(Т) Берілген тақырып бойынша іздену жұмысын жасау. Постер құрастыру. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Флипчарттар, маркерлер таратылып беріледі.
1-топ. Сəулет өнері туралы дереккөздерден ақпарат іздеу. 2-топ. Сəулет қнері туралы жұмбақ құрастыру.
3-топ. Сəулет өнері туралы мақалдар іздеу.
4-топ. Сынып бұрышындағы материалдан сəулет өнеріне қатысты ақпараттарды жинақтап, тізімін жасау.
Флипчарттар Маркерлер Сынып бұрышы
4 минут
(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды.
Үлгі:
сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін
«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.
Смайликтер
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)
3 минут
(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу. Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.