Микробиология


Қараңғы өрістегі микроскоп



бет33/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Қараңғы өрістегі микроскоп. Әдістің негізінде жанына қарағанда жарық шоғы шашырайтын, қараңғы өрісте көгілдір конусты түрге айналатын — Тиндаль эффектісі жатыр. Басқаша айтқанда, нысанды жарықтың қисық сәулелерімен жарықтандырғанда, сәулелер нысанға түспей, көзге көрінбей қалады, сондықтан көру алаңы қараңғы күйінде қалады. Сол уақытта көру алаңындағы және сәулелер өтетін шеңберге түскен оптикалық әртекті жасушалар, сәулелерді шағылыстыратыны сондай, олар объективке түседі. Жарық сәулелері объективтен шығатындықтан, зерттеуші оларды қараңғы алаңда қарқынды жарқыраған күйінде көреді. Әдісті микроағзалардың тірі жасушасын зерттеуде қолданады.
Фазалық-контрасттық қондырғысы бар микроскоп. Адамның көзі әртүрлі жарық толқындарын ұзындығы (түс) және амплитудасы (қарқындылығы, контрастылығы) бойынша ажырата алады, бірақ фазасы бойынша ажыратпайды.
Фазалық-контрасттық микроскоптау әдісі мөлдір нысандарды бақылау үшін дайындалған. Ол нысан арқылы өткен жарық толқындары ұшырайтын, белгілі бір оптикалық қондырғылардың көмегімен көзге көрінетін амплитудалық өзгерістердің түрленуіне негізделген.
Зерттеу жүргізу үшін фазалық нысандардан, сақиналы диафрагма жиынтығының конденсорынан және көмекші микроскоптан (тубустың ішіндегі окулярдың орнына фазалық - контрастық оптикалық қондырғыдан) тұратын фазалық-контрасттық қондырғы (ең көп тараған моделі КФ-4) қолданылады.
Әдісті жасушалардағы контраст физиологиялық үдерістердің қатысуынсыз оптикалық жолмен жүзеге асыратын микроағзалардың тірі жасушаларын зерттеуде қолданады.
Люминесцентті, немесе флуоресцентті микроскоп. Кейбір биологиялық нысандар қысқа толқынды (көк-күлгін, ультракүлгін) сәулелермен жарықтандырғанда, оларды сіңіруге және одан да ұзын толқынды сәулелерді шығаруға қабілетті. Мұнда жасушалар сары-жасыл немесе қызғылт-сары жарықпен жарқырайды. Бұл бірінші, люминесцентті болады. Люминесцентті емес нысандарды арнайы флуоресцентті бояулармен — флуорохромдармен (акридинді сарымен, акридинді қызғылт сарымен, аураминмен, примулинмен, тиофлавинмен, конго қызылмен) өңдеуге болады және люминесцентте бақылауға болады. Бұл екінші, люминесцентті болады. Флуорохроммен боялған препараттарды қысқа толқынды сәулелермен өңдегенде люминесцентті емес орталарда: суда, глицеринде, вазелинді майларда немесе физиологиялық ерітіндіде зерттейді
Люминесцентті микроскоп жай микроскоппен салыстырғанда:
- нысандардың түсті бейнесін және контрастпен біріктіру;
- қоректік орталарда және жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларында микроағзалардың тірі немесе өлтірілген жасушаларының морфологиясын зерттеуге;
- арнайы цитохимиялық индикатор болып табылатын, әртүрлі флуорохромды таңдап сіңіретін, жасушалық микроқұрылымдарды зерттеуге;
- жасушалардың функционалдық – морфологиялық өзгерістерін анықтауға;
- иммунологиялық реакцияларда флуорохромды қолдануға және олардың аздаған мөлшерінде бактерияларды санауға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет