Микробиология


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет61/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018
Сүт өнімдерін консервілеу , глосарий по ТКП 1, 3.Технология пищевых концентратов ЛР, ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi, osnovy tehnologii pererabotki zhivotnovodcheskogo syrya, карта обеспеч Детский.конс
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Азотсіңіру дегеніміз не?
2. Атмосфералық азотты сіңіруге қабілетті бактериялар.
3. Еркін тіршілік ететін азотсіңірушілер.
4. Бұршақ өсімдіктерімен селбескен азотсіңірушілер.
5. Азотсіңіру үдерісіне қатысатын фермент.
6. Анаэробты азотсіңіруші бактерияны кім ашқан?
7. Азотсіңіру үдерісінің өсімдік шаруашылығы үшін маңызы қандай?

15 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Өсімдіктердің эпифиттік микрофлорасы.
Жұмыстың мақсаты:
1) Дәндегі КТБ санын есептеу
2) Сабан үлгілерінде зең саңырауқұлағының барын зерттеу
Қажетті материалдар: колбадағы дәндер, сабан үлгілері, таразы, заттық шынылар, зарарсыздандырылған суы (90 мл-ден) бар колбалар, зарарсыздандырылған суы (50 мл-ден) құмы бар колбалар, зарарсыздандырылған пипеткалар 10 және 1 мл, зарасыздандырылған Петри табақшалары, пробиркалар мен колбалардағы ЕПА, су моншасы, микроскоп және микроскопқа қажетті заттар.

Салмағы 5 г дәнді 50 мл зарарсыздандырылған құбыр суы және 2-3 г құмы бар колбаға салады. Колбаны шеңбермен айналдыра 10 минут шайқайды. Алынған фильтраттан 10-2, 10-3, 10-4 сұйықтықтар дайындайды. Мораның зарарсыздандырылған жеке пипеткаларымен 10 мл суспензияны алып 90 мл зарарсыздандырылған құбыр суы бар колбаға құяды. Сонан соң әр колбадан 1 мл суспензия алып сұйылтылуына сәйкес зарарсыздандырылған Петри табақшасына құяды, тәжірибе екі қайталамадан жүргізіледі. Әр Петри табақшасына 1 пробиркада ерітілген, алдын-ала 50°С дейін суытылған ЕПА құяды. Табақшаларды 30°С термостатқа қояды. 3-5 тәулік инкубациядан табақшалардағы ЕПА ортасындағы КТБ жалпы санын санайды және 1 г дәндегі КТБ санын анықтайды.


Колонияларды культуралды белгілері бойынша топтастырады. Әр топтағы колониялардан препараттар дайындайды, туысы немесе түрін анықтайды және әр топтағы бактериялар санын микроағзалардың жалпы санына қатынасын пайызбен есептейді.
Жай көзбен қарағанда саңырауқұлақ мицелийлерін көруге болатын сабақтарды зерттеуге жинайды. Сабақтардың артындағы микроағзаларға микроскопиялық зерттеулер жүргізу үшін сабақтың беткі қабатын алып, су тамшымен араластырады да, жабынды шынымен жауып, құрғақ объективтің көмегімен микроскоптан қарайды. Мицелий және жеміс түзуші мүшелерінің сипатына қарай саңырауқұлақтардың туысын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет