Микробиология


Микробиология пәнінен №1 және №2 аралық, қорытынды бақылау сұрақтары



бет63/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018
Сүт өнімдерін консервілеу , глосарий по ТКП 1, 3.Технология пищевых концентратов ЛР, ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi, osnovy tehnologii pererabotki zhivotnovodcheskogo syrya, карта обеспеч Детский.конс
Микробиология пәнінен №1 және №2 аралық, қорытынды бақылау сұрақтары

1. Микробиология пәні мен міндеттері. Микробиологияның ғылым ретінде дамуының негізгі мәселелері.


2. А. ван Левенгуктің микроағзаларды ашуы.
3. Микробиологияның қалыптасуында Л.Пастердің рөлі.
4. Р.Кох, Флеминг, И.И.Мечников, С.Н. Виноградский жұмыстарының маңызы.
5. Микроскопиялық саңырауқұлақтар және олардың құрылысындағы ерекшеліктер. Саңырауқұлақтардың вегетативті және жынысты көбеюі. Ашытқылар мен ашытқы тәрізді ағзалар микроскопиялық саңырауқұлақтардың өкілі ретінде.
6. Микроскопиялық балдырлар және қарапайымдар. Микоплазмалар.
7. Вирустар мен бактериофагтардың ашылуы. Вирустар мен фагтардың құрылысындағы ерекшеліктер.
8. Заманауи микробиологияның негізгі бағыттары.
9. Өнеркәсіптік микробиологияның дамуы, оның негізгі мәселелерінің қысқаша сипаттамасы.
10. Бактериялардың морфологиялық типтері: эукариоттар мен прокариоттар. Бактериялардың пішіні мен мөлшері.
11. Бактерия жасушасының ультра құрылымы. Жасушаның сыртқы құрылымы және олардың қызметтері: грамоң және грамтеріс бактериялардың жасуша қабығы, капсулалары, қапшықтары.
12. Бактерия жасушасының ультра құрылымы. Жасушаның сыртқы құрылымы және олардың қызметтері: фимбриялар, кірпікшелер, талшықтар.
13. Бактерия жасушасының ультра құрылымы. Жасушаның ішкі құрылымы және олардың қызметтері: цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, протопласт, нуклеоид.
14. Бактериялардың жіктелуі: спирохеталар, аэробты грам теріс бактериялар мен коктар (мысалы Pseudomonadaceae, Rhizobiaceae тұқымдастары), риккетсиялар, хламидиялар.
15. Бактериялардың жіктелуі: микоплазмалар, грамоң бактериялар мен эндоспора түзуші коктар (Bacillus мен Clostridium туыстары), микобактериялар, архебактериялар, актиномицеттер.
16. Микроағзалар мен қоршаған орта. Температура, ылғалдылық, ортаның қышқылдығы, оттегінің микроағзаларға әсері.
17. Қысымның, улы заттар мен радиацияның микроағзаларға әсері.
18. Метабиоз құбылысы және оның мәні.
19. Микроағзалардағы симбиоз және антагонизм, оларды практикада қолдану.
20. Сапрофитты және паразитті микроағзалар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің, жануарлар мен адамдардың паразиттік микроағзалармен зақымдануы.
21. Микробиология зертханасында жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі. Микробиология зертханасының жабдықтары. Микроағза культураларымен жұмыс істеу тәртібі.
22. Микроскоптың түрлері: жарық, фазалық-контрасттық, люминесценттік, электрондық.
23. Микроағзалар препаратын дайындау әдістері. Жаншылған және аспа – тамшылы препараттарды дайындау әдістері.
24. Қарапайым және дифференциялды бояу әдістері. Микроағзаларды Грам әдісімен бояу.
25. Ыдыстарды және қоректік ортаны зарарсыздандыру әдістері мен жағдайлары. Зарарсыздандыру кезінде техника қауіпсіздігі.
26. Қоректік орталардың түрлері. Қоректік ортаны дайындау.
27. Бактерияларды өсіру. Бактериялардың қатты және сұйық қоректік орталарда көбеюі.
28. Мерзімді өсіруде жасуша популяциясының өсу заңдылығы. Қисық сызықты өсу фазалары. Өсу жылдамдығын, уақытын, жасушалардың өнімділігін анықтау.
29. Өсудің тұрақтануы мен жойылуы себептері. Үзіліссіз өсіруде микроағзалардың өсуі. Өсуді математикалық есептеу.
30. Ағынды және ағынсыз культуралар. Өсудің синхрондылығы.
31. Энергия мен көміртегі көздерімен анықталатын микроағзалардың қоректену типтерінің әртүрлілігі.
32. Автотрофты (фотосинтез және хемосинтез) және гетеротрофты қоректену типтерінің сипаттамасы.
33.Қорек заттарының цитоплазмалық мембрана арқылы тасымалдануы. Энергия алудың тәсілдері.
34. Микроағзалар клеткасындағы ферменттердің жіктелуі, олардың химиялық табиғаты, қызметі.
35. Конститутивті және индуктивті ферменттер.
36. Тыныс алу – микроб клеткасының тіршілік әрекетіндегі энергия алу процесі.
37. Аэробты тыныс алу. Кребс циклі. Тыныс алу тізбегі және аэробты микроағзаларда электрондардың тасымалдану жүйесі.
38. Анаэробты тыныс алу. Нитраттар мен сульфаттардың оттегісін пайдалана отырып тыныс алу химизмі.
39. Ашу - анаэробты жағдайда энергия алудың тәсілі ретінде. Ашудың химизмі және энергиясы.
40. Гомоферментті, гетероферментті, сүт қышқылды ашу. Осы процестердің химизмі.
41. Гомоферментті сүт қышқылды бактерияларды сүт қышқылы өнімдерді алуда қолдану.
42. Қырыққабатты, қиярды және басқа өнімдерді ашытуда бактерияларды пайдалану.
43. Сүт қышқылды микробиологиялық тәсілмен алу. Мал азығын сүрлеу. Азықтарды сүрлеу әдістері.
44. Мал азығын пішендеу. Сенаждың пісіп жетілу кезіндегі микробиологиялық үдерістер.
45. Сірке, лимон және басқа қышқылдардың түзілуі. Осы үдерістердің жүруі және қоздырғыштары, оларды халық шаруашылығында пайдалану.
46. Майдың микроағзалармен тотығуы. Үдерістің қоздырғыштары мен химизмі.
47. Целлюлоза мен гемицеллюлозаның ыдырауы.
48. Лигнин, пектинді заттардың ыдырауы.
49. Бұршақ тұқымдасына жатпайтын молекулалық азоттың симбиозды фиксациясына қатысатын өсімдіктер.
50. Жапырақ түйнектері. Молекулалық азотты биологиялық фиксациясының химизмі.
51. Әр түрлі бұршақ тұқымдас өсімдіктерімен түйнек бактерияларының селбесіп тіршілік етуі негізінде топырақта азоттың жиналуы.
52. Амин қышқылдарының микроағзалармен синтезделуі. Микроағзаларды ақуыз алуда қолдану.
53. Микроағзалардың дәруменді синтездеуі.
54. Микроағза культураларымен гетероауксин, гиббереллин және басқа да дайын заттардың жиналуы.
55. Микроағзаларда антибиотиктердің түзілуі. Антибиотиктердің химиялық табиғаты. Антибиотикалық заттарды синтездейтін микроағзалар.
56. Микроағзалар синтездейтін токсиндік заттар. Микроб текті токсиндермен тамақ және мал азығының улануы.
57. Мироағзалардағы тұқым қуалаушылық. Трансформация және трансдукция. Плазмидалар.
58. Спонтанды (табиғи) және индукциялық өзгергіштік. Өзгергіштік түрлері.
59. Мутация, мутация түрлері, олардың пайда болуының молекулалық механизмі. Мутагенді факторлар және олардың әрекеті.
60. Прокариоттарда генетикалық рекомбинация: трансформация, трансдукция, конъюгация.
61. Мәдени және жабайы ашытқылар спирттік ашудың қоздырғыштары. Осы үдерісті қоздырушылардың негізгі қасиеттері. Беттік және түптік ашытқылар. Ашытқылардың оттегіге қатынасы. Пастер эффектісі.
62. Спирт өнеркәсібінде, шарап дайындауда, сыра қайнатуда және нан пісіруде ашытқылады қолдану. Спирттік ашуда глицеринді алу.
63. Май қышқылды бактериялардың моно-, ди – және полисахаридтерді пайдалануы.
64. Пектинді заттардың май қышқылды ашуы және оларды өсімдіктердің талшықты жіпшелерін алғашқы (лубоволокнитых) өңдеуде маңызы.
65. Клетчатканы ыдырататын микроағзалар. Аэробтық және анаэробтық формалары.
66. Целлюлозаны ыдырататын бактериялар.
67. Ақуызды заттардың микроағзалармен ыдырауы. Осы үдерістің қоздырғыштары.
68. Аммонификация химизмі. Аминқышқылдардың дезаминденуі. Ақуыздың және аминқышқылдар ыдырауының соңғы өнімдері.
69. Мочевинаның аммонийлануы. Уробактериялар. Мочевинаның ыдырау үдерісінің химизмі. Уробактериялардың аммиакқа төзімділігі.
70. Аммиактың топырақта жиналу жағдайлары (азоттың топырақта жылжуы және бекінуі)
71. Аммиактың азотты және азот қышқылына тотығуы. Нитрлену үдерісін тудырушы автотрофты бактериялар.
72. Топырақ құнарлығында нитрлену үдерісіне орта жағдайларының әсері. Нитраттар мен нитриттердің молеклалық азотты түзе отырып қалпына келуі.
73. Микробиологиялық және химиялық денитрлену. Химиялық денитрленуде микроағзалардың рөлі. Денитрлену кезінде топырақтағы азоттың жоғалуы
74. Бос күйіндегі азотбекіткіш микроағзалар: аэробтық азотобактерлер, майқышқылды бактериялар, ассоциациялық азотбекіткіш микроағзалар, көк -жасыл балдырлар.
75. Симбиозды азотбекіткіш микроағзалар. Түйнек бактериялар, олардың бұршақ тұқымдас өсімдіктермен симбиозы. Түйнек бактерияларының сипаттамасы, сезімталдығы, вируленттілігі және белсенділігі.
76. Органикалық қосылыстардан фосфор қышқылын бөліп алудағы микроағзалар рөлі және ерімейтін фосфаттарды еритін күйге жеткізу.
77. Темір қосылыстарының микроағзалармен тотығуы және тотықсыздануы.
78. Алғашқы топырақ түзуге қатысатын микроағзалар. Қарашірінді түзілуіне және оның бұзылуында микроағзалардың рөлі.
79. Температуралық фактор және әр түрлі топырақтық - климаттық аймақтардағы топырақ микроқоныстанушыларының әрекеті.
80. Жыртылған топырақтың әр түрлі қабаттарындағы микроағзалардың гетерогенді таралуы мен белсенділігі.
81. Тамыр және оның жанындағы өсімдіктер микрофлорасы (ризоплан және ризосфера). Ризосфералық микроағзалардың құрамын реттеу жолымен тұқымдардың егістік өнгіштігін арттыру (уландыру, бактеризация және т.б.).
82. Өсімдік микоризасы. Өсімдіктердің эндотрофтық және эктотрофтық микоризасы. Өсімдіктердің қоректенуінде микоризаның рөлі.
83. Эпифиттік микрофлора және оның құрамы. Эпифиттік микрофлораның түрлік құрамын дән сапасын бағалау кезінде пайдалану.
84. Бұршақ өсімдіктерін түйнек бактерияларымен инокуляциялау (бактеризация). «Нитрагин» және оның өндірісі.
85. «Азотобактерин» препараты. Азотобактерин өндірісі.
86. «Фосфорбактерин» препараты және оның өсімдіктерге әсері.
87. Аэробтарды өсіру әдістері. Қоректік орталар (жай, элективті, дифференциалды - диагностикалық). Табиғи және жасанды орталар.
88. Анаэробтарды өсіру әдістері (механикалық, химиялық, биологиялық).
89. Кох бойынша микробтардың шөгу әдісі. Ауа микрофлорасын есептеу.
90. Микроағзалардың таза культураларын бөліп алу.
91. Сүт өнімдерінің микробиологиясы. Сүтқышқылды бактерияларды микроскоптан қарау.
92. Май қышқылды бактериялар мен ашытқыларды микроскоптан қарау.
93. Топырақ - тірі жүйе. М.В.Ломоносовтың көзқарасы бойынша топырақ түзілу үдерісі. Топырақтанудың биологиялық бағытының дамуында В.В.Докучаев еңбегінің маңызы.
94. П.А.Костычев және В.Р.Вильямс еңбектері. ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында Ресейде топырақ - микробиологиялық зерттеулердің дамуы (С.Н.Виноградский, В.Л.Омелянский, Н.Н.Худяков, Н.Н. Буткевич және т.б. еңбектері).
95. Топырақ микроқоныстанушылардың саны мен құрамын зерттейтін әдістердің жалпы сипаттамасы. Оптикалық және электронды микроскопты қолданып топырақты тікелей микроскоптау әдістері. Капиллярлы микроскопия әдісі.
96. Микроағзаларды қатты қоректік орталарға себу. Тізбекті сұйылту әдісі. Элективті қоректік орта принципі және оны топырақ микрофлорасын зерттеуде қолдану.
97. Топырақ микроағзаларының топтық құрамының сипаттамасы.
98.Топырақ микроқоныстанушылардың биохимиялық белсенділігін анықтайтын әдістер. Топырақтағы ферменттердің белсенділігін анықтау.
99. Сақтаудың әртүрлі тәсілдерінде көңде жүретін үдерістер. Әртүрлі ыдырау деңгейінде көңдегі микроағзалардың сандық және сапалық құрамы.
100. Қи және минералды тыңайтқыштарды енгізгеннен кейін топырақтағы микрофлора құрамының өзгеруі. Қышқыл топырақтың әктенуінің микроқоныстанушылар құрамына тигізетін әсері.
101. Топыраққа азот, фосфор және калий қажеттілігін микробиологиялық әдістермен анықтау. Микроағзалар көмегімен топырақты әкпен құнарландыру қажеттілігін білу. Топырақ құрамындағы микроэлементтер қорын микробиологиялық әдіспен анықтау.
102. Егіншілікте биологиялық және техникалық азоттың рөлі.
103. Селбескен азотбекіткіштер әрекеттерінің белсенділігі. Еркін тіршілік ететін азотбекіткіштерді қолдану.
104. Фосфор қосылыстарының және басқа элементтердің микроағзалардың әрекетімен жылжу және жылжымау үдерістері.
105. Денитрленуді тежеу арқылы өсімдіктерге азот тыңайтқыштарын қолдану коэффициенттерін арттыру.
106. Гербицидтердің және басқа да токсинді қосылыстардың (пестицидтердің) топырақ микрофлорасына әсері. Микроағзалардың пестицидтерді ыдыратуы. Топырақтағы пестицидтердің ыдырау жылдамдығын анықтайтын факторлар.
107. Малдарды қоректенуінде микроағзалармен синтезделетін ақуыздардың маңызы. Азықтық ақуыз алу үшін микроағзаларды әр түрлі гидролизаттар мен басқа да өндіріс қалдықтарында өсіру. Көмірсутектерде ақуыз синтезін техникалық жүзеге асыру.
108. Азықтық мақсатта микроб текті амин қышқылдар мен дәрумендерді қолдану.
109. Судың ластануының микробиологиялық көрсеткіштері. Су арқылы инфекциялық аурулардың таралуы.
110. Суарылатын егістікте, сүзілетін егістіктерде және басқа да жасанды құрылғыларда лас суларды биологиялық жолмен тазарту.
111. Ауаның микрофлорамен ластану жолдары. Ауа арқылы жұқпалы аурулардың таралуы.
112. Картоп пен қызанақ ауруларының қоздырғыштары. Фитофтороз қоздырғыштары. Картоптың ылғалды және құрғақ шіруінің қоздырғыштары. Картоп паршасы.
113. Тамыржемістердің аурулары. Сәбіздің ақ, қара, құрғақ және сұр шірік ауруының қоздырғыштары. Капуста мен пияз аурулары.
114. Ашытылған және тұздалған жемістер мен көкөністердің микрофлорасы. Банкідегі консервілердің микробиологиясы. Ботулизм қоздырғыштары.
115. Инфекция және инфекциялық аурулар түсініктерінің анықтамасы. Инфекциялық аурулардың ерекше қасиеттері.
116. Инфекциялық аурулар пайда болуында микроағзалардың патогендігі мен вирулентілігі. Инфекция түрлері.
117. Иммунитет ұғымының анықтамасы. Микроағзалардың арнайы және арнайы емес қорғану факторлары. Антигендер және антиденелер. Жасушалық иммунитет.
118. Сыртқы ортаның нысандарын санитарлық - микробиологиялық зерттеудің принциптері мен міндеттері.
119. Санитарлық көрсеткіш микроағзалар туралы түсінік және олардың қасиеттері туралы қысқаша сипаттама.
120. Ауа, су және топырақтың санитарлық - микробиологиялық бағасын анықтаудың микробиологиялық көрсеткіштері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет