Микробиология


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет35/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Микробиология зертханасында жұмыс істеу тәртібі.
2. Жарық микроскоптың құрылысы.
3. Микроскоппен жұмыс істеудің тәртібі.
4. Микроскоптың түрлері.

2 зертханалық сабақ




Тақырыбы: Бактериялардың морфологиясы. Актиномицеттер
Мақсаты: Прокариот жасушаларының пішіні мен мөлшерін зерттеу. Бактериялардың түрлері. Актиномицеттер, нокардия, микобактериялармен танысу.
Қажетті материалдар: Микроскоп, спирт шамы, жабынды және заттық шынылар, спирт, фильтр қағазы, микробиологиялық ілмек, бактериялардың таза культуралары.

«Бактерия» деген түсінікпен қазіргі кезде 1600 микроағзалар – прокариоттар сипатталған. Бактериялардың көптеген өкілдері біржасушалы ағзалар, мөлшері мен физиологиялық қасиеттері әртүрлі. Пішініне қарай барлық бактерияларды шартәрізді, таяқша тәрізді, иірілген пішінді, жіпше тәрізді деп бөледі.


Шартәрізді бактерияларды – кокктар (грекше coccus –дән, шар) деп атайды, олар келесі топтарға жіктеледі:
Микрококктар немесе монококктар табиғатта жекелеген шартәрізді жасушалар түрінде кездеседі. Мысалы, Micrococcus agilisті (micro – ұсақ, agilis – қозғалғыш) айтуға болады.
Диплококктар (diploos - еселенген)- екі жасушадан біріккен шартәрізді бактериялар. Диплококктарға Azotobacter chroococcum жатады. Бұл бактерияның туыстық атауы атмосферадағы ауаны сіңіретін физиологиялық қызметін білдірсе, түрі қоңыр пигмент (chroo-қоңыр, coccus –дән, шар) синтездейтін қабілетін білдіреді.
Стрептококктар (streptos -тізбек) – жасушалардың бөліну нәтижесінде бір жазықтықта ұзындығы әртүрлі тізбектер түзетін шартәрізді бактериялар. Мұндай бактериялардың өкілдерімен сүтқышқылды ашу үдерісінде танысуға болады, мысалы Streptococcus lactis. Туыстық атауы бактерияның шартәрізді жасушаларының тізбек түзетінін, ал түрі сүтқышқылды ашуға қатысатынын білдіреді (lactis - сүтті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет