырсам да, ол үшеуінің сыбағасы олқы 
емес. Өкінбесін! Өкіндірмеймін! Осы сертіме сенсін! - деді. 
Олжайдың алғашқы орнында қалған жиынының ортасында тұрған 
Майбасар болатын. Ол тұмсық асып шапқылап жылап бара жатқан 
Бөкеншілерге карап: 
- Уай, жарандар! Бұл түстен кейін маңырайтын ақсақ қой дейсіңдер. Тіпті 
ол емес... Мына Бөкенші екен ғой түстен кейін маңырайтын. Көктемде өлген 
Кодарға күземде кеп сүйекші болған кімді көрдің? Мұны көрген кім бар 
десеңші, - деп, қарқ-карқ күлді. 
Көктемде Қодардың сүйегіне жан жоламай кеткенде, Жәмпейіс пен 
Әйтімбет қойшы ғана кеп жоқшы боп еді. Жексен ол күні өз аулының қатын-
баласын: «неге жылайсың, көзің ақсын!» деп шетінен бықпырт тигендей сабап, 
Қодар өлігіне жолатпай қойған. Жәмпейіс пен Әйтімбетке, солардың өзіндей 
қойшылар, жаны ашыған кедейлер ғана болысқан. Соның барлығы екі өлікті 
Құтжан бейітінін басына апарып, зар қағып жылап, жоқтап жүріп, таза арулап 
қойып еді. 
Қазірде Құтжан бейітінің екі жағындағы жаңа қабырлар Қодар мен 
Қамқанікі болатын. 
Бөкеншінің барлық азаматы шапқылап ат қойып кеп, осы бейіттің үстіне 
шұрқырап, жылап түсіп жатты. Сүйіндіктер тобы келместен бұрын бейіттердің 
басында 3-4 қана адам отыр еді. Ол - Жәмпейіс, Әйтімбет және бір-екі басқа 
қойшы болатын. 
Жаз бойы келе алмай, бүгін көшпен жетіп, ең алғаш еске алып, құран оқып 
отырған солар еді. 
Кейін осылардың үстіне шулап келген нөпірді көргенде, мына кәрілер таң 
болды. Жылағанның ішінде Сүйіндік бар. Ол бір жұмбақ. 
Әсіресе, бұларды қайран еткен Жексен мен Жетпіс... Екеуі де үш қабырды 
кезек-кезек құшақтап: 
- Кеше гөр, арысым, кеше гөр! 
- Ағакем, кеше гөр! - десіп кеп зар-зар етеді. Көздерінен шын өкініш 
жастары ағыл-тегіл шығады. 
Бірақ Жәмпейістің жүрегі жылыған жоқ. Ол Қодар мен Қамқаның 
қайғысынан осы жазда біржолата белі бүгіліп, қатты солып кетіп еді. 


 
54 
Қамқаның бейітін құшақтағалы еңіреп келе жатқан Жексенді кеудедеп 
қойып қап: 
- Өй, қөзің ақсын, көзің аққыр өңшең!.. - деді. 
Аз уақытта үш қабырдың басына еркектер ғана емес, барлық көштердің 
әйелдері де, жас-кәрісі де үйілген еді. Қалың ел болып, зар еңіреп, улап-шулады. 

Бөкенші, Борсақ Шыңғыстан қайта серпіліп көшкенмен, Құнанбай атаған 
жаңа қыстауларға бармады. Қызылшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға жаппа тігіп 
қонды да, көшпей отырып алды. 
Бұл кезде өзге елдің бәрі де қыстау-қыстауларына жетіп, жайласқан 
болатын. Қора басына пішендерін тасу, тоңын аудару, қыс жағатын қиларын 
қалап алу, мал қораның жыртық-тесігін бүтіндеу, үй сылау, пеш түзету сияқты 
істері қыстық мекені бар елдердің бәрінің де тегіс жұмылған науқаны. 
Осындай істерден сырт қалған және қайда барары мәлім емес Бөкенші, 
Борсақ аз күннің ішінде ауған, босқан ел тәрізденді. 
Құнанбай жорға Жұмабайды Сүйіндік пен Сүгірлерге жіберіп: «Ана 
Қарауыл, Балпаң, Талшоқы бойынан таңдаған қоныстарын алсын! Және 
жайлауына көлденең Шалқарды тұтас алсын! Бірақ көпке мұрындық болмай, 
тез барып орнықсын!» деген. Шыңғыстан бір-бір қыстау алса, Қарауыл, Балпаң 
тисе және, әсіресе, жайлаудағы екі өзен жеке меншіктеріне тисе, тіпті өкініш 
жоқ. 
Осымен Сүйіндік, Сүгірлер өз есептері ұтылмайтынын білген соң, көш-
қонын ойлап, қыбырлай бастап еді. Бүгін өзге Бөкеншіге айтпастан Сүйіндік, 
Сүгір, Жексендер таң атысымен түйелерін ұстатып, арқан-жібін қамдап, 
жаппаларын да жыға бастады. Бұлар осылайша іріткімен екшелгенде, өзге 
Бөкенші, Борсақтан жиырма-отыз кісі атқа мінді. Ендігі жиын - шаруа жиыны. 
Араларында зор денелі, орта жасты Дәркембай бар. 
Ол Қызылшоқының шеткі қонысында отырған Жексен аулына келді де, 
Жексен мен Жетпісті шақырып: 
- Елді тастап, бас сауғалап, қайда барасын түге? Тапжылма! Көшпе! Не 
көрсең, бірге көресін! Жықпа жаппаңды! - деді. 
Жексен қарсыласа алмады. Жалғыз-ақ қиялап: 
- Жандарым-ау, не білгендерің бар? - дей беріп еді. 
- Онан да қазір екеуің де атыңа мін! Ер бізге! Анау Сүйіндік, Сүгірге барып 
сөз байлаймыз! - деді. 
Жексен мен Жетпіс еріксіз ерді. 
Осы топ Сүйіндік пен Сүгірге де көп сөйлеген жоқ. Бұйрықтарын шолақ 
айтып, көштерін тоқтатып тастады. Сүйіндік бұлардың айтқанына амалсыздан 
бағынды да: 
- Ал, бірақ тапқан ақылдарыңды айтшы! Қылышын сүйретіп қыс келеді. 
Кемпір-шалды күркілдетіп, баланың жағынан боздағын шығарып, қашанғы 
отырамыз? Қайда барамыз? - деді. 
Дәркембайдың жауабы әзір болатын: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет