Микробиология


Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары



бет32/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018

Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары:
1. Ризоплан микрофлорасы дегеніміз не?
2. Ризосфера микрофлорасы дегеніміз не?
3. Ризоплан мен ризосфера микроағзаларын атаңыз.
4. Микоризаның қандай түрлерін білесіз?
5. Микоризаның орман шаруашылығындағы рөлі.
6. Дәнді сақтауда эпифиттік микрофлораның атқаратын рөлі.


Микробиология пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1 Зертханалық сабақ




Тақырыбы: Микробиологиялық зертхана құрылысы. Микроскоптың құрылысы және микроскопия.
Мақсаты: Микробилогиялық зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын үйрену. Микроскоптың түрлері мен микроскоппен жұмыс істеудің негізгі тәртіптерімен танысу. Микробиологиялық зертханадағы қондырғылармен танысу.


Микробилогиялық зертханада жұмыс істеу барысында келесі қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн:
1. Микробиологиялық зертханаға тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3. Жұмыста тазалықты сақтау міндетті.
4. Жұмыс үстелінде тек жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар ғана болуы тиіс.
5. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын жинастыру міндетті.
6. Электр тогына сақ болу керек. Электр жабдықтарын аудиторияда оқытушының басқаруымен ғана токқа қосқан жөн.
7. Спиртовкамен жұмыс істеген кезде абай болу керек. Спирттің оңай тұтанатын органикалық еріткіш екенін ұмытпаған жөн.
8. Химиялық реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын –ала танысып алу керек. Химиялық реактивтерді иіскеуге, дәмін татып көруге, қолмен ұстауға қатаң тыйым салынады. Зертханада шығарда қолды сабындап жуу қажет.
9. Микроағзалармен жұмыс істеу үшін алдымен микроағзалар культураларымен жұмыс істеу тәртібін біліп алу керек.
Микроскоптың түрлері. Микроскоппен жұмыс істеудің негізгі тәртіптері.
Микроскоп екі бөліктен тұрады: механикалық және оптикалық.
Механикалық бөлігіне штатив, заттық үстел, тубус жатады. Заттық үстелдің екі жағында макрометрлік винт және микрометрлік винт деп аталатын екі бұранда орналасқан. Бұл препараттағы кез – келген нысанды көру аймағының ортасына жылжытып әкелуге көмектеседі. Үстел бетінде қысып ұстап тұратын екі қысқышы (клеммасы) бар. Заттық әйнек астында штативке конденсорлық кронштейн бекітілген. Штативтің жоғары жағында тубусты ұстап тұрғыш бекітіледі, ол штативке бекітілген механизм көмегімен тубусты 50 мм тік көтеріп, төмен түсіріп тұруға көмектеседі. Бұл механизм макрометр және микрометр винттерінің арқасында жүзеге асырылады. Тубус ұстағыштың жоғары жағында өз осінен айналып тұратын револьвер бар. Оның тесігіне объективтер мен тубус бекітіледі. Тубустың төменгі жағына окулярды орнатады.
Микроскоптың оптикалық бөлігіне окуляр, объектив және жарық бергіш қондырғы жатқызылады. Жарық бергіш қондырғыға айна және заттық әйнек астына орнатылатын диафрагма мен конденсатор жатады. Конденсатор екі линзадан тұрады. Олар арқылы айнадан шағылысып келген сәуле конденсацияланып препараттың тегіс бетіне бағытталады.
Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі. Объектив металл қорапқа орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы (фронтальды) линза, оның фокустық қашықтығына объективтің үлкейткіштігі байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылады. Объектив күші ×100 болғанда иммерсиялы май қолданылады. Бұл үшін объектив пен заттық шыны арасына самырсын майы тамызылады. Сонда препарат пен объектив арасында бос жер болмайды, соның арқасында барлық сәуле сынбай объективке бірден бағытталады да, ұсақ нысандардың көрінуі анағұрлым жақсарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет