Microsoft Word Каз яз 1-13 послд


(Ө; Қ) «Бір сөзбен ...» тапсырмасы бойынша



бет91/143
Дата16.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#185798
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143
Байланысты:
3 сынып қазақ тілінен ҚМЖ топтамасы

(Ө; Қ) «Бір сөзбен ...» тапсырмасы бойынша сабақтағы өз іс-əрекетіне рефлексия жасап, бағалау.
Төмендегі сөздерден сабақтағы көңіл күйін білдіретін бір сөзді таңдап, өзінің іс-əрекетіне рефлексия жасап, өзін-өзі бағалайды. Парталас досына ол сөзді не үшін таңдағанын айтып, өз ойымен бөліседі.

№2 дəптермен жұмыс

1 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

№2 дəптермен жұмыс

Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға

Бағалау: Оқушылардың

Пəнаралық байланыс:

қалай көмектесесіз? Қабілетті

білімдерін қадағалауды қалай

Денсаулық пен қауіпсіздік

балаларға қандай

жоспарлайсыз?

АКТ

тапсырмалар бересіз?




Құндылықтар



















Бақылау:
Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?




Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1:
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1:
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?




САБАҚ: Қазақ тілі
ТАҚЫРЫБЫ: 40-сабақ. Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздер

МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 3

қатысқандары саны:

қатыспағандары саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.2.2.1 тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білімдер

Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздер.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

3 минут

2 минут



(Ұ) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Ненің дауысы?» ойыны. Үнтаспадан жан-жануарлардың, құстардың дауысын тыңдатып, дауыстарды шамалары жеткенше айыра білуге үйрету.


(Ұ) «Ой сергек» арқылы 4 топқа бөлу.
Топқа бөлу. Топтық жұмыс. Əрбір сөздің басқы буынын қосып, сөз шығаруға арналған сөзжұмбақ беріледі. Жасырынған сөз сол топтың аты болады.
1-топ: жылқы – Жыл;
2-топ: айбалта – Ай;
3-топ: ғарыш, сырға – Ғасыр;
4-топ: күнбағыс – Күн.

Үнтаспа

Интерактивті тақта



ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

4 минут

3.2.3.1 (МК; Ө) Мəтінді оқу.
12-жаттығу. Бос торкөздерге санның тұсындағы əріпті орналастырып, мəтіннің тақырыбын оқиды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
С У Ы Е Қ А Б Т І

Оқулық




2

6

5

3

8




























Мəтінді мəнерлеп оқып, мазмұнына талдау жасайды. Мəтіннің негізгі ойын анықтайды.



4 минут

(Т; Қ) Мəтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.
Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған
«Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мəтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мəтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай, шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді.
Мұғалім оқушылардың іс-əрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.




3 минут

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.
Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.




6 минут

(Ө; Ұ; Қ) Оқулықта берілген сұрақтарға өз көзқарасын білдіре алу білігін бағалау.
Оқушылар «Күн ұзарғанда тəуліктегі сағат саны өзгере ме?»,
«Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?», «Қожанасырдың орнында болсаң, қалай жауап берер едің?» сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын білдіреді. Мұғалім оқушылардың мəтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып

Оқулық


4

1

4

7

9
























тұрғанын түсіндірулеріне басшылық жасайды.




2 минут

Ой сергек!
Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi, Əдемiлеп əн салып.
Музыка пəнінен үйренген өздері ұнататын əнді хормен айтқызу.




6 минут

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Ұ; Қ) Берілген əріптерден сөздер құрастыру. Тапқан сөздерін жазып, мағынасын түсіндіру. Шығармашылық үзіліс.
13-жаттығу. Суретте көрсетілген 12 əріптен 21 сөз шыққанша оқиды. Ол үшін ешқандай əріпті тастамай рет-ретімен оқиды. Тапқан сөздерін жазады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
Қандай тыныс белгісін қойғанын, не себепті қойғанын оқулықта берілген үлгіге сүйеніп дəлелдейді.
Жазған сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Оқулық
№2 дəптермен жұмыс

5 минут

3.2.2.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану.
14-жаттығу. Өлеңді мəнерлеп оқиды. Өлеңде қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дəлелдейді.

Оқулық

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

4 минут

(Ө;Ж; Қ ) Сағат тақырыбына жұмбақ құрастыру. Үлгі бойынша «Сағат» тақырыбына бес жолды өлең құрастырып жазады.
Қажет болған жағдайда тірек сөздер беруге болады. Мысалы: дөңгелек, соғады, жүрек т.б.
Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты мұғалімнің басшылығымен бағалайды.

№2 дəптермен жұмыс

1 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет