Микробиология


Гамета – көпжасушалы ағзаның репродуктивті гаплоидты жасушасы. Ген –



бет65/67
Дата20.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#154017
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
УМКД Микробиология 2018
Сүт өнімдерін консервілеу , глосарий по ТКП 1, 3.Технология пищевых концентратов ЛР, ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi, osnovy tehnologii pererabotki zhivotnovodcheskogo syrya, карта обеспеч Детский.конс
Гамета – көпжасушалы ағзаның репродуктивті гаплоидты жасушасы.
Ген – тРНҚ немесе рРНҚ функционалды ақуызын көделейтін хромосоманың транскрипцияланатын бөлігі.
Гифа - саңырауқұлақ мицелийінің жекелеген жіпшелері.
Грам әдісі бойынша бояу - грамоң және грамтеріс бактериялардың тобын идентификациялауға мүмкіндік беретін микробиологиялық препараттарды бояу әдісі. Бактерия жасушасының мембраналарының биохимиялық құрамының ерекшелігіне негізделген.
Диазотроф – азотты сіңіруге қабілетті ағза.
Екінші метаболит (Secondary metabolite) – жасушаның өсуі мен қызмет етуіне қажет емес, бірақ стационарлы фазада синтезделетін заттар.
Жеміс денесі – жынысты көбеюде спораларға немесе конидийлерге бастама беретін ірі, күрделі құрылым.
Зигоспора зигомицеттердің екі, негізінен ұқсас гифтерінің ұштарының қосылуынан тұратын тыныштық күйдегі зиготасы.
Конидий - жыныссыз көбеюдегі экзогенді спора.
Культура - in vitro жағдайында өсірілетін микроағзалардың немесе жасушалардың популяциясы.
Культуралды орта - in vitro микроағзаларды өсіруге үшін қолданылатын қатты немесе сұйық орта.
Лигноцеллюлоза – өсімдіктердің жасуша қабырғасының қаңқасын құрайтын лигнин, гемицеллюлоза және целлюлоза жиынтығы.
Лизис – лизосомаларда немесе басқа агенттерле болатын ферменттердің әсерінен жасуша қабығының ыдырауы.
Литикалық тұйық тізбек – жасушаның лизисімен аяқталатын қожайын жасушасында вирустардың көбеюі.
Мезофильді микроағзалар – 20-50 °С температурада өсуге қабілетті ағзалар. Өсуге оңтайлы температура - 37 °С.
Метаболизм – ағзаның тірішілік етуін қамтамасыз ететін физикалық және химиялық үдерістердің жиынтығы. Метаболизм өнімдері метаболиттер деп аталады.
Мицелий (бұтақталған жіптер) — гифатерден тұратын саңырауқұлақтардың вегетативтік денелері.
Муралды спора – вертикалды және горизонталды септалары бар спора (аскоспора немесе конидий).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет