Проактиномицеттер. 1. Нокардиялар. Актиномицеттердің әлсіз дифференцияланған формалары. Олардың ауа мицелийі жоқ немесе нашар дамыған. Қоректік орталарда қамырға ұқсас (жұмсақ) консистенциялы шеттері мицелийлі колониялар түзеді. Олардың түсі де нокардия пішінді актиномицеттерге ұқсас әртүрлі болып келеді. Жас кезінде проактиномицеттер мицелий түзеді де, олар уақыт өте келе септаланады (жіпшелерде қабырғалар пайда болады) және таяқша тәрізді бөліктерге бөлінеді, әрі қарай қысқарған таяқшаларға айналады, кейде көбінесе шар тәрізді болады.
2. Микобактериялар. Бұл таяқша тәрізді, кейде бұтақталатын мицелий түзетін бактериялар. Микобактериялардың нағыз мицелийі болмайды. Колониялары қамыр тәрізді консистенциялы, пигмент бөледі. Жас культураларында шеттері тегіс емес қисайған —жұлдыз тәрізді таяқшаларды түзеді, кейде едәуір ұзын, жанама өсінділері болады. Қартайған культураларында бұтақты таяқшалар жиі бөлшектеніп, алдымен қысқа таяқшаларға, соңынан кокктарға айналады.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Бактериялар морфологиясына қарай қалай жіктеледі?
2. Шартәрізді бактериялардың қандай түрлерін білесіз?
3. Таяқша тәрізді бактериялардың қандай топтарын атауға болады?
4. Жіп тәрізді бактерияларды қайдан кездестіруге болады?
5. Иірілген бактериялардың түрлерін атаңыз.
6. Миксобактериялардың қандай өкілдерін білесіз?
7. Актиномицеттердің морфологиясында қандай ерекшеліктер бар?
8. Нокардия мен микобактерияларға сипаттама беріңіз.
№3 Зертханалық сабақ
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар морфологиясы.
Мақсаты: Студенттерді зең саңырауқұлақтары, олардың құрылысымен таныстыру және атқаратын қызметі, көбею тәсілдері туралы мәліметтер беру.
Қажетті материалдар: Микроскоп, спирт шамы, жабынды және заттық шынылар, спирт, сүзгі қағазы, микробиологиялық ілмек, саңырауқұлақтардың таза культуралары.
Микроағзалардың ішіндегі ең үлкен тобы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар өкілдерін макромицеттер және микромицеттер деп бөледі. Макромицеттерде ірі жеміс денелері бар, ал микромицеттерде олар болмайды.
Саңырауқұлақтар хлорофилі жоқ эукариоттарға жатады. Олардың денесі мицелийден, яғни, бір-бірімен шатаса орналасқан жіңішке жіпшелерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |