Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет80/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
162 
Соңғы күндер көбінше домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта 
беруші еді. 
Бүгін кеште де ат үстінде біраз жүріп кеп, шешелерінің үйіне кіріп, 
Ғабитхан, Тәкежан, Оспан және бірнеше малшылар отырған уақытта 
домбыраны қолға алды. Ширақ тартып отырып, бір кезде аса бір өткір 
мысқылы бар, қызық өлең айтып шықты. 
Сөзі ұнап қалды білем. Ұлжан: «Бұл кімнің өлеңі екен өзі?» деп еді. Абай 
жай, шындап қана: 
- Байкөкшенікі! Сол айтыпты! - деді. 
Өлең Байкөкшенікі емес, өзінікі болатын. 
Осы күз бойы, әсіресе, қыс түсіп, Жидебайға тамға орныққан соң, Абай 
домбыраға қатты зер салды. Біткенбай домбырашы, Тәттімбет домбырашы 
деген атақты күйшілердің тартысына салып, бұған домбыра үйрететін кәрі 
күйшілер табылды. 
Бір жағынан домбыра үйрене жүріп, Абай осы кездерде Байкөкше айтты 
деген әлденеше мысқыл, әзіл өлеңдер естіртіп қойып жүрді. Қыстауға келісімен 
Ғабитхан молда Оспан мен Смағұлды қайта жиып оқу бастаған. 
Абай солар қасында ұзақ отырып, кітап оқиды. Кейде Бабыр, Науаи, 
Аллаяр сияқтыларды оқып-оқып кеп, өзі де қағаз, қарындаш алып, соларша 
бірдемелер жазып кетеді. 
«Ғашық оты, мағшуқа» деген сарындар жетектей береді. Өзі әлі өмірінде 
сол көп естіген мағшуқамен жүздесіп, тіл қатысып, ләззат алысып көрмесе де 
көңілімен аса нәзік сезініп, дем тартады. Ұмыттырмай, айықпай, лебі тартып, 
жатқан бір ыстық жан бар. Ол - араздық, жаулық ар жағында. Кешегі төбелес, 
алыс-жұлыс атаулының ор, жырасының ар жағында қалып қойған, алыстап 
тұрған - Тоғжан. Соны көп-көп еске алады. Биылғы қыс бойында қағазға жазған 
азды-көпті өлеңінің бәрін, қорғаншақ, батылсыз жүрекпен соған арнайды. Осы 
қыста: «Әлиф деп ай юзіңе ғибрат еттім» деген бір кітапша сыпайы жыр жазды. 
«Ақ етің аппақ екен атқан таңдай» деген елеңін енді түгел аяқтады. 
Кейде Тәкежан, Ғабитхандарға домбыраға қосылып, әндетіп айтып беретін 
де болды. 
Оқта-текте үйден шықса, Абай қара-ауыз сары тазыны ертіп, қоян қуатын. 
Бірер рет Шыңғысқа, Қарашоқыға барып, Күнкенің аулында жатып, 
Құдайберді деген ағасының қасында болды. Құдайберді ерте үйленген. Осы 
қыста оның үшінші ұлы туыпты. 
Күнкенің аулы Құнанбай турасынан ертерек хабарланып тұрады. Бұрын 
аға сұлтанның кеңесі орнаған жер осы бәйбішенің аулы болатын. 
Шыңғыстың бөктерімен, бір қабат ішінде қыстап отыратын Ырғызбай да, 
өзге қалың ел де молырақ. Хабар-ошар көп болатын себебі де сол. 
Әке хабарын үй іші сұрастыра бергенде, Абай әдейі осында келіп, 
әрнәрсені естіп қайтатын. Бірақ сол хабар үшін келумен бірге, Абай Күнкенің 
әралуан, жайсыз мінезін де көруші еді. 
Құнанбай кеткелі Күнке Ұлжанға кінә таққыштап, Абайдың көзінше де 
әртүрлі сөздер айтады. Соның үлкені: 
- Мырзаның жәйі не? Не күйде жүр? Оны ойлап Ұлжан қысылмайды ғой. 
Қысылса, ағайынды, елді жиып үлкен үйді мырза бардағыдай қан базар ғып 


 
163 
отырмас па еді? Кешсе, жұрттан оқшау көшеді. Қалса Жидебайда жалғыз ауыл 
қалады. Арттағы елге ұйтқы боп, асын беріп, ерінің тілеуін тілетіп отырғанның 
орнына, өз тыныштығын сүйеді. Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде. 
Тауқымет біздің мойында! - деп жазғыратын. 
Ұлжанның атқамінер атаулыны өз аулына жия бермейтіні рас. Шыңғыста, 
қалың ел ортасында болғандықтан Күнкенің қазан асысы, қонақ шоғыры мол 
екені де рас. Қазір бұл үйдің сойысы Ұлжан үйінен көп болғанға Күнке, әсіресе 
күйінеді. Ол да күндестіктің, бәсекенің бір қиын, шытырман жері болатын. 
Мал амалсыз сойылып, жиі шығындап жатыр. Сол шығын өскен сайын іші 
ауырып, ең ақыры осы кездерде Ұлжанды абысын-ажынға да, ағайын-жақын 
үлкенге де, тіпті бала-шағаға да жамандай бергіш боп еді. 
Абай бұл шешесімен дауласпайды. Айтқанын үндемей, салқын ғана 
тыңдайды да, сол арада ұмытуға тырысады. Үйткені, шешесі, Күнке айтқанды 
оның баласы Құдайберді айтпайды. Ол әрқашан Абай келгенде қуанып қарсы 
алып, аса қатты бауыр тартады. 
Күнкенің сөздерін Абай өз шешесіне де жеткізген емес. Бірақ Қарашоқыға 
барып қайтқан сайын, үйдің оңашасын тауып, әжесіне айтып, сонымен 
ақылдасатын: Әжесі Күнке сөздерін тыңдап-тыңдап кеп: 
- Елеме ол сөзді! Қай үйдің қай жөнмен жүретінін сол білетін шығар. 
Күндестік деген сұм мінездің ызғары ғой! Күнке мен Айғыздан сондай бықсық 
шықпай жүре ме? Шешеңе айтпай-ақ қой, өзім тыямын! - деген. 
Айтқанындай Зере бір күні Ызғұттыны шақырып ап, Күнкеге әдейі жұмсап, 
жаңағыдай сөздерден тыйылсын деген. «Одан да үндемей шыдап, байының елі-
жұртын, қонақ-қопсысын сыр бермей сыпсыңдамай күтсін» деді. 
Құнанбайдың ауылдары мен ағайынының жолаушны күтуі ұзаққа созылды. 
Бұл жақтан алған он бес қыстауға Байдалы, Байсалдар таласа, қырбайласа 
жүріп, әлдеқашан қонып алған. Күз белгісіз өтті. Қыстың да тең жартысы ауып 
барады. Құнанбай қайтпай жатыр. Тек ай сайын ғана қасындағы жігіттерін 
кезек-кезек жіберіп мал алғызады. Үйлеріне әр шаруаның жөнінен сәлем 
айтады. Амандығын білдіреді. 
Өз ісінен анық берген хабары: барысымен, аға сұлтандық орнынан түсіпті. 
Енді соның арты оңай айыға ма? Тексеруден дуан жібермей жатыр деп, қысқа 
ғана белгі береді. 
Анығында Қарқаралыға жаңа аға сұлтан сайланған, Ол бұрын бір болып 
түсіп қалған Бөкей төренің нәсілі Құсбек. Бұл қайта болысымен, Құнанбайға 
жақсы қараған жоқ. Өткен сайлаудан қалған кегі бар. 
Және тегінде Баймұрын арқылы Бөжей жағын ұстанып келген кісі. 
Аға сұлтандар ауысса да, Майыр ауыспаған. Ол да Құнанбайға оң 
қарамаған кісінің бірі болатын. Осы екеуі Құнанбай ісін күзден бері созып, 
астыртын шолақ қағаздармен бірге Омбыға, көрпіске беттетіп жатқан. Тергеуді 
Құнанбайдың өзіне білдірмей, солай ауыстырмақ. Олай әкетсе, Құнанбайдың 
айдалуы да ғажап емес. 
Осы жайын бірер айда анық сезген Құнанбай Қарқаралыдағы жанашыры 
Алшынбай сияқты кісілерді іске қосты. 
Араға Алшынбай кіріскен соң, істің бетін Құсбек жеңілге саймақ боп, 
босаңси бастады. Бірақ кетіп қалған азын-аулақ қағаз бар. Омбыдан келген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет